101
дамуының танымдық жемісі болғандықтан, жалпы адамзаттық құндылықтар
білім мазмұнына енуі қажет.
Қазіргі ғылым мазмұнындағы бағыт – жалпы білімнің ізгілік пен
руханилылыққа негізделген бірлікте болуын қарастырады. Білім мазмұнының
жаңа құрылымы мемлекетіміздің мәдени, рухани мүмкіндік-әлеуетін жаңа
сапалық деңгейге көтерілуін және пәндерді оқытуда бірнеше ғылымдар
саласымен
байланыстырудың
ғылыми-әдістемелік
мүмкіндіктерін
педагогикалық тәжірибеде көрсете білуін қамтамасыз етеді. Оқытудың
жаңартылған білім мазмұнын беру бағдарламасының негізінде мектеп
тәжірибесіндегі пәнаралық байланыс сабақтарын ұйымдастыру мен өткізудің
жаңа бір белеске көтеріліп отырғандығына көз жеткізе аламыз.
Бастауыш сынып оқушыларының әрекеті қарапайым танымдық ой еңбегі
түрлерін орындауға бағытталады. Өзінің жас шамасына сәйкес тапсырмаларды
ынталылықпен орындау нәтижесінде оқушылардың жеке тұлғалық болмысын
дамытуда еңбек мотиві ерекше сипатқа ие болады. Оқушылар танымдық
білімдерін жетілдіру барыстарында мұғалім ұсынған әртүрлі тапсырмаларды
өздігінен орындау дағдыларын дамытып, оқу ісіне, білім алуға бейімделеді.
Бастауыш білім беру кезеңіндегі оқушылардың ұғыну, қабылдау әрекеті
неғұрлым мақсатты сипатқа ие болып, әлемде, қоршаған орта – әлеуметтік
немесе қоғам мен табиғаттағы бейнеленген нәрсені немесе заттың түсіне қарай,
мұғалім көрсеткен көрнекіліктерге ерекше назар аудара алады. Мәселен,
«Әдебиеттік оқу» пәнінде дүниетану, көркем еңбек, жаратылыстану, қазақ тілі
пәндерінің оқу материалдарын өзара байланыстырып сабақ өтудегі үлгі
жоспарын төмендегідей құрастырып, келтіреміз. Оқушылар әдеби көркем
шығармаларды табиғатта орын алатын түрлі құбылыстарды бейнелеп,
көркемдеп, суреттеу, салыстыру және оның тәрбиелік, әрі танымдық
мүмкіндіктерін меңгерумен қатар, басқа да ғылым негіздерін беретін оқу
пәндерінің оқу материалдарымен өзара байланыстыра отырып игеруі –
оқушының ой-санасының дамуындағы талаптық жүйеге сәйкес келеді.
Оқушының танымдық ой-жиегін кеңейте түседі.
Бастауыш сынып оқушыларына жеке пәндерді оқытуда пәнаралық
байланысты кеңінен пайдалану, жан-жақты дамыту, біртұтас оқыту үдерісін
жаңаша тұрғыдан ұйымдастырудағы ұтымды, әрі табысты педагогикалық
шарттардың бірі. Бұдан шығатын қорытынды, бастауыш сыныптың әр
сабағында өтілетін тақырып мақсатына қарай тапсырмалар мен
жаттығуларды, дидактикалық материалдарды кеңінен қолданып, жеке
пәндердің оқу материалдарын өзара байланыстыру немесе кіріктірілген
жолмен оқушыларға тасымалдап беру – жаңартылған білім беру
мазмұнындағы бағдарлама талаптарын орындау және пәнаралық байланысты
оқушы тұлғасының тұрақты дамуының басты құралы ретінде пайдалану болып
табылады.
Достарыңызбен бөлісу: