Саурыкова жулдыз мейрхановна



Pdf көрінісі
бет36/84
Дата27.02.2022
өлшемі3,24 Mb.
#26504
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   84
Байланысты:
Саурыкова-Ж.-диссертация (2)

пәнаралық  байланысты  оқытудың    жаңашыл  әдіс-тәсілдерін  оңтайлы 
пайдалана отырып, жиі сабақтар өткізсе, 40,2% - бөлім мен тақырыптардың 
жақындығын  негізге  ала  отырып,  ал  29,0%  -  тек  тақырыптық  оқу 
материалдарының жақындығын пайдаланатындар болып шықты.  
«Жаңартылған  бастауыштың  білім  мазмұны  аясында  пәнаралық 
байланыс  арқылы  жүзеге  асыру  жолдары  не  береді?»  деген  сұраққа  жеке 
өзіндік 
пікірлерін 
45,2%-ы 
оқушылардың 
пәнге 
деген 
танымдық 
қызығушылығын  және  шығармашылық  әрекеттерін  арттырады  деп  жауап 
берсе, 30,0% -ы «Пәнаралық байланыста оқушылардың білім сапасын пәндерді 
топтастыру  арқылы  жинақтап  беруге  мүмкіндік  жасайды»  деп  жауап 
қайтарған,  ал  қалған  24,8%-ды  «Пәнаралық  байланыс  оқушының  жеке 
қабілеттерінің  дамуына,  олардың  өзіне  деген  сенімінің  артып,  ізденімпаздық 
және  шығармашылық  жұмыстар  жасауына  жол  салады»  деп  жауап 
қайтарған. 
«Пәнаралық  байланыстың  тиімділігін  айтыңыз»  деген  сұраққа,  жеке 
өзіндік  пікірін  білдірушілердің  45,5%-ы  «Оқушылардың  танымдық 
қызығушылығы  мен  шығармашылық  қабілеттерін  арттыруға  мүмкіндік 
туады»  деп  жауап  қайтарса,  21%-ы  «Әлемді,  қоршаған  ортаны  танудағы 
оқушылардың  тұлғалық  дамуындағы  біртұтастық  бейнені  қалыптастыруға 
мүмкіндік  жасайды»  деп  жауап  қайтарса,  ал  қалған  33,5%-ы  «Оқушылардың 
ғылыми  танымдық  қабілеті  мен  мүмкіндіктерін  бекітеді,  жеке  ізденіс 
әрекеттерін  белсендіріп,  шығармашылықпен  айналысуға,  өзін-өзі  тәрбиелеуге 
ықпал жасайды» деп жауап қайтарған. 
«Пәнаралық  байланыста  оқушылардың  танымдық  қызығушылығын 
арттыру  үшін  не  қажет?»  деген  сұраққа  жауап  берушілердің  38,0%-ы 
мұғалімнің  сабаққа  жан-жақты,  тиянақты  дайындығы  қажет  екенін  атап 
көрсетті,  43,0%-ы  сабақты  түрлендіріп,  жаңа  әдіс-тәсілдермен  дәстүрлі  емес 


108 
 
сабақтар  беру  қажет  деп  санаса,  ал  қалған  19,0%-ы  оқушылардың 
шығармашылығын,  ізденімпаздығын  арттыру  қажет  деп  санайды.  Жүргізілген 
зерттеу  жұмысының  нәтижесін  қорыта  келе,  мектептердің  оқу-тәрбие 
үдерісінде  жаңартылған  білім  мазмұнының  бағдарламасына  сәйкес  пәнаралық 
байланысты  кеңінен  қолдану,  оқушылардың  үлгерім  көрсеткіші  мен  білім 
сапасының  артатындығын  көрсетті.  Зерттеу  барысында  бастауыш  білім  беру 
кезеңіндегі  оқу-тәрбие  үрдісінде  оқу  бағдарламасындағы  бөлім  және  ортақ 
тақырыптар негізінде жеке  пәндердің оқу  материалдарын  өзара байланыстыру 
мен  кіріктіру  жолдарын  пайдалануына  қарай,  мұғалімдердің  біліктілік 
деңгейлерін: төмен, орта, жоғары деп 3 деңгейге бөліп көрсеттік (...кесте). 
 
Кесте  2.  Мұғалімдердің  жаңартылған  білім  бағдарламасы  негізінде 
пәнаралық байланысты меңгеруінің өлшем көрсеткіштері 
 
Деңгейлер  
Көрсеткіштер 
Төмен 
  Жаңартылған білім мазмұны негізінде пәнаралық байланысты 
меңгеруге ұмтылатындар. 
  Пәнаралық байланысты қолдану тиімділігін сезінетіндер 
 
Орта 
  Жаңартылған білім мазмұны негізінде пәнаралық байланысты 
бөлім, ортақ тақырыптар жүйесімен таңдай алатындар. 
  Жаңартылған білім мазмұны негізінде пәнаралық байланысты 
мақсатты, тұрақты пайдаланатындар.  
 
Жоғары 
  Жаңартылған білім мазмұны негізінде пәнаралық байланысты 
тиімді пайдаланатындар. 
  Жаңартылған білім мазмұны негізінде пәнаралық байланысты 
қолдануда мұғалімнің жеке ынталылық әрекеті. 
Жаңартылған  білім  мазмұны  бойынша  бастауыш  сыныптарды 
педагогикалық  үдерісті  ұйымдастыру  барыстарында  пәнаралық  байланысты 
меңгеруінің біліктілік деңгейінің сапалық көрсеткішін қарастырдық. 
 
Кесте 3. Жаңартылған білім мазмұны негізінде мұғалімдердің пәнаралық 
байланысты меңгеруінің біліктілік деңгейінің көрсеркіші (бастапқы кезең). 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет