«Мәңгілік ел» ұлттық идеясы және оның жеті құрамдас бөлігі
Мәңгілік Ел» - бұл Қазақстанның әлемдік саяси картада тәуелсіз, гүлденген мемлекет ретінде мәңгі өмір сүру идеясы, еліміздің тұрақты дамуын, сондай-ақ әр азаматтың жақсы өмір сүруін қамтамасыз ету үшін қажет құндылықтар, оларды сақтау мен насихаттау идеясы.
Аталған идея қазақ елінің ғасырлар бойы армандаған мақсаты ғана емес, Тәуелсіздік жолындағы жанқиярлық еңбегі мен тынымсыз шығармашылығының нәтижелері арқылы қол жеткен асу. «Мәңгілік ел» ұғымын тереңнен түсіндіру, тарихи негіздерін көрсету мәселелері маңызды болып табылады.
Мәңгілік ел» патриоттық акті бұл жалпыұлттық идеяның құжат жүзіндегі формасы, бұл халық бірлігінің әмбебап әрі толыққанды генетикалық бағдарламасы. Біздің мәдени-рухани құндылықтарымыз, экономика, саясат, мораль мен сенім мәселелері, жаһандық әлемде Қазақстанды қай жерден көретініміз бәрі-бәрі осы құжатта көрініс табуы шарт.
Мәңгілік Елдің мызғымас Жеті тұғыры.
Тәуелсіздік және Астана.
Жалпыұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім.
Зайырлы Мемлекет және Жоғары Руханият.
Инновация негізіндегі тұрақты Экономикалық Өсім.
Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы.
Тарихтың, Мәдениет пен Тілдің ортақтығы.
Ұлттық қауіпсіздік және Қазақстанның жалпы әлемдік және өңірлік проблемаларды шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы.
Цифрлық Қазақстан мемлекеттік бағдарламасы
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы – бұл цифрлық технологияларды қолдану есебінен елдің әрбір азаматының тұрмыс деңгейін арттыруды көздейтін маңызды кешенді бағдарлама.
Бағдарламаның негізгі мақсаттары Қазақстан Республикасының экономикасын дамытудың қарқынын арттыру және халықтың өмір сапасын жақсарту, сондай-ақ экономиканың негізінен жаңа траекториясы – болашақтың цифрлық экономикасына өту болып табылады.
Мембағдарламаны 2018-2022 жылдарда іске асыру басты бес бағыт бойынша жүргізілетін болады:
1. «Экономика салаларын цифрландыру»– алға бастайтын технологияларды және еңбек өнімділігін арттырып, капиталдандырудың өсуіне бастайтын мүмкіндіктерді қолдана отырып ҚР экономикасының дәстүрлі салаларын қайту құру.
2. «Цифрлық мемлекетке өту»– халық пен бизнеске олардың қажеттіктерін алдын ала болжай отырып қызметтер көрсету үшін мемлекеттің инфрақұрылымын қайта құру.
3. «Цифрлық Жібек жолын іске асыру»– деректерді беру, сақтау және өңдеудің жоғары жылдамдықтағы және қорғалған инфрақұрылымын дамыту.
4. «Адами капиталды дамыту»– креативтік қоғам құруды және жаңа реалиялар – білімдер экономикасына өтуді қамтитын түрлендірулер.
5. «Инновациялық экожүйені құру» – бизнес, ғылым саласы және мемлекет арасында берік байланысы бар технологиялық кәсіпкерлікті дамыту, сондай-ақ инновацияларды енгізу үшін жағдай жасау.
«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде іске асырылған барлық іс-шаралар мен жобалар мемлекеттік басқарудың тиімділігі мен ашықтығын арттыруды, халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуді, білім және денсаулық сапасын, сондай-ақ инвестициялық ахуалды жақсартуды, еңбек өнімділігі мен ІЖӨ құрылымында кіші және орта бизнестердің үлесін артыруды мүмкін етеді.