Бастауыш мектепте қазақ тілін оқытудың мақсаты мен міндеттері, мазмұны Қазақ тілін оқытудағы мақсат- бастауыш сынып оқушыларын сан алуан грамматикалық формаларды қолдана білуге үйрету және соның негізінде олардың тілдерін ұстарту, сондай ақ жазу дағдыларын бекітіп, сойлей білуге баулу
Оқыту міндеттері
-қазақ тілін үйрету заңдылықтары мен әдістемелік ұстанымдары
-бастауыш сыныпта оқытылатын білім мазмұны мен оқыту жүйесі
-сауат ашу әдістемесі
-оқуға үйрету жолдары
-грамматиканы оқыту әдістемесі
-жазуға үйрету
-тіл дамыту
- шығармашылық жұмыс жүргізу
Қазақ тілін оқыту әдістемесі педагогика ғылымының бір саласы болып табылады. Ол өз алдына дербес ғылым. Өйткені
оның өзіндік зерттейтін нысаны, мазмұны, зерттеу әдістері мен тәсілдері бар.
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің зерттейтіні оның оқыту жолдары мен жағдайлары туралы заңдылықтар. Бұл заңдылықтар педагогика, психо-логия және лингвистика ғылымдарының негізінде жинақталған практикалық тәжірибе мен бұрыннан қалыптасқан теориялық қағидалардан, тұжырымдардан шығарылады. Егер нақтылап айтсақ,
оқыту әдістемесі мына мәселелерді зерттейді: 1) мақсаттары (не үшін оқыту керек?); 2) мазмұны (нені оқыту керек?); 3) ұйымдастырылуы (қалай оқыту керек?); 4) құралдары (ненің көмегімен оқыту керек?); 5) оқыту кезінде оқушылардың білімді меңгеру деңгейі, ақыл-ойының дамуы мен тәрбиеленуі арасындағы ұштастық мәселелері. Бұл
проблемаларды шешу мектепте тәрбие мен білім берудің жалпы мақсаттарын белгілейді.
Масса және оның өлшем бірліктері туралы түсінік қалыптастыру Масса — экономикада: тауарлардың мөлшері (тауар‚ақша массасы‚ конкурстық масса). Топтамалардың құнын‚ шамасын‚ салық салу базасын‚ т.б. анықтау үшін пайдаланылатын тауарлардың аса маңызды сипаттамаларының бірі
Заттардың қасиеттері және массасы бойынша бойынша балалардың сенсорлық қабылдауының орны ерекше. «Масса» түсінігінің қалыптасуы балалардың «салмақтық сезінуінің» дамуына негізделеді. «Салмақтық сезінуінің» дамуында балалардың сенсорлық тәрбиесіне М.Монтессори ерекше көңіл бөлді. Балабақшада іс-тәжірибе барысында Ф.Н Блехер, Л.В.Глаголева, Е.И Тихеева, Ю.И. Фаусекғалымдары үлес қосты.
Балалардың заттармен іс-тәжірибелік процесі нәтижесінде массаны қабылдауы көру және қозғалыс анализаторының кмегімен жүзеге асрылады. Массаны қабылдау баланың әр түрлі ж ас кезеңдерінде әр түрлі болады.Мысалы, 2 жаста заттың массаын қабылдауы нашар дамыған.Оларда тек «ауыр» түсінігі қалыптасады. 3-4 жаста балалар масса жүйесінде сөздік қорына ауыр-жеңіл, үлкен-кіші, сөздері қалыптасады .5-6 жаста бала түсінігінде масса «салмақты сезінуіне» негізделеді. Әр түрлі жас кезеңдерінде дидакдикалық ойындар ойнатылады. Мысалы, «Таразыға қане өлшейік!» «Таразыға салайық!»
Балалардың заттардың массасын қабылдау ерекшеліктеріне байланысты оқытуды кезеңдер бойынша құру керек.
Бірінші кезеңде (орта топ) заттардың массасын сөздермен анық білдіру және ажыратуға үйрету қажет (ауыр-жеңіл, ауырырақ-жеңілірек), заттарды алақанда өлщеу арқылы салытыру және тексеру рационалды тәсілдерімен таныстыру.
Екінші кезеңде (орта және ересек топ) бірнеше заттар арасында қатынасты анықтауға үйрету, массасының өсу немесе кему ретінде тізбекке реттеп қою(сериационный тізбек құру).
Үшінші кезеңде (мектепке даярлық топ) балаларды жалпы қабылданған шамамен және массаны өлшеу тәсілімен таныстыру, бастапқы өлшеу білігін қалыптастыру.