Саурыкова жулдыз мейрхановна



Pdf көрінісі
бет21/84
Дата27.02.2022
өлшемі3,24 Mb.
#26504
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   84
Байланысты:
Саурыкова-Ж.-диссертация (2)

3.ЖаратылыстануЖаратылыстану; 4.Адам және қоғам: Дүниетану, Өзін-өзі 
тану;  5.Өнер:  Музыка,  Бейнелеу  өнері,  Еңбекке  баулу;  6.Дене  шынықтыру: 
Дене шынықтыру» - деп негізделген [96].  
Осы  тұрғыдан  келгенде,  педагогика  ғылымы  жаңа  парадигмаға  сәйкес 
білім  беруді  жаңарту  барлық  білім беру  деңгейлерінде  бірыңғай    әдіснамалық  
тұғырдың болуын талап етеді. Білім беруді реформалау үрдісі білім мазмұнын 
зияткерлік,  моральдық  және  рухани  жетілуді  жеке  тұлғалық  ізденуді  жүзеге 
асырушы  адам  типін  жобалайтын  жаңа  нобай  болып  табылатын  ықпалдасуға 
негізделеді. 
2. Бағдарламаның  келесі  тиімділігі,  Кембридж  бағдарламасы  бойынша 
жұмыс  жасайтын  мұғалімдердің  дамып,  жан-жақты  ашылуына  жол  ашады:  1/ 
жаңаша  ізденістермен  оқыта  отырып,  зерделей  ізденетін,  оқушыларға 
белсенділікпен  қамқорлық көрсетіп, ықпал  етіп,  бағдар беретін  мұғалімдер; 2/ 
әрбір  оқушының  пәнді  түсінуін  қалай  құру  керек  екендігін  ойлайтындығымен 
және  білетіндігімен  санасатын,  осы  көзқарастар  тұрғысынан  білімі  мен 
тәжірибесін  қалыптастыратын,  сондай-ақ  оқушының  білім  беру  бағдарламасы 
деңгейлері бойынша ілгері жылжуын өрістету мақсатында мазмұнға сәйкес кері 
байланыс орната алатын кәсіби білімі мен түсінігі бар мұғалімдер; 3/ оқытудың 
мақсаты  мен  сабақтың  нәтижелі  де  табысты  өту  өлшемдерін  білетін,  бүкіл 
оқушылардың  бұл  өлшемдерге  тиісті  дәрежеде  сәйкес  келуіне  қолдау 
көрсететін, ағымдағы білім мен «Біз қайда бара жатырмыз?», «Қандай іс-әрекет 
жасап  жатырмыз?»,  «Одан  кейін  не  істеу  керек?»  деген  сияқты,  оқушылар 
мойындаған  табыстылық  өлшемдері  арасындағы  алшақтықты  жою  үшін  не 
істеу  керек  екендігін  білетін  мұғалімдер;  4/  бастапқы  идеядан  басқа  да 
идеяларды өрістете байланыстыратын және сол идеяларды оқушылар зерделеп, 
қарастырып,  жандандыра  алатындай  мүмкіндіктерге  жол  ашатын  мұғалімдер. 
Қоғамдағы  болып  жатқан  өзгерістер  қазіргі  білім  беру  саласында  қызмет 
ететіндерге үлкен жауапкершілік артып отыр. Бұл жауапкершілік, ең алдымен, 
бастауыш сынып мұғалімдеріне жүктелетіні белгілі [97].  
Жаңартылған  оқу  бағдарламасында  оқушылардың  танымдық,  білімдік, 
тәрбиелік  деңгейлерінің  өсуі  мен  дамуында  қарым-қатынастық  оның  ішінде 
тілдік  мәселенің  басты  орынға  ие  болуын  педагогикалық  үдерісті 
ұйымдастырудағы  оқыту,  оқу  іс-әрекетін  жүргізудегі  білім,  мен  тәрбие  беру 


55 
 
жұмыстарында  оқушылар  мен  мұғалім    арасында  жұмыстың  нәтижелі 
болуының негізі ретінде қарастыру қажеттілігі алынған. Олар: тыңдалым және 
айтылым, оқылым, жазылым.  
3. Қазіргі 
жаңартылған  бастауыш  білім  беру  бағдарламасының 
мазмұнына  енгізілген  8  жаңашылдық  бағыттар  арқылы:  «пән  мазмұнының  
шиыршық  қағидатпен  берілуі,  бір  білім  беру  аясындағы  және  пәнаралық 
байланыстарды  жүзеге  асыру  мақсатында  «ортақ  тақырыптардың»    берілуі; 
білім  беру  деңгейлері  аралығында  пән  бойынша  сабақтастықты  ескеруге 
мүмкіндік  беретін  толық  оқу  курсы  бойынша  педагогикалық  мақсат  қою; 
оқытудағы  жүйелі-әрекеттік  ұстаным  (оқушының  білім  алу  үдерісіне  белсенді 
қатысу),  оқытудың  тәрбиелік  әлеуетін  арттыру;  оқушының  адамгершілік-
рухани  қасиеттерін  қалыптастыру;  оқу  үдерісін  ұзақ  мерзімді,  орта  мерзімді 
және  қысқа  мерзімді  жоспарлар  арқылы  ұйымдастыру;  бөлімдердің  мазмұны 
мен  ұсынылған  тақырыптардың  уақыт  талабына  сәйкес  келуі,  әлеуметтік 
дағдыларды  қалыптастыруға  назар  аударылуы;  Блум  таксономиясы  бойынша 
оқу  мақсаттарының  иерархиясы»  –  бастауыш  сынып  оқушыларының  оқу-
танымдық 
іс-әректтерін 
жаңаша 
педагогикалық 
тәсілдер 
негізінде 
ұйымдастыруда 
олардың 
интеллектуалдық, 
эмоционалдық, 
іскерлік, 
коммуникативтік  т.б.  жағынан  әлеуметтік  орта  мен  ғылыми-дүниетанымын 
дамытуда  (қоршаған  ортаға  ғылыми  тұрғыдан  көзқарастың  қалыптасуы  мен 
табиғатпен,  басқа  адамдармен,  өз-өзімен,  т.б.)  өзара  белсенді  әрекеттестік 
қарым-қатынасқа  бейімдеуде  бастауыш  сатының  негізгі  қызметінің  мазмұны 
ашылды [98].  
Бастауыш  сатыда  оқушының  жалпы  және  психикалық  дамуының  бұл 
сияқты жеткілікті деңгейіне қол жеткізу үшін, ең алдымен білім берудің мақсат 
приоритеті  түбегейлі  өзгеруі  керек:  бірінші  кезекке,  бұрынғыша  оқушыны 
пәндік  білім,  біліктердің  белгілі  бір  жиынтығымен  қаруландыру  емес,  оқыту 
және  оқу  әрекетін  қалыптастыру  негізінде  жеке  бас  тұлғасын  тәрбиелеу 
мақсаты  қойылантындығына  мән  беріп  отыру  керектігі  басшылыққа 
алынғандығына  –  бұл  оқушы  тұлғасының  толық  қанды  дамуына  негіз 
болатындығын дәлеледейді. Білім берудегі оқыту мен оқу іс-әрекеті - адамның 
ақыл-ойының  дамуына  ықпал  жасаушы,  арнайы  ұйымдастырылған  танымдық 
әрекет және тұлға дамуының көрсеткіш деңгейлерінің құрылымдық-құрамасы. 
Кез-келген  оқыту  мен  оқу  іс-әрекеті  белгілі  бір  мөлшерде  адамды  дамытады. 
Даму  ұғымы  философиялық  сөздікте:  «...мөлшерлік  өзгерістердің  белгілі  бір 
өлшем шегінен шығып, сапалық өзгерістерге айналуы», – деп түсіндіріледі [99].  
4. Oтандық  oрта  бiлiм  мазмұнын  жаңарту  барысында  қазіргі  өмірде  кең 
ауқымды дағдыларға көп көңіл бөлінеді. Бұл дағдылар жалпыадамзаттық және 
этномәдени құндылықтарға негізделе отырып, оқушыларға оқудағы, coндай-ақ 
өмірдегі  проблемаларды  шешуіне  мүмкіндік  береді.  «Кең  ауқымды  дағдылар» 
келесі іс-әрекет  түрлерінен  тұрады:  білімді  шығармашылықпен  қолдану;  сыни 
тұрғыдан  ойлау;  зерттеу  жұмыстарын  орындау;  АКТ  қолдану;  тілдік 
дағдылармен  бірге  қарым-қатынастың  коммуникативтік  тәсілдерін  қолдану; 
топта  және  жеке  жұмыс  жасау  біліктілігі.  Бұл  оқудағы  жетістіктер  нәтижелі 


56 
 
сипатқа  ие,  ал  оқу  үдерісі  оқушылардың  әрбір  сабақта  білімді  «табудағы» 
белсенді қызметімен сипаттайды. Бұл жағдайларда оқушы  – таным cубъектісі, 
ал  мұғалім  оқушылардың  танымдық  әрекетінің  ұйымдастырушысы  қызметін 
атқарады. Әрбір оқушыны жасына да, мүмкіндігіне да қарамастан тұлға ретінде 
қабылдауға қол жеткізуге ұмтылу қажет. Oқыту мақсаты оқушы және мұғалім 
үшін  ортақ  болады,  міне,  білім  мазмұнын  жаңартудың  педагогикалық 
аспектісінің мәні осында.  Бұған қол жеткізуде әрбір мұғалім өзінен бастайды, 
ол жаңарту үдерісінің әлеуметтік аспектілерін көрсетеді [100].   Бұл  бастауыш 
сынып  мұғалімінің  кәсіптік  қызмет  әрекетіне  жаңашылдықпен  қарап, 
шығармашылдықпен  айналыса  отырып,  бастауыш  білім  беру  кезеңіндегі  оқу-
тәрбие  үдерісінің  сапалық  деңгейінің  жаңа  бағытта  көтерілуін  талап  ететін 
педагогикалық  құбылыс.  Білім  берудегі  оқыту  мен  оқу  іс-әрекетінің  жүру 
барысындағы оқушы тұлғасы дамуының сапалығы - мұғалімнің қолданатын сан 
алуан әдіс-тәсілдері арасындағы байланысты және бастауыш білім беру кезеңін 
ұйымдастырудағы  дидактикалық  заңдылықтардың  сақталуы  мен  орындалу 
талаптары  әрі  мұғалімнің  өз  кәсібін  шығармашылдықпен  орындауына 
байланысты  болып  табылады.  Мұғалім  өз  қызметін  шығармашылық  бағытта 
ұйымдастыра білуі үшін, ең алдымен, өз қызметінің мәнін түсіне білуі шарт.  
Мәселен,  бастауыш  білім  беру  кезеңіне  6-10  жас  арасындағы  оқушы-
балаларды  қамту  мен  қабылдау  мезгілінің  өзгертілуінің  негізінде  жатқан 
теориялық  мәселелерге  терең  үңілсек  біріншіден,  бастауыш  білім  беру 
ауқымының  ықпалы  мектепке  дейінгі  тәрбиеге  қарай  ығысты.  Осыған 
байланысты  бастауыш  білім  берудің  әдіснамалық,  ғылыми-теориялық  және 
әдістемелік  негіздері  күрделі  өзгеріске  ұшырауына  әкеп  соғады.  Себебі,  алты 
жастағы  және  жеті  жастағы  балалардың  анатомиялық  және  физиологиялық 
даму  ерекшеліктерінде  үлкен  айырмашылық  бар  екені  анық.  Екіншіден, 
мектепке  дейінгі  тәрбие  бағдарламасы  мен  бастауыш  білім  беру 
бағдарламаларының ықпалдасу деңгейлері жоғарылай түседі. Үшіншіден, бала 
дамуындағы  санитарлық-гигиеналық  ережелердің  орындалуындағы  талаптарға 
өзгерістер енеді, өмір сүру ырғағына бейімделеді. Төртіншіден, бастауыш білім 
берудің  оқу  бағдарламалары  бұрынғы  бастауыш  мектеп  бағдарламаларына 
қарағанда  нақты  өзгерістер  енгізуді  талап  етеді.  Бастауыш  білім  берудің  оқу 
бағдарламаларының  жүктемелері  жеңілдетілу  бағытында  жүреді.  Бесіншіден, 
оқу  бағдарламаларының  мақсаты  өзгертілуі  тиіс.  Даму  бағдарламасында 
белгіленгендей, бастауышта білім берудің мақсаты оқу, жазу, есептеудің нақты 
дағдыларын  қалыптастыру  мен  дүниетанымдық  болып  отыр.  Алтыншыдан, 
бастауыш  білім  беру  мазмұнына:  қарапайым  тілдік  қарым-қатынас  –  үш 
тілділікке  бейімдеу  және  информатикалық  сауаттану  мәселесі  еніп  отыр. 
Осының нәтижесінде оқушы шығармашылықпен өзін-өзі көрсетуі, мінез-құлық 
мәдениеті  рухани-адамгершілікті  тұлға  ретінде  қалыптасуы  көзделіп  отыр. 
Жетіншіден,  жоғарыда  баяндалып,  ғылыми  негіздемелер  жасалаған  ой 
тұжырымдардың  барлығының  өзегі  ұлттық  болмыстың  аясында  жүзеге 
асырылуы  керек.  Сондықтан  оқу  бағдарламалары  және  педагогикалық 


57 
 
үдерістегі қарым-қатынастар ұлттық тәрбие жүйесіне бағындырылып, оны өзек 
етіп алуы тиіс [101,102].  
Бастауыш сынып оқушысының жеке тұлғалык қасиеттерінің қалыптасуы 
мен  қабілеттерінің  жас  ерекшеліктеріне  сәйкес  жүйелілікпен  және  қарқынды 
дамуына  ықпал  ету,  мұғалімнің  кәсіби  іс-әрекетінің  дұрыс  ұйымдастырылуы 
мен  талаптық  деңгейінің  сапалылығына  тәуелді  болмақ.  Бастауыш 
сыныптарында оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың мазмұны  - оқушылардың 
оқу-танымдық іс-әрекетіндегі қол жетерлігі мен шығармашылықпен ойлау алу 
мүмкіндіктеріне  ие  болуы,  мұғалімнің  ұтымды  педагогикалық  әрекет  жасауы 
мен  олардың  арасында  ынтымақтастық    қарым-қатынастар  орын  алғанда  ғана 
оң нәтиже береді.  
Бастауыштағы  оқыту  мен  оқу  іс-әрекетін  ұйымдастыру  төмендегідей 
жалпы  дидактикалық  ұстанымдарына  ие  болады.  Мұнда  оқушы  тұлғасының 
жас және психофизиологиялық даму ерекшелігінің ескерілуі; күтілген нәтижеге 
жетуге  бағдарлығы;  ашықтығы,  достық  қарым-қатынас  (ынтымақтастық 
педагогика); белсенді іс-әрекетте болуы. 
1-сыныпта  педагогикалық  үдерістегі  оқыту  мен  тәрбиелеу  –  тікелей 
мұғалімнің басшылығымен; 
2-сыныптың педагогикалық үдерісінде оқыту мен тәрбиелеу және оқу іс-
әрекетіне  баулу,  тапсырмаларды  жеке  орындау  біліктілігін  игеру  (оқушының 
өздігінен білім алу) мұғалімнің жетектеуімен;  
3-сыныптың педагогикалық үдерісінде оқыту мен тәрбиелеу және оқу іс-
әрекетіне баулу, тапсырмаларды жеке орындай алу біліктілігін толық деңгейде 
меңгеруі (оқушының өздігінен білім алу) – мұғалімнің қадағалауымен; 
4-сыныптың педагогикалық үдерісінде оқыту мен тәрбиелеу және оқу іс-
әрекетіне  баулу,  тапсырмаларды  жеке  орындай  алу  біліктілігін  жоғары 
деңгейде  меңгеруі  (оқушының  өздігінен  білім  алу)  –  мұғалімнің 
бағыттаушылық  нұсқаумен.  Міне,  осы  бағыттағы  мұғалінің  қызметтік  іс-
әрекетін  ұйымдастыру  арқылы  бастауыштағы  педагогикалық  үдерісті  жүзеге 
асыруы – бұл қазіргі заман талаптарын орындай алу барысы деп түсіне аламыз 
[103].  Өйткені,  қазіргі  жаңартылған  білім  мазмұнының  бағыты  да  оқушының 
өздігінен білім алуға деген  ұмтылысын қалыптастырып, дамытуға негізделген. 
Бұны  білім  беру  жүйесінің  бастауыш  сыныптарында  педагогикалық  үдерісті 
жүргізудегі  оқытудан  –  оқу  іс-әрекетіне  көшу  деңгейлерін  ұйымдастырудың 
ғылыми-әдістемелік  қағидасы  ретінде  қабылдауымыз  қажет  және  мұғалім 
өзінің  педагогикалық  қызметін  осы  қағида  аясында  жүргізуге  бағыт-бағдарын 
алуы  тиіс.  Мұғалімнің  педагогикалық  іс-әрекетін  анықтаудың  негіздері  оның 
мақсат  қоюшылығы  мен  мақсатқа  қол  жеткізудегі  жүйелі  жұмысының 
бағыттылығы  болап  табылады.  Мұғалім  мақсатты  орындауда  бірнеше 
әрекеттерді  біртұтастыққа  топтастырып  оны  педагогикалық  үдерістің 
заңдылықтарына  бағындырып  және  бағыттаушылығындағы  жүйелілікті  естен 
шығармауы  керек.  Бұндай  ғылыми  негіздемені  педагогика  ғылымының 
әдіснамалық  тұрғысынан  қарасақ  –  мұғалім  педагогикалық  іс-әрекетті 
ұйымдастырудағы  мақсаттың  қорытындысы  мен  түпкі  нәтижесін  алдын  ала 


58 
 
болжай білуі және оның белгілі құралдар көмегімен жүзеге асатындығын көре 
біліп,  елестете  алуын  сипаттайды.  Бастауыш  сынып  мұғалімінің  оқушыларғы 
білім  беру  мен  оқу-тәрбие  үдерістерін  ұйымдастырудағы  тәрбиелілік,  оқу 
танымдық, мотивациялық іс-әрекетін қарастырсақ. 
Бастауыш  білім  берудің  басым  бағыты  –  оқушыны  жеке  тұлға  ретінде 
қалыптастыру болып отырғандықтан төмендегі мәселелер ескерілуі қажет:  
1. Оқушының  жеке  мүмкіндігін  ашу,  қоршаған  орта  жөнінде  ғылыми 
білімді игерту, оқу-танымдық іс-әректін ұйымдастырып, дағдыларын меңгерту, 
дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыру;  
2. Оқытудағы және оқу әрекетіндегі талабын ашып, білігін қалыптыстыру 
яғни, оқыту немесе оқу және тәрбиенің біртұтас әрекет екендігін қалыптастыру;  
3.  Білім  берудің  кезеңдік  сатыларындағы  педагогикалық  үдеріске 
оқушының ынталық, танымдық қызығушылықтарын арттыруға ықпал жасау. 
Қорытындылай келе, педагогикалық ой мен ғылыми тұжырымдардың іске 
асуы  және  оның  тәжірибеде  оң  нәтиже  беру  үшін  бірқатар  қарама-
қайшылықтарда жоюға тура келеді. Солардың негізгілері: 
-  теория  мен  тәжірибенің  байланысы,  озық  ой-пікірлерді  жүзеге  асыру, 
педагогтардың  жаңа  ғылыми  тұжырымдамаларын,  жаңа  педагогикалық 
ойларын  бағдарлай  отырып,  бүгінгі  күннің  сұранысын  қанағаттандыра 
алмайтын  өзінің  күшін  жоя  бастаған  педагогикалық  үдерістердің  тозығын 
тастап, озығын алып, алға ұмтылу қажеттілігін түсіну; 
-  педагогикадағы  негізгі  әдіснамалық  басқа  ғылымдармен  пәнаралық 
байланысты  пайдалану.  Қазіргі  кезде  ең  көп  таралған  қолданыста  жүрген 
ұғымдарды білу, олардың мағынасын түсіну; 
-  педагогикадағы  ғылыми  зерттеу  үдерісі  мен  құрылымын  философия, 
әлеуметтану, психология және т.б. ғылымдар арқылы жетілдіру. Педагогикалық 
көкейтесті  мәселелердің  көзі  үнемі  педагогикалық  тәжірибе  аймағы  арқылы 
кеңейтіп, негіздеу; 
-  педагогика  ғылым  логикасы  мен  мұғалімдердің  тәжірибелік  әрекетінің 
логикасы  көбіне  сәйкес  келе  бермейді,  сондықтан  педагогика  теориясымен 
айналысушылар 
және 
практиктер 
арасындағы 
пайда 
болған 
түсініспеушіліктерді жою, және т.б. 
Мұғалімнің білім беру мен оқу-тәрбие үдерістерін ұйымдастырудағы оқу-
танымдық іс-әрекетіндегі атқаратын қызметі: 
 
білім  беру  кезеңінің  пәндік  және  түйінді  мақсаттарын  ескере  отырып, 
оқу үдерісінің нақты мақсаттарын жобалау; 
 
педагогикалық  үдерісте  оқу  материалдарын  игеруді  ұйымдастыру 
бойынша міндеттер кешенін шешуге бағдарланған білім беру стандарттарының 
талаптарына сәйкес құрастыру
 
оқу  материалдарын  даярлау  және  оқу  мақсаттарына  сәйкес  оқытуды 
ұйымдастыру;  
 
педагогикалық үдерісті  жобалауға  және  іс  жүзіне  асыруда  акпараттық 
ортаның мүмкіндіктерін пайдалану; 


59 
 
 
оқушының 
оқу 
материалын 
игеруінің 
тұлғалық-әрекеттік 
бағыттылығын реттеу; 
 
оқушының озық дамуын ұйымдастыру үшін толыққанды жағдай жасау 
(дамудың жақын зонасына жетуі); 
 
құзыреттілік түрінде жеке қол жеткізген нәтижелеріне жағымды көңіл-
күй (эмоция) туғызу, қолдау көрсету және психологиялық жағымды орта құру; 
 
оқушының  өзінің  алған  білімін  қолдана  білудегі  жеке  тәжірибесі  мен 
өзін-өзі  бақылауын  (өз  іс-әрекетіне  есеп  беруін),  өзіндік  білімін  көтеруге 
дайындығы бойынша білім алу кеңістігін кеңейту мүмкіндіктерін қарастыру; 
 
ағымдағы  нәтижелерді  бағалау,  қойылған  мақсаттарға  жетуге 
бағытталған оқытуды уақытында түзету. 
Яғни,  мектептің  қазіргі  жағдайындағы  әдістемелік  жұмыс  мұғалімнің 
дамуына,  кәсіби  шеберлігінің  өсуіне,  жеке  пәндердің  және  педагогика, 
психология  ғылымдарының  соңғы  жетістіктерінен  хабары бар  құзырлы  маман 
ретінде  толық  қалыптасуына  ықпалын  күшейте  түсуі  керек.  Бұл  мәселелердің 
ғылыми-теориялық,  әдіснамалық  негіздерін  мұқият  қарастырған  жөн.  Білім 
берудің  әлемдік  кеңістігіне  ену-  басқа  халықтың  немесе  басқа  мемлекеттің 
білім  беруге  байланысты  жүйесін  тікелей  қабылдау  емес.  Осы  мәселенің 
ғылыми-теориялық және тәжірибелік негіздерінің дұрыс жүзеге асуы ғасырлар 
бойы  қалыптасқан  халықтың,  мемлекеттің,  ұлттың  білім  беру  жүйесінің 
өзіндігінің  сақталуында.  Қазіргі  бастауыш  білім  беру  жүйесінде  орын  алған 
жаңартылған  білім  мазмұнды  оқу  бағдарламалары  негізінде  пәнаралық 
байланысты  жүзеге  асыру  арқылы,  оқушылардың  жеке  тұлғалық  болмысын 
қалыптастыру  мен  дамыту  және  қоршаған  орта  мен  әлемдік  дүниенің 
жаратылысын  ғылыми  тұрғысындағы  түсінікті,  біртұтастық  жүйеде 
қалыптастырудың  нобайын  /моделін/  құрастыру.  Дегенмен,  зерттеу 
тақырыбының қойған мақсатын анықтаудағы туындаған болжамның растығына 
және  дәлелденуіне  қол  жеткізу  барысында  пәнаралық  байланыстың 
педагогикалық 
шарттарының 
мазмұндық 
жүйесін 
ашып, 
зерттеу 
тақырыбымыздың  аясындағы  жеке  мән  берілетін  мәселе  тұрғысынан  қарауды 
қажеттілігі  туындап  отыр.  Бұл  болжамдаған  немесе  күтілетін  қорытында 
нәтиженің  құрылымдық-құрамасын  білдіретін  жүйе  тұрғысында  қабылдауға 
негіз  болады.  Сондықтан,  жаңартылған  білім  мазмұны  аясында  бастауыш 
сыныптарда  пәнаралық  байланысты  жүзеге  асыруды  ғылыми  тұрғыдан 
негіздеп,  әдістемелік  жүйесін  қалыптастырудың  нобайын    жасамастан  бұрын, 
оның басты бағыты болып табылатын жаңа білімдер негізінде бастауыш сынып 
оқушысының  жеке  тұлғалық  болмысының  дамуына  педагогикалық  іс-әрекетті 
ұйымдастырудағы  ғылыми  заңдылықтары  мен  педагогикалық  шарттарын 
анықтаудың нобайын жасау қажеттілігі орын алды (сурет 2).  
 
Сурет    2.  Пәнаралық  байланыс  негізінде  бастауыш  сынып  оқушысының 
жеке 
тұлғалық 
болмысының 
дамуына 
педагогикалық 
іс-әрекетті 
ұйымдастырудағы  ғылыми  заңдылықтары  мен  педагогикалық  шарттарын 
анықтаудың нобайы /модель/.  


60 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Нобайдағы ғылыми заңдылықтар:  Мазмұндық – оқу бағдарламасындағы 
ұсынылған  материалдардың  жүйесі  және  жеке  пәндер  мазмұнындағы 
жинақталып берілген білімдердің өзара байланыстылығын түрлі ғылымдардың 
интеграциялануы  негізіндегі  көрініс  тапқан  құбылыс  ретінде  меңгертуге 
мүмкіндік  жасау.  Бұл  оқушының  тұлғалық  болмысының  дамуында  ойлаудың 
дербестігі,  зияткерлігі,  қызығушылық-белсенділіктерін,  жекеден  жалпыға  – 
Жаңа білімдер негізінде бастауыш сынып оқушысының жеке тұлғалық 
болмысының және тәжірибесінің дамуына педагогикалық басшылық 
Ғылыми заңдылықтар       


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет