Саясат қоғамдық өмірдің саласы ретінде


Жеке ұлттық кодты сақтау Қазақстанды жаңғыртудың негізгі шарты



бет45/51
Дата13.12.2022
өлшемі200,78 Kb.
#56955
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   51
Байланысты:
Ñàÿñàò ?î?àìäû? ?ì³ðä³? ñàëàñû ðåò³íäå

Жеке ұлттық кодты сақтау Қазақстанды жаңғыртудың негізгі шарты

Қазіргі заманғы қазақстандық мәдениет ұлттың генетикалық кодының қалыптасқан тарихи-мәдени негізі бар жаһандық мәдени диалогқа белсене қатысуы үшін барлық алғышарттарға ие. Ұлттың мәдени кодының негізгі құрамдас бөліктері мұра, салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар, тіл, отбасы, шаруашылық жүйелер (өмір салты), мерекелер болып табылады.
Ұлттық код мәселесіне тоқталсақ, бұл аса терең ұғым. Ұлттық код дегеніміз – ұлттық болмыс. Яғни, бір халықты басқа халықтан ажыратып, танытатын және сол халықтың әлем қауымдастығы алдында басқаға ұқсамайтын таным-түсінігі мен бітім-болмысын айқындап тұратын сипаты. Бұл сипаттың ерекшелігі – дара халықтың жаратылысындағы айырықша антропологиялық генези­сінен бастап, ғасырлар бойы үзілмей келе жатқан дәстүр-салты, мінез-құлқы, арман-мұраты, тілі мен ділі, тұрмыстық-шаруашылық негіздеріне дейін толық қамти алуында. Бір сөзбен айтқанда, этностың тұтастығын сақтап тұрған кілтінің бүтін болуы.
Қазіргі жаһандану кезеңінде жойы­лып кетуден аман қалуын ойлаған әрбір халық алдымен өзінің байырғы рухани-тектік қасиеттерін мейілінше жаңғыртып, осы арқылы заманауи ғаламдық бәсекелестікке төтеп бере алу жағын ескергені жөн.
Үш тағанды қазақстандық жаңғыртудың міндеттерімен белгіленген, бірінші кезеңде көзделген қазақстандықтардың ұлттық кодын қалыптастыру, ұлттық сәйкестікті сақтау, шығармашылық ресурстардың әлеуетін нығайту, мәдениет пен туризмде кластерлік индустрияның симбиозын дамыту, креативті индустрия аймағын құру, сондай-ақ өзінің шағын отанын қолдау бастамаларын ілгерілету шаралары практикалық жүзеге асырылуда. Бұдан басқа, елдің ұлттық рәміздері мен мәдени бренді, Қазақстанның киелі жерлерінің мәдени-географиялық картасы, үздік туындылары жаһандық әлемде мәдениет пен өнер саласында ілгері жылжып, кеңінен таралуда.
Қоғамдық сананы жаңғыртуға, рухани жаңаруға және ұлттың мәдени кодын нығайтуға ықпал ететін дәстүрлі құндылықтарды қолдау, адамгершілік бағдарларын қалыптастыру және тілді дамыту, мәдени-тарихи құндылықтарды және дәстүрлерді сақтау, Қазақстанның киелі жерлерінің мәдени-географиялық картасын қалыптастыру, жаһандық әлемде қазақстандық заманауи мәдениетті ілгерілету, өзінің “Туған жер” кіші отанына сүйіспеншілігі мен әлеуметтік сыйластығы арқылы жүзеге асырылады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет