А.Я. Герд жаратылыстану әдістемесінің дамуына елеулі үлес қосты. Ол, жаратылыстану оқушыларға дұрыс дүниетаным беріполарда ғылымның қазіргі кездегі жағдайына сәйкес белгілі дүниеге көзқарас қалыптастырылды, деп есептелді. 1877 жылы ол мектептегі жаратылыстану курсының жоспарын жариалады. Ол жоспар бойынша ІІ және ІІІ сыныптарда табиғаттағы органикалық емес дүниені оқыту ұсынылды. Оған тау жыныстарының, топырақтың, минералдардың қасиеттері, әртүрлі тау жыныстарының пайда болуы, вулкандар мен жер сілкінулер, рудаларды қолдану және олардан металдарды бөліп алу енді. Осылай, үш жылдың бастауыш мектепке жаратылыстануды байланысқан пәндік сабақтар сериясы түрінде екі жылда оқытуды енгізу жоспарланды. Гердтің айтуынша бастауыш мектепте жеке жаратылыстану пәндеріне орын жоқ, табиғатты оқып үйрену комплексті, ол бөлінбейтін айналадағы дүние туралы бір пән түрінде жүргізілуі тиіс. Осылайша орта мектепте жаратылыстану тарихын оқыту дұрыс деп есептелді. Өлі табиғат курсын оқытуда көптеген жылдар бойы оқытушылардың негізгі оқу құралы, оның ‘’Жер, ауа, су’’ кітабы мен оған әдістемелік нұсқауы ‘’Заттық сабақтар’’ болып келеді
Өзінің әдістемелік шығармаларында Герд бірнеше озық пікірлер айтты:
Баланың өзбетімен белсенді әрекеті сарамандық сабақтар мен танымжорықтарда (экскурсияларда) байқалады.
Мектептің тірі табиғатпен байланысы.
Табиғатты оқып үйренудегі зерттеу жұмыстары.
Бастауыш сыныптарда табиғатты оқытып үйретуді кешенді қарастыру.
Оқушылардың эволюциялық көзқарасын қалыптастыру.
Қазақ тілінен берілген білім, білік, дағдыға әрбір оқу жылының соңындағы бағдарламалық талаптар
Қазақ тілінен берілген оқушылардың білім, білік және дағдыларына қойылатын талаптар
Мысалы 2-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
1. Пәндік нәтиже бойынша 2-сыныптың соңында оқушылар білуі қажет:
1) тіл және сөйлеудің мәнін, ауызекі және жазба тілді;
2) тіл дыбыстарының дауысты және дауыссыз түрлерін;
3) мәтіннің құрылымы мен түрлерін;
4) сөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөлінетін түрлерін;
5) сөйлемдегі сөздердің байланысын;
6) сөз мағыналарын;
7) өтілген сөз таптарын, олардың сұрақтарын.
Пәндік нәтиже бойынша 2-сыныптың соңында оқушылар меңгеруі қажет:
1) сөзге дыбыстық талдау жасауды;
2) сөз құрамына талдауды;
3) өтілген сөз таптарын ажырату, талдау және оларды өзара салыстыруды;
4) мәтіндегі тірек сөздерді табуды және олармен мәтін құрауды;
5) түрлі жағдаяттарда әңгімелесу, пікірлесу, өз ойын түсінікті жеткізуді (кіммен? қайда? қашан? не туралы?);
6) өздеріне таныс заттарды, құбылыстарды салыстыру, сипаттауды;
7) 6-8 сөзден тұратын сөздік диктанты, 25-30 сөзден тұратын диктанттарды, 40-50 сөзден мазмұндаманы, 4-6 сөйлемнен тұратын шығарманы жазуды.