Дәріс № 13. Саяси даму және модернизация.
1. Саяси модернизацияның мақсаты, оның негізгі сипаттары.
2. Саяси модернизацияның кезеңдері мен факторлары.
3. Модернизациялық үдерістегі дәстүрдің рөлі.
Саяси жүйе саясаттың біртұтастығын, оның элементтердің өзара байланысын айқындайды, ал элементтер оған мақсатқа жетуге, қызмет етуге, тұрақты болуына ықпал етеді. Ал саяси процестер белгілі бір қызметті немесе рөлдерді атқаратын саяси институттар мен субъекттер арасындағы қатынастарды алады, саясаттың өзгеруін көрсетеді. Саяси қатынастардың мазмұнын мен сипатын субъектілер мен билік өкілдерінің саяси мәдениет дәрежесімен анықталады.
Саяси процесс – саяси іс-әрекеттердің, құбылыстардың өзара байланысқан тізбек, қоғамдағы саяси биліктің дамуына, қолданылуына, қалыптасуына, жаулап алуына бағытталған саясат субъектілерінің іс-әрекеттердің жиынтығы.
Саяси процесс тәртіптері:
Саяси тәртіптің қайталанып жұмыс істеуі – саяси процестер басқарушылар мен сайлаушылар, азаматтар мен мемлекет арасындағы қалыптасқан қатынастарды сапа жағынан айтарлықтай өзгертпей, күнделікті орнына келтіріп, құр қайталайды.
Саяси тәртіптің дамуы – билік мемлекет ішіндегі және мемлекет аралық аренадағы саяси күштердің ара салмағында немесе әлеуметтік құрылымдағы өзгерістерге тепе-тең қарайды.
Саяси тұтастықтың құлдырауды және ыдырауы – кірігу, жинақталудың орнына саяси субъектілердің бөлшектену үрдісі басымдық алады, билеуші тәртіптің ыдырауы күмән тұдырмайды. Оның шешімдері басқару қабілетін жояды.
Саяси процестердің жіктелуі:
саяси еркіндікті іске асыру объектісіне қарай:ішкі саяси; сыртқы саяси;
саяси жүйеге ықпал ету түрлеріне қарай:
революциялық – тез жүретін процесс, биліктің сапалы өзгеруі, мемлекет Конституциясын толықтай өзгерту, билік режимді келісімді немесе мәжбүрлеу шаралары арқылы биліктен тайдыру; көпшілік саяси қозғалыстар нормалардың стихиялы түрде болуы; билеу шешімдерін қабылдау үшін уақыттың жетіспеушілігі; кеңес беруші және экспертті органдардың рөлі бәсендеуі; саяси лидерлер жауапкершілігі артады; іскі және жаңа элита арасында келіспеушіліктің күшеюі.
эволюциялық – электор мен рационалды элита арасындағы жиналған қайшылықтарды біртіндеп шешілуі; биліктің легиттимділігі және ортақ әлеуметтік-мәдени құндылықтардың, басқарушы және бағынышты бағыттардың бар болуы; консенсус этикасы мен конструктивті оппозицияның болуы; басқару саяси өмірдің өзіндік басқарылуымен және өзіндік ұйымдастырылуымен толықтырылады.
билік субъектілерінің қызмет ықпалдылығы және өзара қатынастарының тиянақтылығына байланысты:
- тұрақты – билік институттары өтімді, сенімді жұмыс істейді, азаматтар да саяси іске белсенді қатысады. Саяси шешімдер дәстүрлі демократиялық жолмен қабылданып жатады. Әлеуметтік түсінбеушілік, кикілжіндерді азататтық ұйымдар өздері реттейді. Мемлекет олардың ісіне араласа бермейді. Жалпы халықтың жақсы елде заңды тәртіп орнайды. Көшілік жұрт билік институттарының іс – қимылын қанағаттанғандықпен қабылдайды.
- тұрақсыз - әдетте қоғам өмірі күйзеліске ұшырап, тығырыққа тірелген шағында пайда болады. Оған халықаралық қатынастардағы соғыстағы жеңіліс, өндірістің ұзақ уақыт құлдырауы, көпшілік халықтың әл – ауқатының нашарлап, төмендеуі және т.с.с. әлеуметтік кикілжіндер себеп болады. Қайшылықтардың күшейіп, асқынуы, дер кезінде шешілмеуі көпшілік жұрттың наразылығын тудырады.
5) саяси билікті ұйымдастыру жүйесінің сапасына қарай:
- демократиялық – халық тікелей немесе өкілдері арқылы билікке әсер етеді;
- антидемократиялық – билік авторитарлық көсем, монархтың, бір билеуші партияның, әскери топтың қолында болады.
Әдебиет:
1.Жамбылов Д. Саясаттану. А., 2003
2.Қуандық Е. Саясаттану. А., 2001
3.Байдельдинов Л. А. Теориялық саясаттану. А., 2005
Достарыңызбен бөлісу: |