Сақ,уйсін,ғұн,массагет және каңлылардың мәдени мұрасы,турік халықтарының мәдени мұрасының қалыптасудағы рөлі



Дата16.10.2023
өлшемі10,62 Mb.
#116521

Сақ,уйсін,ғұн,массагет және каңлылардың мәдени мұрасы,турік халықтарының мәдени мұрасының қалыптасудағы рөлі

Сақтар- б.з.б. 1-мыңжылдықта Орта Азия мен Қазақстан, Шығыс Түркістан аумағын мекен еткен ежелгі тайпа

  •  Сыр өңіріндегі сақ дәуірінен сақталған ежелгі қалалардың бірі– Шірік-Рабат қалашығы. Шірік-Рабат қалашығы оңтүстік-батысында Парсы елі, терістігінде Ресей мен оңтүстік-шығысында Қытайды жалғастырған Ұлы Жібек Жолы бойында орналасқан. Шаһар сол заманда өмір кешкен халықтардың Хорезм, Парсы елдерімен шекаралық бекінісі рөлін атқарған. Өйткені, бұл елдердің байланысы кезінде арнасы тасыған Жаңадария арқылы жүріп отырған.
  • Шірік-Рабат қаласының сыртқы үлкен қамалының биік етіп соғылуы және қарауыл мұнараның жиілігі бұл жерде күшті әскери бекініс болғандығын көрсетеді. Сонымен қоса қаланың әскери стратегиялық ролі жоғары болған. Бұл қаланың қорғаныс қабілетін арттыруда пайдаланылған арнайы нысандардың молдығынан да көрінеді. Қамал ішінен жебе ұштарының көптеп табылуы, қамал қабырғаларындағы садақ ататын ойықтармен қатар ішкі атқыштар галереясының орналасуы да қалада әскерлер қосындарының шоғырлануының бір дәлелі. Демек бұл жерде әскери бөлім тұрған. Енді Шірік-Рабат сөзін Шерік-Рабат сөзімен ауыстырып қарайтын болсақ, «қала әскерилер қаласы немесе жауынгерлер тұрағы» деген мағынаға ие болады.

Шірік –Рабат қаласы Қызылорда қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 300, Қармақшы ауданы Көмекбаев ауылынан оңтүстікке қарай 99 шақырым жерде орналасқан

Массагеттер-ежелгі грек деректері бойынша Каспий мен Арал теңізі аралығын мекендеген тайпалар тобының ортақ атауы. Массагеттердің шыққан тегі мен қалыптасуы туралы нақты ғылыми деректер жоқ

  • Кеңес ғалымы С.П.Толстов соңғы болжамның шындыққа жақындығын дәлелдей келіп, Сырдарияның төм. жағындағы археол. ескерткіштерді Массагеттерге тиесілі деп санайды. Бірақ оған қарсы пікірлер де бар. Геродоттың айтуынша, Массагеттер көшпелі тайпалар. Олар соғысқа атпен де, жаяу да шыққан, ат әбзелдерінің бірнеше түрлері болған. Қару-жарақтары мен әшекей бұйымдары мыс пен алтыннан жасалған. Ахемен әулеті патшасы Кир Массагеттермен соғыста олардың падиша-ханымы Томиристен жеңіліп, қаза тапқан
  • массагеттер патшайымы-ТОМИРИС

Ғұн -тайпаларының аты тарихта олардың жауынгерлік даңқымен, қаталдығымен және халықтардың Ұлы қоныс аударуының басталуына негіз болған көшпенділігімен мәлім. Еуразияның кең байтақ даласын мекендеген ғұндардың әлемдік өркениеттегі орны да ерекше. Ғұндардың этникалық тегі туралы мәселе әлі анықталып біткен жоқ. Зерттеушілердің көпшілігі оларды түріктердің арғы аталары деп болжайды

  • Ғұндар о дүниедегі өмірге де сенген. Сонымен қатар бағзы адамдардың қарапайым санасы о дүниені өздерінің ақиқат өмірінің жалғасы деп есептеген. Сондықтан да ғұндар өлгендерді берік табытқа салып, сән-салтанатпен жерлеген. Марқұмдарды үлде мен бүлдеге малындыра киіндіріп, тәңірқұтқа о дүниеде қызмет етуі үшін достары мен кәнизактарын құрбандыққа шалған. 

Түркі халықтарының- дәстүрлері мен мәдениеті жайлы жазба материалдарда толық ашылмаған, мәлімет өте аз. Түркілердің тарихы бізге Х ғасырдың аяғында жазылған парсы географиялық шығармалары арқылы белгілі .

ХІ ғасырдың басында Бағдатта Араб тілінде жазылған Махмуд

Қашқари еңбегінде түркіт халқының географиялық жағдайы , этнографиясы , мекендегени жағдайы,

жерлері, туралы көптеген мәліметтер келтірілген

Түркі халықтарының ата тегінен қалған нақты рухани мұралар үлгісіне Орхон – Енисей

бойынан табылған тасқа ойылып жазылған ескеркіштер жатады. Ескеркіштер ежелгі заман

тайпаларының Түркі заман тұсындағы тұрмысы мен, салты мәдениеті мен жаугершілік

жортуылдарын мәнерлі тілмен өсиет үлгісінде баяндаған

Түркі мәдениеті - ежелгі заманнан өмір сүріп келе жаткан түркі тайпалары негізінде қалыптасқан мəдениеттің жалпы атауы.

  • Түркі мәдениеті - ежелгі заманнан өмір сүріп келе жаткан түркі тайпалары негізінде қалыптасқан мəдениеттің жалпы атауы.
  • Түркілердің алғашқы ата қонысы Шығыс Тянь-Шань мен өңірі болған. "Халықтардың ұлы қоныс аударуының" нәтижесінде қазіргі Қазақстан, Орта жəне Алдыңғы Азия, Шығыс Еуропа]] территорияларына кең таралып орналасқан түркілер қазіргі түркі тілдес халықтардың барлықтарының субстраты болып табылады. "Түркі" деген термин тұңғыш рет 542 жылы аталады. "Түркі" этонимі алғашқы кезде белгілі бір ақсүйектерден шыққанын білдірген (ғылымда этносқа қатысты "түркі" терминін қолдану қалыптасқан, біз соған арқа сүйейміз). Орталық Азияны мекендеген көптеген тайпалық одақтардан біріккен феодалдық мемлекет Түркі қағандығы өмір сүрген. Түркі қағандығының әлеуметтік-саяси және қоғамдық өмірінде әскери істер аса маңызды орын алған. Түркілердің алғашқы көсемдерінің бірі Бумын қаған болған. Түркі қағандағы тұсында түркі тілінің өрісі барынша кеңіп, ұланғайыр өлкедеғі негізгі тілге айналған. Түркілердің жазуы да болған. Сол көне түркі жазбаларынан түркілердің дүниетанымдық көзқарастары, наным-сенімдері туралы көп мағлүмат алуға болады. Көне түркілер аспан денелерінің қозғалысына карап ауа райын, жыл маусымдарының қандай болатынын күні бұрын анықтай алған. Көне түркілер геометрия, математика ғылымдарынан біршама хабардар болған, оны су жүйелерін салуға, күрделі ғимараттар, карауыл төбелер тұрғызуға, т.б. пайдаланған

ТУРІК халықтарының ескерткіштері

  • түркі елі белгілі – бір аумақта өмір сүріп, өзіне лайық жазуын , тілін, өзге мәдениетін, дамытқан .
  • Ежелгі түркі мәдениетінің орталықтары Енесей, Отхон , Селенгі , талас өзендерінің, бойы , Миниоивск ойпаты , Алтай тауы қазіргі Тува , Краснояр , Жетісу аймақтары болды.
  • Оған шығысы Хангай, Сарыөзеннен , Батысы Карпат, тауларына , оңтүстігі Қытайдың Аққорғанынан ,
  • Теріскейі Ленаға дейінгі арлықтағы байтвқ аймақты мекендкеген тірік халықтарының жазу- сызу дәстүрлерінен қалған барлық мұралар енеді.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет