63
жетілдіру, жаңа әдістемелерді, формаларын, тәсілдер мен құралдарды және
олардың түп нұсқалы біріктірілуін, іс-әрекет жүйелерінің диалектілігі,
өзгергіштігі, жаңа жағдайларда қолда бар тәжірибені қолдану тиімділігі; өз іс-
әрекетін және оның нәтижелерін рефлективтік бағалауға қабілеті; білімдер мен
алдын ала сезінуге негізделген түрлендіруге қабілеті; көп мәнділікті көре білуі.
8-ші шарты: Оқушылардың білімділік, дамушылық және тәрбиелік
деңгейін анықтау, пәнаралық байланыстағы оқушылардың әрекеттерін іске
асыру, диагностикалау – бұл: педагогикадағы пәнаралық байланыс құбылысын
талдау
–
өзінің оқу-тәрбие жұмысының нәтижесін, жағдайын мұғалімнің өзі
зерттеуі, педагогикалық құбылыстардың құрамалары арасындағы себеп-
салдарлық байланыстарды, оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің жетілдіру
жолдарын онан әрі анықтау. Педагогикалық талдаудың қызметтері:
/диагностикалық, танымдық, түрлендіргіштік, өз бетімен білім алушылық/.
Педагогикалық үдерістегі пәнаралық байланыс жағдайларын объективті және
жан-жақты зерттеуді қамтамасыз ететін оқытудың өлшенетін көрсеткіштерін
есепке алу тәсілі; танымдық барыста орын алып отырған барлық өзгерістерді
анықтау тәсілі. Диагностика бақылаудан (тексеру), бағалаудан, статистикалық
деректердің жинақталуынан, олардың талдауынан, серпін мен беталысты
айқындаудан және одан әрі дамудың болжамын құру.
Жоғарыдағы нобайда берілген педагогикалық шарттары - оқу
материалдарындағы білімдерді пәнаралық жүйе негізінде ұйымдастыру мен
басқарудың құрамдаушы құрылымының танымдық және мазмұндық
сәйкестілік бағыттылығы заңдылығына сүйене отырып, жүйелі және бірізділік
жолымен жалғасып жатады. Бұнда жаңа білімдер негізінде педагогикалық
басшылық жасау құралдары арқылы оқушылардың тұлғалық жеке болмысының
дамуына ықпал жасау жиынтығының тұтастық бейнесі қалыптастыруда
пәнаралық байланыс шарттарын өз алдына дербес қарастыру мен анықтау
арқылы жүйесін көрсету орын алды. Бұл өз кезегінде, зерттеу
тақырыбымыздың ғылыми-теориялық және тәжірибелік мазмұнына негізделген
– алдыңғы уақытта орындалатын - жаңартылған бастауыштың білім мазмұны
аясында пәнаралық байланысты жүзеге асырудың педагогикалық шарттарына
негізделген құрылымдық-мазмұндық нобайды жасуға негіз болды және сол
бағытқа бағыттады.
Достарыңызбен бөлісу: