Бипатридтер – бір мезгілде екі немесе одан да көп мемлекеттердің азаматы болып есептелуі.
Босқындар – қудалау, әскери іс-әрекеттің немесе ерекше жағдайларға байланысты тұрақты тұрған елін тастап кеткен адамадар.
Брифинг – үкіметтің жеке мәселелер бойынша немесе халықаралық келіссөзге қатысушылардың келісімімен оның барысы туралы хабарлама жасау үшін ресми адамадардың ақпарат құралдары өкілдерімен кездесу.
Бұқаралық партиялар – үнемі жақтап дауыс беретін сайлаушылары, сүшелері, белсенділері көп партиялар. Олардың ресми мүшелері болмайды. Партиялық билет алып, мүшелік жарна төлемейді.
Бұрмалаушылық – өз мақсатына жету үшін шындықты бұрмалау, жасандылық, жалғандық.
Бүлік – бір топ адамның мемлекеттік төңкеріс жасау мақсатымен жасаған іс-әрекет.
Бюрократ −1) азаматтардың мүддесіне нұқсан келтіріп, өз міндеттерді формальды түрде атқаратын қызмет қадамы; 2) басқарудың бюрократиялық жүйесіне жататын ресми қызметтегі адам.
Бюрократизм – істің мәніне немқұрайлы, формальды қарау, істі көпке созу.
Бихевиоризм – жеке адамдар мен топтардың іс-әрекетін талдауға негізделген әдістемелік бағыт.
Вето – тыйым салу; вето құқығы – заң шығаратын адамдардың қарақына тыйым салу немесе заңның күшін тоқтату.
Визит – халықаралық байланыстарды дамытуға ондағы күрделі мәселелерді шешуге бағытталған түрі. Мысалы, оған мемлекет тарапынан үкімет басшылары, ресми делегациялардың кездесулері жатады.
Волютаризм – саяси серкелердің қоғамдық өмір жағдайларымен санаспай, өз бетімен күштеу әдістеріне сүйеніп жүргізілген саясаты.
Вотум – өкіметке я оның кейбір мүшелеріне сенім білдіру (вотум доверия) немесе сенім білдірмеу (ветум недоверия) мақсатында сайлау арқылы қабылданған шешім.
Геноцид – адамдарды шығу тегіне, бір ұлттың, діннің өкілі болуына байланысты әдейі қыру немесе қудалау.
Геосаясат – сыртқы саясатты географиялық факторларға (аумағына, ауа райына, қазба байлықтарына т.б.) байланысты жүргізетін саясат.
Геронтократия – ақсақалдық билік жүргізу принципі. Басқарудың бұл түрі алғашқы қауымдық қоғамға тән. Сонымен қатар үкімет билігі жасы келген адамдардың қолында тұрған мемлекеттерге де байланысты айтылады.