Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде. Саясаттанудың негізгі парадигмалары мен мектептері



бет1/16
Дата29.04.2022
өлшемі191 Kb.
#32827
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
лекция жинағы политология (1)2021-22


Дәріс №1. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде. Саясаттанудың негізгі парадигмалары мен мектептері.

  1. Саясаттанудың ғылым ретінде қалыптасуы.

  1. Саясаттанудың обьектісі.

  1. Саясаттанудың негізгі шарттары мен функциялары.

  2. Саясаттанудың құрылысы мен методтары.

1.Саясаттанудың ғылым ретінде қалыптасуы. Адамзат саясаттың сиқырлы сырын, құбылмалы құбылысын өте ерте заманнан түсініп-білгісі келді. Ежелгі Шығыс, антика-лық дәуірдің ойшылдары мемлекеттің, саяси биліктің мән-ма-ғынасы неде және кімге қызмет етеді, қоғамдық құрылыстың қандай түрлері бар және олардың ең жақсысы, халыққа ең қолайлысы қайсысы деген сияқты сауалдарға жауап іздеген. Бірақ ол кездегі пайымдаулар негізінен діни-мифологиялық сарында болатын. Себебі, ертедегі адамдар жер бетіндегі өмірге құдайдың құдіретінен туған жалпы әлемдік космостықтәртіптің ажырамас бөлігі ретінде қарады. Мысалы, Мысырда (Египет-те), Вавилонда (казіргі Ирак), Үндістаңда, сол кездегі мифтер-ге сүйенсек, басқарушының билік көзі құдайда және ол жер бетіндегі істерді реттеп, тындырып отырады. Көне Кытай мифі бойынша билік кұдайдың құдіретімен жүргізіледі де, ал іске асырушы онымен байланысты император болып есептелген. Ежелгі гректер ең алғашқы билікті жүргізуші құдайлардың өздері деп пайымдаған.Кейінірек адамзаттың іс-тәжірибесінің, ақыл-ойының, мәдениетінің дамуына байланысты саясаттың ұғымдары, түсініктері, тұжырымдамалары пайда бола бастады. Қоғамдық-әлеуметтік және саяси құрылымы мен қатынастарының одан әрі курделіленуі, материалдық өндірістің, халық санының есуі оның еміріне мемлекеттің тікелей араласуына әкеліп соқтыр-ды. Мұндай жағдайда ұлы ойшылдар саясатты ғылыми тұрғы-дан түсініп, оны орынды пайдаланудың, мемлекетті тиімді бас-қарудың жолдарын іздестіре бастады. Бұдан келіп саяси тео-риялар туды.

Біздің з.б.бірінші мыңжылдықтыңортасыңдасаясаттыдіни-мифологиялық танудың орнына философиялық-этикалық түсіну түрі келеді. Мұнда аса зор еңбек еткендер — Конфуций, Платон, Аристотель сияқты ғұлама ғалымдар. Бұл ойшылдар саясатты теориялықтұрғьщан зерттеп, оны этикамен тығыз бай-ланыста қарады. Олар саясатты адамдардың мақсат-мүддесіне сай келуге, адамгершілікке негізделуге тиіс деп ұқты.

Саяси ғылымның генезистік тамырлар байырғы қоғамда жатыр. 4,5 мың жылдай бұрын Ежелгі Шығыс елдерінде қалыптасқан. Сол уақытта бірінші мемлекеттік білім де қалыптасқан. ΧΙΧ ғ. Оны жеке дара білім бағыты ретінде қабылдады. Н. Вебер, В. Парето, Г. Моска, Р. Михельс, Т. Парсонса және т. б. зертеулерінде саясаттану жеке дара мағынаға, мазмұнына ие болды. Сол жылдары саясаттану жеке оқу пәні ретінде санала бастады: 1897ж. США-да Колумбиялық колледжде саяси ғылым мен тарих кафедрасының ΧΙΧ ғ. Соңында Лондон мектебінде экономика мен саяси ғылым мектебінің пайда болуы; Йелдік, Гарвордтық, Притондық, және басқа да США университетінде оқу пәні ретінде енгізілуі; 1903ж. – Америкалық саяси ғылым ассоциациясы. Саясаттану қарастыратын мәселелер туралы ЮНЕСКО (1948) резолюция: саяси теория; саяси институттар; партиялар және қоғамдық көзқарас; халықаралық қатынастар.

2. Саясаттану – зерттеу обьектісі, мақсаты, бағыты, шарттары, методологиясы бар жеке дара ғылым. Саяси шындық, қоғамның саяси өмірі – саясаттанудың зерттеу және бақылау обьектісі. Саясаттану пәні – саяси шындықтың әділ бағалануы. Саясаттанудың бірнеше түсініктері бар: 1) саясат туралы ғылым; 2) мемлекет туралы ғылым; 3) билік туралы ғылым. Саясаттануға байланысты ілімдер мен категориялар: «саяси», «мемлекеттік», «қоғам», «билік», «тұлға», «бостандық», «саяси режим», «билік формасы», «саяси жүйе», «саяси қатынастар», «саяси процесс» және т. б.

3. Саясаттанудың негізгі шарттары – билік пен билік қатынастарын, тарих ғылымын, теоретикалық, методикалық негіздер ғылымын, әлеуметтік пен рухани негіздер саясаттың, саяси процестерін мен мәдениетін, халықаралық қатынас пен саяси мемлекеттерін, саяси болжауларын түсіндіру, зерттеу, бақылау.


Әдебиет:

1.Жамбылов Д. Саясаттану. А., 2003

2.Қуандық Е. Саясаттану. А., 2001

3.Байдельдинов Л. А. Теориялық саясаттану. А., 2005

4.Мағзұмов М. Т. Саясаттану негіздері. Дәріс курсы. Өскемен, 2002

5.Рахметов Қ. Саясаттану.  А., 2005




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет