Сауат ашу технологиясының маңызы, лингвистикалық, психофизиологиялық негізі


Фигураның ауданы және оны өлшеу туралы түсінік қалыптастыру



бет15/36
Дата15.06.2023
өлшемі114,61 Kb.
#101593
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   36
Байланысты:
Жауаптар 2-23

Фигураның ауданы және оны өлшеу туралы түсінік қалыптастыру

Aудан (геометриялық мағынада), S - геoметриялық пішіннің екі өлшемді кеңістіктен алатын бөлігін сипаттайтын шама. Aудан - геометриялық пішіндерге байланысты негізгі шамалардың бірі болып табылады. Қарапайым жағдайда аудан пішін ішіне сиятын бірлік квадраттардың санымен өлшенеді. Ауданды жобалап өлшеу үшін планиметр құралын қолданады.
Ауданы тең пішіндерді тең шамалы пішіндер деп атайды.
Аудан ұғымы геометриялық ұғымдарға жатады. Осы ұғымның практикалық негізі фигура құрастыру және оны бөліктерге бөлу болып табылады.
Оқытудың міндеттері
1. Фигураның ауданы туралы түсінік беру және фигураның ауданын салыстырудың әр түрлі тәсілдерімен таныстыру.
2. Аудан бірліктері: см2, дм2, м2, мм2, ар, гектармен таныстыру. «Палетканың» көмегімен фигураның ауданын табуға үйрету.
3. Аудан бірліктері арасындағы қатынасты игерту және шамаларды түрлендіруге, салыстыруға және аудан бірліктерімен амалдар орындауға үйрету.
4. Тік төртбұрыш, шаршы, сондай-ақ әлдеқайда күрделі фигуралардың аудандарын табуға үйрету.
5. Ауданды табуға берілген есептерді шығару, осы шамамен берілген өзара кері есептерді құрастыру және шығару біліктерін қалыптастыру.
Оқыту әдістемесі
1. Фигураның ауданымен таныстыру.
а) Дайындық: бірінші сыныпта оқушылар геометриялық фигуралармен танысады:
Фигураны бөліктерге бөлу және фигураны бөліктерден құрастыру.
Дамытушылық сипаттағы тапсырмалар ұсынылады: неше фигура белгіленген?
Фигураларды түрлендіру:
Бір шаршы қалатындай бір таяқшаны ал. Тағы қандай фигуралар қалады? Екінші сыныпта жұмыс жалғастырылады.
ә) Үшінші сыныпта аудан ұғымы енгізіледі: әр түрлі фигуралар көрсетіледі де, оқушылар қай фигура көп орын алатынын анықтайды.
Ол үшін тақтаға әрбір фигураның контурын салып, қорытынды шығарту қажет: әр фигура тақта бетінің қандай да бөлігін алады, ол аудан делінеді.
б) Одан кейін фигуралардың аудандары салыстырылады: алдымен «көз мөлшерімен», содан соң салыстыру нәтижесі беттестіру арқылы тексеріледі.
Фигураларды беттестіргенде, олар толығымен бір-бірімен беттесе, онда олардың аудандары бірдей.
Егер бір фигура екіншісінің ішінде толығымен жататын болса, онда бірінші фигураның ауданы екіншісінен кіші болады.
Беттестіру арқылы салыстыру тәсілі әрқашан да орындала бермейтінін көрсету қажет.
Ешбір фигура толығымен екінші біреуінің ішінде ешқандай да жағдайда жатпайды.
Аудандары бірдей фигураларды табу мүмкін емес, өйткені оларды бір-бірімен беттестіруге болмайды.
Фигураның ауданын өлшеу арқылы салыстырудың жаңа тәсілін енгізу қажеттігі туындайды.
Фигураны бірдей шаршыларға, яғни шартты өлшеуіштерге бөлу.
Әр фигура неше шаршыдан құралғанын санау және олардың аудандарын салыстыру: шаршыларының саны артық фигураның ауданы артық.
Екі тік төртбұрыштың аудандарын «көз мөлшерімен» немесе беттестіру арқылы салыстыру өте қиын.
Оларды аударамыз: екінші жағы тең шаршыларға бөлінген; санау арқылы екі тік төртбұрыштың аудандары тең екендігін анықтаймыз. Осылайша оқушыларда жазық геометриялық фигуралардағы квадрат бірліктердің саны ретіндегі фигураның ауданы туралы түсінік қалыптаса бастайды.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет