Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде. Саясаттанудың негізгі парадигмалары мен мектептері



бет7/16
Дата29.04.2022
өлшемі191 Kb.
#32827
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16
Дәріс № 7 Мемлекет және азаматтық қоғам. Мемлекет қоғамның саяси жүйесінің негізгі институты ретінде. Азаматтық қоғам: мәні, құрылымы, функциялары.

1. Мемлекет: мағынасы, мәні, белгілері.

2. Мемлекеттің құрылымы мен қызметтері.

3. Мемлекеттік құрылыстың формалары.



  1. Мемлекет – белгілі бір территорияны қамтитын, осы территориядағы тұрғындарына өз билігін тарататын, біртұтастық пен суверенитетке ие ерекше саяси ұйым немесе қоғам институты.

Мемлекет белгілері: 1) қоғамнан ресми биліктің оқшаулануы; 2) территория; 3) тұрғындар; 4) мемлекеттік билік суверенитеті; 5) мемлекеттік биліктің жоғары болуы; 6) легальді емес күш көрсетудің монополиясы; 7) халықтан салық жинау құқығының монополиямы; 8) азаматтылық;9) қоғамды жалпы талаптарын қанағаттандыратын орталық ретінде саналуында қайшылықтар мемлекет – халықарадық қатынас субьектісі.

Қазіргі халықаралық құқықта мемлекет белгілерінің минималды 3 түрі бар:

1) территория;

2) азаматтылығымен біріктіретін халық;

3) территория мен халық көбінде орындалатын эффективті бақылау ретіндегі егеменді билік.

2. Мемлекет құрылымы: өкілетті орган (парламент), іске асырушы-тағайындаумы орган (президент, премьер, үкімет), бақылау органдары, соттық жүйе, қоғамдық тәртіпті қорғаушы органдар, мемлекеттік қауіпсіздік органдары.

Мемлекеттің негізгі қызметтері:

Ішкі қызметтері: 1) экономикалық функция, 2) әлеуметтік функция; 3) құқықтық функция; 4) мәдени-тәрбиелеуші функция; 5) рухани-идеалогиялық функция; 6) саяси функция;

Сыртқы қызметтері: 1) жеке тұлғаның, қоғамның, мемлекеттің қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуі; 2) шетелде мемлекет пен азаматтар талаптарының орындалуы; 3) шетелде жүрген азаматтардың жеке құқық пен еркіндіктерін қорғалануы; 4) шетелдегі этникалық диаспораларға үстемдік жасау; 5) басқа мемлекеттермен жағымды қарым-қатынастың орнауы, бейбіт өмір принцитеріне құрылған қатынастардың дамуы.



3.Мемлекеттік құрылым формалары – орталық және аймақтық мемлекеттік органдардың және олардың қосалқы бөліктер арасындағы байланысты қамтамасыз ететін мемлекеттің саяси-территориялық ұйымдастырылуы.

Мемлекеттік құрылымның 3 формасы:



    1. унитарлы мемлекет - әкімшіл-территориялық бірліктер ортақ билеуімен, жеке дара мемлекеттік білім берудің жоқтығымен сипатталатын мемлекеттік құрылым формасы.

Негізгі белгілер:

- бүкіл мемлекетке ортақ және бүкіл территорияны қамтитын өкілетті, атқарушы, сот органдардың бар болуы;

- құқық пен қаржы, заң шығарушы жүйелердің ортақтылығы;

- барлық әкімшіл-территориялық бірліктер (облыстар, департаменттер, ауылдар) бірдей заңды статусқа ие; өзіндік саяси еркіндігі жоқ, яғни заң шығарушы және ішкі саяси органдардың жоқ болуы. Тек шаруашылық пен әлеуметтік-мәдени орталарда еркін жұмыс атқара алады.

2) Федеративті мемлекет - өз тарапынан бірнеше мемлекеттердің ортақ бір одақтық мемлекетке бірігуі.

Негізгі белгілер:

- территория субьекттер территория сынан тұрады; ішкі шекаралар тек федерация субьектілер келісіммен өзгертуге болады;

- билеу 2 сатыдан тұрады: федеративті және республикалық. 2 сатының да билік органдардың қызметтері федеративті конституциямен бекітілген;

- екіжақты құқықтық жүйенің, екіжақты азаматтылығының, екіпалаталы парламенттің (бірнеше палата федерация субьектілердің талаптарын талқыласа, екінші палата жалпы халықтық мәселелерді қамтиды) бар болуы;

- одақтық мемлекеттік органдар ішкі саяси функцияларды атқарады;

- федерация субьектілерде федерациялық келісімді бұзуға және федерация құрамынан шығуға құқығы жоқ.

Әдебиет:


1.Жамбылов Д. Саясаттану. А., 2003


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет