Саясат адамзат қатынастары арасындағы өте күрделі сала. Оны көпшілік ғылым деп атап көрсетіп жатса, өнер деп есептейтіндер де кездесіп жатады. Саясаттың ең маңызды міндеттерінің бірі – түрлі әлеуметтік топтар мүдделерін ескере отырып қоғамды басқару.
Саясат – мүдделер күресі (қоғамның барлық өкілдері мүдделерін ескере отырып басқару өнері). Түсінік гректің πολιτικός, яғни πολι (поли) жиынтық, көптеген деп айдарылса, τικός (тикос) — мүдде; (тікелей аударсақ «мүдделер жиынтығы, көптігі»).
«Саясат» термині мемлекетпен, өкімет билігі қатынастарымен, адамдар мен қоғамға басшылық ету ғылымымен байланысты көне заманғы ұғымдарға негізделген. Мəселен, «полис» қала-мемлекет, «политикос» мемлекет қайраткері, «политейя» конституция.
Саясат дегеніміз, мемлекеттік жəне қоғамдық істер, адамдар, əлеуметтік топтар, халықтар мен мемлекеттер арасындағы айқын көрінетін жəне өкімет билігі жөніндегі қатынастарымен байланысты қызмет саласын білдіреді. Əлеуметтік құбылыс ретінде оған саяси институттар мен ұйымдардың қызмет атқаруы, саяси нормалар мен дəстүрлері, адамдардың басқару қызметі, олардың əлеуметтік-саяси мүдделері мен қажеттері, саяси идеялары мен көзқарастары жатады.
Саясат қоғамнан тыс өмір сүре алмайды, қоғам, өз кезегінде, адамдардың өмірлік қызметінің: шаруашылық экономикалық, əлеуметтік, саяси жəне рухани қызметтерінің өзара байланысты, өзара тəуелді, бірақ едəуір дəрежеде дербес салалар жиынтығынан тұрады.
Қоғам өміріндегі саяси саланың мəртебесі Саяси саланың басқа салалардан айырмашылығы: ол сөздің белгілі бір мағынасында осыларға қатысты үстемдік рөлін атқарады. Саяси саланың мұндай жағдайы оның ауқымында қабылданған заңдарды, шешімдерді, жарлықтарды, нұсқауларды барлық қоғамдық салалардың міндетті түрде орындауына байланысты болады. Осыған орай, саяси саланың, əсіресе, қоғам дамуының өтпелі жəне күрделі кезеңдерінде тиісінше артықшылықтары болады.