Сауықтыру бағытының



бет4/5
Дата06.01.2022
өлшемі97 Kb.
#13495
1   2   3   4   5
Қорытынды
Бүгінде біз өзіміздің ұлттық спорт­тық тәрбие жүйемізді құруға кірісуіміз керек. Ол жүйе халықты спортқа тартып қана қоймай, адам­дар­дың менталитетін өзгертіп, оларға дене шынықтыру мен спорт­тың аса қажеттігін ұғындыра білуі тиіс. Яғни, халық өз денсаулығы үшін жауапкершілікті терең сезінуі қажет. Осы орайда бірқатар ұсы­ныс­­тарымызды айтып, ел спортын­дағы кейбір кемшін тұстарға да тоқтала кеткеніміз жөн болар.

Айталық, жұмыс берушілер мен еңбек ұжымдарының арасын­дағы келісім-шарт бойынша спорт­ты еңбек және демалыс орын­дары­ның жүйесіне енгізсе, артық болмас еді. Мекемелер мен көпші­лік­тің де­ма­лыс орындарында спортпен шұ­ғыл­дануға жағдай жасалуы керек.

Кез келген саланы жете мең­геру үшін оның түп негізін, кемші­лік­тердің себеп-салдарын, жетістікке жету жолдарын ғылыми тұр­ғы­дан зерттеп отырмаса болмайды. Спорт әлемі де тұнып тұрған ғы­лым. Осы жағдайды ескеріп, спорт саласы бойынша ғылыми-зерттеу институтын құрып, ғылыми-әдіс­те­мелік базаны жетілдіру – күн тәр­тібінде тұрған аса маңызды мәселе.

Спорт саласындағы мамандар­дың біліктілік деңгейі біздің жас мемлекетіміз үшін аса маңызды. Спорт кадрларын даярлау мен қай­та даярлау бағдарламасын жетіл­діріп, осы орайда республикалық мектеп-интернаттарды қайта құру жолымен колледждерге айнал­дыру­ға кірістік.

Мемлекет пен жеке меншіктің спорт саласындағы әріптестігін да­мы­ту қажет. Жеке меншік бизнесті еліміздің спорт саласына тар­татын мез­гіл жетті деп ойлаймын. Салық кодексіне спорт саласына айтар­лық­тай қолдау көрсеткен бизнес құры­лым­дарына арнайы салық тәртібін қолдану туралы өзгерту­лер енгізу керек.

Спортпен шұғылдану­шы­лар­дың санын көбейту, қосымша спорт мекемелерін, басқа да дене шынық­тыру-сауықтыру ұйымдары мен клубтар ашу бірінші кезекте инф­ра­құрылымның дамуы мен спорт нысандарының көбеюіне бай­ла­ныс­ты. Спорт инфра­құрылы­мы­ның жалпы алғанда дамып келе жат­қа­нына қарамастан, спорттың бұ­қара­лық сипат алуына спорт нысан­да­ры­ның (әсіресе, ауылдық жерлердегі) кемшіліктері кедергі болып отыр. Ауылдық жерлердегі спорт нысандары аз, қамтамасыз еті­лу деңгейі төмен. Қазіргі бар спорт ны­сандары ел халқының қажет­ті­лігін небары 30 пайызға ғана өтей алады. Бүгінде еліміздегі білім беру ұйымдарынан тыс нысандардың әр бесіншісі, яғни 957 нысан жөн­деуді қажет етіп тұр. Еліміздегі 7 мың ауылдық елді мекенде 20 166 спорт нысаны бар. Солардың 13 134-і (65,1%-ы) ашық спорт алаң­қайлары да, 307-сі ғана (3%-ы) жабық спорт кешендері.

Спорттың кейбір түрлерінен елі­мізде командалардың ресми ха­лықаралық жарыстарға даяр­лануы­на арналған заманауи базалар жетіспейді. Бұған қоса, жүзу бассейні, нысана көздеу орны, жеңіл атлетика манежі, велотрек, шаңғы ба­засы, есу арналары сынды ма­ман­дандырылған спорт нысандары тапшы. Ал бұлар нағыз медальға жомарт олимпиадалық спорт түр­лері екенін ескерсек, халықаралық ірі жарыстарда қандай қомақты олжалардан қағылып жүргеніміз айтпаса да түсінікті.

Жетістіктерімізді айта отырып, осындай кемшін тұстарымызды да жасырмай, қайта оны көпшіліктің на­зарына салып, жағдайды түзеу амал­дарын бірлесе қарастыр­ғаны­мыз жөн.

Жиырма жыл тарих үшін аз ғана уақыт болғанымен, Тәуелсіз Қазақ елінің спорт саңлақтары осы қысқа мерзімнің өзінде әлемнің талай асуын бағындырып үлгерді. Алда талай биіктер күтіп тұр, сол асқар­лар­ға ұмтылған Қазақстан спор­ты­ның да кемелдене түсері сөзсіз. Қазақстанда спортты дамытуға ден қойылып, дене тәрбиесін дамыту үшін сәулетті стадиондар мен спорт кешендерін жөнге келтіру қолға алына бастады. Бүгінгі таңда біздің елде қазіргі заманғы халықаралық стандартқа сай спорттық ғимараттар саны көбейіп келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет