Саясаттану ғылымы және оқу пәні ретінде Саяси ғылымның қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері



Дата04.01.2023
өлшемі83,18 Kb.
#60372
Байланысты:
саясаттану аяна рк2 жанар ганиевна

  • Саясаттану ғылымы және оқу пәні ретінде
  • Саяси ғылымның қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері
  • Қоғамдық өмір жүйесіндегі саясат
  • Саяси билік: мәні мен жүзеге асыру механизімдері
  • Саяси элиталар және саяси көшбасшылық
  • Қоғамның саяси жүйесі
  • Мемлекет және азаматтық қоғам
  • Саяси режимдер
  • Сайлау жүйелері мен сайлау
  • Саяси партиялар, партиялық жүйелер мен және қоғамдық саяси қозғалыстар
  • Саяси мәдениет пен мінез-құлық
  • Саяси сана мен саяси идеология
  • Саяси даму мен модернизация
  • Саяси шиеленістер мен дағдарыстар
  • Әлемдік саясат және қазіргі халықаралық қатынастар

1. Саясаттану ғылымы және оқу пәндері
Саясаттану ғылымы
Саясаттану басқа ғылымдармен байланыса дамиды. Саясаттануға байланысы бар ғылымдар: философия, экономикалық теория, құқықтық ғылым, тарих және әлеуметтану.
Саясаттану өмірдің жалпы жақтарын қарастырғанда философия тұжырымдарына сүйенеді. Ал құқықтық ғылым мен экономикалық теориямен өзара байланысып белгілі функцияларды атқарады. Әлеуметтану ғылымы саясаттануға ең тығыз байланысқан ғылым. Саясаттанудың негізгі назары саясатта болса, әлеуметтанудың негізгі назары саясатты жасаушы адамда
Саясаттану гректің «саясат» және «ілім» деген сөзінен енген. Саясаттану ежелде діни-морфологиялық түрде дамыды. Ежелгі Қытай, Египет және Грекияда билікті дінмен байланыстырды. Кейін б.з.б 1ші мың жылдықта діни танудың орнына фиолософиялық-этикалық түсіну қалыптасты. Саясаттанудың бұл қалыптасу жолында Аристотель,Платон,Цицерон және Конфуций өз еңбектерін жазып қалдырды.
Өзге ғылымдармен байланысы
Пайда болуы және қалыптасуы
Саясаттану ғылымы
Саясаттану пән ретінде оқушыларға саяси мәселелер бойынша нақты білім жүйесін береді, нақты саяси шындықтың мәні мен болашақта дамуын, негізгі саяси институттар, ұйымдар, қозғалыстар мен үрдістер, саяси қатынастар жүйесіндегі жеке тұлғаның құқықтық жағдайы мен оның саяси өмірге қатысу жолдарын жан-жақты ашып көрсетеді.
Зерттеу объектілері
Саясаттану әдістері
Саясаттану қызметтері
Саясаттану пәні қоғамның саяси санасын, оның даму заңдылықтарын, қазіргі саяси өмірді ұйымдастырып, басқаруды, оның құрлысы мен сан-алуан қызметтерін зерттейді
  • Салыстырмалы әдіс — екі немесе одан көп саяси объектілерді бір бірімен салыстыру арқылы зерттеме жасау.
  • Социологиялық әдіс – саяси өмірдің құбылыстарын талдау үшін бағытталған нақты социологиялық зерттемелердің жиыны
  • Психологиялық әдіс – саяси тәртіптің субъективті механизмдерін, мінездемелерін, индувидуалды қасиеттерін зерттеуге арналған тәсіл.
  • Танымдық қызметі.Саясаттану қоғамдағы оқиғаларды танып білуге олардың саяси мәнін түсінуге және болашақты болжауға мүмкіндік береді.
  • Саяси әлеуметендіру қызметі. Демократиялық мемлекеттерде ол азаматтықты, халықтың демократиялық саяси мәдениеттілігін қалыптастырады
  • Реттеушілік, басқарушылық қызметі. Бұл қызмет арқылы саясататну ғылымы адамдардың саяси өмірінде өзін- өзі ұстауын іс-әрекетін реттейді.
  • Саяси өмірді жетілдіру қызметі. Бұл ғылым саяси инситуттар мен қатынас-тарда, басқаруда реформалар жасап, оларды байта қарауда теориялық негід болады
  • Болжау қызметі. Саяси зерттеулердің құндылығы саяси процестердің үрдісін сол күйінде бейнелеумен тоқтамайды.

Саясаттанудың негізгі парадигмалары
Теологиялық парадигма — әлемнің бәрін діни тұрғыдан түсіндірілген кезден пайда болған. Билік, мемлекеттік құрылым, елдің тұрмысы – бәрі де Құдай құдіретінен туындаған әлемнің бөлігі деп қарастырылған.
Натуралисттік парадигма – саясатты табиғи факторлермен түсіндіреді: географиялық ортамен, ауа райының ерекшеліктерімен, адамдардың биологиялық және психологиялық айырмашылықтарымен.
Әлеуметтік парадигма саясаттың табиғаты мен пайда болуын әлеуметтік факторлар арқылы түсіндіреді. Мысалы, марксизм саясаттың мәнін экономикалық қатынастардан шығарды.
Тиімді (рационалды) – сыни парадигма. Ол саясаттың табиғатын оның өз ішіндегі себептермен, қасиеттермен, элементтермен түсіндіреді. Оны жанжалдық және мәмілеге келу парадигмалары деп екіге бөлуге болады.
Жанжалдық парадигма XIX ғасырда пайда болды. Оның негізін қалағандар К.Маркс, А.Бентли, Земмель, Козер және т.б. Олар саяси өмірге дау-жанжал, шиеленістер шешуші рөл атқарады дейді.
Мәмілеге келу (консенсус) парадигмасының өкілдеріне М.Вебер, Дьюи, Э.Дюркгейм, Т.Парсонстар жатады. Олар саяси өмірдегі дау-жанжал, қайшылықтарды жоққа шығармайды. Алайда оларды мәмілеге келуден кейінгі екінші орынға қояды.
2. Саяси ғылымның қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері
Саяси ғылымның даму кезеңдері
Көне заман
Жаңа заман
Қайта өрлеу дәуірі
Орта ғасыр
б.з.д ӀӀ-Ӏ мыңжылдықтарда саяси көзқарастар тиімді бола бастады, сөйтіп, алғашқы саяси түсініктер мен ұғымдар, кейінірек саяси түжырымдар пайда болады. Бүл үрдіс бірінше кезекте Конфуция, Платон, Аристотель еңбектерімен байланысты.
Орта ғасырдағы саяси биліктің теологиялық теориясымен байланысты. Әлеуметтік-саяси ой діни қайраткерлер күшімен дамытылды, тіптен шіркеу мемлекет пен саясатта басым рөл атқарды. М.Августин, Ф.Аквинский еңбектерімен танымал.
Қайта өрлеу мен ағартушылық дәуірінде саяси теория діни құрсаудан азат етіліп, гуманистік бағытта дами бастайды. Бүл дәуірде адамның құқықтары мен бостандықтары, заң мен мемлекет, қоғамдық өмірді демократияландыру үшін зерттеудің орталық мәселелері болды. Н.Макиавелли, Т.Мор, Ж.Боден, Т.Гоббс, Г.Гроций, Дж.Локк еңбектерімен танымал.
Жаңа заманда Ш.Монтеське, Ж.Руссо, Б.Констан, И.Бентам, О.Конт сияқты ойшылдармен саяси идеологияның либералдық бағыты қалыптасты. Билікті бөлудің қажеттілігі негізделіп, құқықтық мемлекеттің негізгі сипаттары анықталды. Сонымен бірге, адам мен азамат құқықтары түжырымы қалыптастырылды.
Көне заман
Платон адамдардың жан дүниесіне мемлекеттік құрылымның бес түрінің сәйкес келетінін айтады (аристократия, тимократия, олигархия, демократия және тирания). Олардың әпқайсысы биліктерін өз мүдделеріне қарай іске асырады. Тимократияда әскери адамдар билікте болады, олар жиі соғысады, соғыс мемлекеттің басты байлығы болып есептеледі. Олигархияда байлар билікке ие болғандықтан, өздеріне дұшпандық ниеттегі кедейлермен үнемі қақтығыста болады. Бұл мемлекетте кедейлердің наразылығы нәтижесінде кез-келген уақытта мемлекеттік төңкеріс болуы мүмкін. Тирания – мемлекеттік құрылымның заңсыздық пен зорлық-зомбылық үстемдік еткен ең нашар түрі.
Платон идеалды мемлекет құру туралы жобасында аристократиялық мемлекеттік құрылымды жақтайды және өз жобасының қиындықпен болса да жүзеге асатынына сенеді. Идеалды мемлекеттің өзі де мәңгі өмір сүре алмайды.
Аристотель (б.з.д. 384-322жж). Еңбектері: «Афины политиясы», «Саясат», «Никомах этикасы». Аристотель тұңғыш рет саясат ғылымы туралы талдау жасауға кірісті. Саясатты ғылыми тұрғыдан түсіну адамгершілік пен этиканың дамыған ұғымы болып табылады.Әділдіктің екі түрін көрсетеді: теңестіретін және үлестіретін.Теңестіретін әділдіктің өлшемі ретінде «арифметикалық теңдік» қарастырылады. Бұл принциптің қолданылу аясы – азаматтық-құқықтық мәмілелер, шығынды қалпына келтіру, жаза және т.б. ал үлестіру әділдігі «геометриялық теңдік» принципі түрінде ұсынылады және бұл принцип ортақ игіліктерді еңбегі мен қоғамдағы орнына қарай бөлуге негізделеді.
Мемлекеттің дұрыс түрлері: монархия, аристократия, полития;
Мемлекеттің бұрыс түрлері: тирания, олигархия, демократия.
Ежелгі Қытай ойшылы Конфуций (б.з.д. 551-479 ж.ж.) өзінің саяси доктринасын моралды максималарға негіздендірді, үлгілі адам концепциясын жасады. Конфуций бойынша, ондай адам адмгершілікті, адал, таза ниетті болуы керек. Ойшыл идеяларын жанұйя, қоғамға, мемлекет ұйымдастыруға байланыстырған. Конфуций ел басқарудың «адамгершілікті басқару» принципін ұсынды. Басшы адам негізгі шешім қабылдауда тұрақты және адал болып өз халқының жағдайын ойлап түру керек деген.
Орта ғасыр
Орта ғасырда саяси ғылым теологиялық бағытта дамыды. Яғни оның өкілдері саясатты дінмен сабақтастырды.
Христиан дінінің саяси теориясын жасап , шыңына жеткізген монах Фома Аквинский ( 1225—1274 ) болды. Оның саяси көзқарастары «Билеушілердің басқаруы туралы»,«Теологияның жиынтығы» деген еңбектерінде қаралды.
Ф.Аквинский Аристотельдің саяси көзқарастарын католиктік шіркеу
догмаларына бейімдеп, шіркеудің ыкпалын арттыруға тырысты. Фома
Аристотельдің «адам саяси жануар» деген пікіріне қосыла отырып,
адамдар табиғатынан ұйымдық өмірге мұқтаж екендігін мойындайды.
Мемлекеттің пайда болуы қ^дайдың әлемді жарату процесіне
сипаттас. Құдай бірінші заттарды жаратып, кейін оларды өмірге
жинактап, іске қосса, Монарх та бірінші завдар мен тәртіп орнатып,
оларға ұйымдық сипат береді.
Бұл заманда христиан дініне көп еңбек сіңірген Аврелий Августин ( 354-430 ) еді. Ол христиан фәлсафасының негізгі қағидаларын зерттеп, жетілдірді. Оның саяси көзқарастары “ Құдай қаласы туралы ” деген еңбегінде баяндалған.
Августин барлық әлеуметтік , мемлекеттік және құқықтық мекемелер мен заңдарды адамның күнәсінің нәтижесі деп санады. Оның ойынша , құдай адамға еріктің еркіндігін береді, яғни ол өз бетімен ( күнәһар болып ) немесе құдай жолымен өмір сүруге мүмкіндігі бар. Соған орай ол адамдарды құдай жолымен және адам жолымен өмір сүрушілер деп екі түрге бөлді . Бұл топтарды рәміз ретінде екi қала деп атайды . Біріншісін, болашақта құдай мен мәңгілік патшалық құратын, екіншісін, жын - шайтандармен бірге мәңгілік жапа шегіп, сазайын тартатын адамдардың екі қоғамы деп түсіндірді .
Қайта өрлеу дәуірі
Саясаттанудың ғылым ретінде қалыптасу жолындағы елеулі кезең Қайта Өркендеу дәуіріндегі саяси ойлар мен Н. Макиавелли, Т. Мор, Ж. Боден шығармашылығын атай аламыз.
Н. Макиавелли саясаттанудың қазіргі үлгісінің қалыптасуына үлес қосқан. Ол саясаттануды теологиялық көзқарастан ажыраты, жеке ғылым ретінде дамуына жол салған.
Ол әлемдік саяси ғылымдар тарихына өзінің биліктің пайда болуы мен мәні, басқару түрлері, саяси процестерге қатысушыларға қойылатын талаптары туралы көзқарастары көрініс тапқан «Патша» атты еңбектің авторы ретінде енді. Бұл еңбегінде ойшыл ерекше орынды саяси лидерлік технологияларына береді. Макиавелли өзінің саяси көзқарастарында саясаттағы шындықтың шынайы шарттарын есепке алатын, саяси қимылдардың тәжірибе пайдасына бағынатын саяси реализм қағидасын ұсынды.
Томас Мор қарастырылып отырған кезеңде социалистік бағыттағы еңбектерге көп мән берген зерттеуші және жоғарыда аталып өткен Н. Макиавелли идеяларына мүлдем ұқсамайды. Өзінің танымал «Утопия» еңбегінде жеке меншік бар кезде әлеуметтік организмнің сауығуына еш мүмкіндік жоқ. Сонымен бірге мынадай пікірлер ұсынады: «Тек жеке меншік бар жерде мемлекеттік істер дұрыс және сәтті жүргізілмейді. Адамзаттың бұдан шығатын бір ғана жолы бар - жеке меншікті толықтай жою».
Жаңа заман
Бұл дəуірдің көрнекті өкілдерінің бірі ағылшын ойшылы Томас Гоббс ( 1588-1679 ) .Оның ойынша , мемлекет қоғам дык келісімнің негізінде жалпыға бірдей бейбіт өмір мен қауіпсіздікті сақтау үшін пайда болды . Қоғамдық келісім бойынша патшаға жеке адамдардың құкы тапсырылады . Адамдар өз тілектері мен еріктерін шектеп , бар лық билікті мемлекетке берді . Ол монархиялық мемлекетті ұнатты .
Франциядағы буржуазиялық революцияның көрнекті өкілі Шарль Луи Монтескье əр халықтың адамгершілік бейнесін , оның заңдарының айырмашылығын , қоғамның дамуын Географиялык ортаға байланыстырды . Бостандық – заң неге ерік берсе , соны істеу . Саяси бостандық экономиканың , өндірістін , сауданың дамуына əсер етеді . Ол сөз , баспасөз , бостандығын жақтады . Мемлекет азаматтарды өмірге кажетті каражаттармен камтамасыз етуге міндетті . Бостандықты баянды ету мақсатын да жане төңкерістерге жол бермеу үшін билікті заң шығаратын , атқарушы жəне сот билігі етіп болу керек деді .
Америка халқының демократия жолында азаттық күресі Томас Джефферсонның атына байланысты . Ол сол кездегi ұлы революциялық кұжат - Америка Құрама Штаттарының " Тəуелсіздік Декларациясын " жазды . Мемлекеттік үкіметті кұрап , оны бакылау құкынан еш адамды шеттетуге болмайды . Егер өкімет халық құқығын қорласа , ондай үкіметті ауыстырып , өзінің қалауына сай өзгертуіне болады .
Жаңа заманда саяси санада айтарлықтай із қалдырған немістің классикалық философиясының негізін салушы Иммануил Кант ( 1724 – 1804 ) . Оның саяси пікірлері “ Космополиттік көзқарас жөніндегі жалпы тарихтың идеялары ” , “ Өмірлік бейбітшілікке ” деген еңбектерінде баяндалған .
Францияның ойшыл - ағартушысы Жан Жак Руссо ұсақ буржуазиянын , шаруалардың мүшесін қорғады . Ол еркіндік пен теңдікті ең жоғарғы игілік деп санаған болатын. Еркіндіктің кепілі теңдік , ал теңдік саясатта ғана емес , мүлікте де болуға тиіс . Мемлекет шектен тыс байлық пен кедейлікке жібермей , адам дар арасында теңдікті сақтауы керек . Руссо тікелей халык билігін ұсынды . Егер елдің жері үлкен болса , халықтың өкілдігін қолдануға болады . Бірақ бұл ретте депутат халык кызметшісі болуға тиіс . Руссо оқтын - оқтын халық жиналысын өткізіп , онда үкімет есеп беруін талап етті .
Қазақстандағы саяси ойдың дамуы
Қазақтың бірінші философы, әлеуметтанушысы, математигі, астрономы, физигі, ботанигі, логика және тіл маманы, музыка зерттеушісі Әбу Насыр Мұхаммед ибн Тархан Әл-Фараби 870-950 жылдары өмір сүрді. Бабамыз ғылымның сан саласы бойынша 160-тан астам трактаттар жазып, артына мол мұра қалдырды. Саясаттануға байланысты “Рахымды қала тұрғындарының көзқарастары”, “Азаматтық саясат”, “Бақытқа жету жолдары”, “Саясат туралы” деген еңбектері бар.
XIX ғасырдағы Қазақстанның қоғамдық-саяси ойында өз халқының барлық рухани-адамгершілік құндылықтарын сіңірген Абай маңызды орын алады. Оның саяси көзқарастарының қалыптасуына Шығыстың философиялық және саяси ойы әсер етті. Абай елдегі моральдық құндылықтардың құнсыздануына назар аударады. Мұндай қоғамда зұлымдық, моральдық саңырау, надандық басым. Мемлекеттің өзінде қылмыс билік етеді, ол енді заңның кепілі емес, биліктің өзі қылмыскер болады. Абай қоғамдық өмірдің жағымсыз жақтарын, басқару мәселесі, мемлекет, құқық статусы туралы ой елегінен өткізе отырып, Тәуке ханның, Есім мен Қасым ханның адамгершілік-құқықтық қағидаттарын қалпына келтіру және белгілі бір түрлендіру қажеттігі туралы айтады.
Шоқан Уәлихановтың демократиялық көзқарастары ерекше назар аударуға лайық. Бұған мысал ретінде оның "сот реформасы туралы жазбалар" еңбегі, онда далада патша сот төрелігінің "дәрменсіздігі" атап өтілген. Патша соттарының жергілікті халықтың әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерін білмеуі парақорлық пен әділетсіздікті тудыратын судьялардың немқұрайлылығы мен дөрекілігіне әкеледі. Ол әлеуметтік прогрестің алғашқы шарты - ағарту мен ғылымның өркендеуі, одан кейін басқа реформалар деп санады.
3. Қоғамдық өмір жүйесіндегі саясат
Қоғамдық өмір жүйесіндегі саясат
Саясат – бұл ресурстарды таратуды басқару. Бұл билікті алу, сақтап қалу және пайдаланумен байланысты қоғамдық өмір-салттың саласы. Өз кезегінде қоғамдық өмір салаларына сәйкес саясаттың түрлері:
Мемлекеттік-әкімшілік
Мәдени
Әлеуметтік
Ұлттық
Экономикалық
Мемлекеттік-әкімшілік құрылымның саясаты, билік-саясат саласындағы қатынастарды реттеу
Этностар арасындағы қатынастарды реттеу
Қоғамдағы орнына байланысты азаматтар мен әлеуметтік топтар арасындағы қатынастарды реттеу
Рухани өмірдегі азаматтар мен әлеуметтік топтар арасындағы қатынастарды реттеу
Экономикадағы азаматтар мен әлеуметтік топтар арасындағы қатынастарды реттеу
Қоғамдық өмір жүйесіндегі саясат деңгейлеріне қарай
аймақтық
жергілікті
Жалпы мемлекеттік
халықаралық
Жергілікті құрылымның дамуымен байланысты мәселелерді реттеу
Аймақтың облыс дамуымен байланысты сұрақтарды реттеу
Қоғамның дамуына бағытталған мәселелерді реттеу
Халықаралық сахнадағы мемлекеттер арасында
Жаһандық заманауи мәселелерді шешуге байланысты мәселелерді реттеу
Әлемдік
Көлеміне қарай
стратегиялық – қоғамдық жамудың маңызды басымдықтары, ұзақмерзімді стратегиялық бағыттарды таңдау, негізгі бағыттарға жетудің жолдары мен тәсілдерін айқындау
тактикалық – ағымдағы мәселелерді шешу, жедел шешімдерді әзірлеу және жүзеге асыру.
Мемлекеттік қызметіне қарай
ішкі саясат – мемлекет ішіндегі түрлі салалардағы азаматтар мен әлеуметтік топтар арасындағы қатынастарды реттеу
сыртқы саясат – халықаралық қатынастар субъектілері арасындағы байланыстарды реттеу.
4. Саяси билік: мәні мен жүзеге асыру механизмдері
Билік ұғымы мен ол туралы тұжырымдамалары
Телеологиялық анықтама- белгілі бір мақсатқа, белгіленген нәтижеге, қорытындыға жету мүмкіндігі
Бихеовиористік анықтама бойынша билік деп басқа адамдардың жүріс-тұрысын, өзін-өзі ұстауын өзгерту мүмкіндігіне негізделген іс-әрекетінің ерекше түрі
Инструменталистік анықтама бойынша билік деп басқа адамдарды, пайдалану, қолдану мүмкіндігі
Структуралистік анықтама билікті басқарушы мен бағынушының арасындағы қатынастың ерекше түрі.
Конфликтілік анықтама билікті дау-жанжал жағдайында игілікті бөлуді реттейтін мүмкіндік, шиеленісті шешудің құралы
Біраз ғалымдар билікті кең мағынасында басқаларға тигізелетін жалпы ықпал ретінде қарайды.
П.Моррис, А. Гидденс сияқтылар, жоғарыдағы көзқараспен келіспей, билікті беруге немесе бірдеңе тигізетін жай ғана ықпал, әсер емес, оларды өзгертуге бағытталатын іс-әрекет дейді.
Америка саясаттанушылары Г.Лассуэлл мен А. Каплан «Билік және қоғам» деген кітабында билікті шешімі қабылдауға қатысуы мүмкіндігі ретінде сипаттайды
Биліктің қызметтері мен жіктелуі
Қызметтері
Жіктелуі
Қоғамның саяси жүйесін қалыптастыру
Оның саяси жүйесін қалыптастыру
Қоғамдық тәртіп пен тұрақтылықты қолдау
Әртүрлі деңгейдегі қоғам мен мемлекеттің істерін басқару
Белгілі бір қоғамға сәйкес, басқарудың түрін, саяси тәртіпті және мемлекеттік құрылыс құру
Үкімет органдары, саяси емес процестерге басшылық жасау
Саяси және басқа қатынастарды бақылау
Қоғамдық келісімге, мәмлеге келу
Дау-дамай, шиеленістерді ашып, оларға шек қою және дер кезде шешу
Заң шығарушы билік-заң шығарумен, оны бекіту,өзгерту немесе жоюмен айналысады.
Соттық билік адамдардың құқығын райды, заңды бұрмалаушылықтан сақтайды, парламент не президент қабылданған заңдардың, конституциялық жарғылардың сәйкестігін анықтайды.
Атқарушы билікке үкімет пен әкімшілік жатады. Олардың заң шығарушы биліктің бақылауында болып, олардың алдында есеп берді.
Саяси механизмдер
Көшбасшылық - қоғамдық-саяси даму стратегиясы мен тактикасын анықтаудан тұрады
үстемдік қоғамды басқарушыларға және басқарылатын болып бөлінуге негізделген, мемлекеттік құқықтық актілерде заңнамалық тұрғыдан бекітілген
Ұйым - бұл биліктің барлық тармақтарының: заң шығарушы, атқарушы соттың келісілген, реттелген өзара әрекеті.
Ұйым - бұл биліктің барлық тармақтарының: заң шығарушы, атқарушы соттың келісілген, реттелген өзара әрекеті.
Бақылау - қоғамдағы әлеуметтік және құқықтық нормалардың орындалуын қамтамасыз ету.
Басқару түрлері
Монархия
Республика
Мемлекеттің жоғарғы өкімет билігі жеке-дара, бір билеушінің қолында болып, ол әкеден балаға мұра ретінде қалатын түрін айтады.
Мемлекеттік биліктің барлық жоғары органдары белгілі бір уақытқа сайланатын немесе өкілдік мекемелер арқылы қалыптасатын мемлекеттік басқарудың түрін айтады
Президенттік
Аралас
Парламенттік
Мемлекеттің де үкіметтің де басшысы президент
Елдің жоғарғы басшысы парламентке бағынады
Президенттік те парламенттік те түрлердің белгілері көрінеді.
Басқару құрылысы
Унитарлық құрылыста саяси билік бір орталыққа бағынады, мемлекеттің ішінде өз алдына бөлек басқа құрылымға жол бермейді
Федерация деп белгілі бір саяси тәуелсіздігі бар бірнеше мемлекеттік құрылымдардың бірігіп одақтық жаңа бір мемлекетті құруы
Конфедерация деп өздерінің кейбір амал-әрекеттерін үйлестіріп, белгілі бір мақсаттарды жүзеге асыру үшін бірлескен егеменді елдер одағы

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет