Келісім- мәжіліске қатысушылардың немесе саясаттың басқа субъектілердің келісімі негізінде қабылданатын шешім.
Клина – өздерінің жеке бастарының мақсаттарына жетуді, барынша баюды көздеген билік басындағы сыбайлас адамдар тобы. Олар осыған орай шешімдер қабылдаттырып, қоғамның барлық саяси өміріне нұқсан келтіруі мүмкін.
Коалиция-1)ортақ жауға қарсы екі немесе одан да көп елдердің жасаған одағы; 2) мемлекеттік билікті жүзеге асыру үшін немесе бірлесіп іс-әрекет жасау мақсатымен партиялардың я қоғам қайраткерлерінің бірігуі, келісімі.Коммунистік партиялар-К.Маркстің ілімін басшылыққа алатын партиялар. Жеке меншіксіз, тапсыз қоғам құруға тырысады. Мысалы, Қытай, Солтүстік Корея,Куба, бұрыңғы КСРО. Батыс елдерінде мұндай партиялардың айтарлықтай салмағы жоқ.
Конвергенция-ғылыми-техникалық революцияның шарықтап, дамуының нәтижесінде капиталистік және социалистік жүйелер түбінде осы ғасырдың 50-60 жылдарында Батыстың Р.Арон, Дж. Гелбрейт, У.Раслоу сияқты белгілі әлеуметтанушылары салды.
Конгресс-1)съезд. Көбінесе халықаралық сипатта болады. Мысалы, бейбітшілік күштерінің Дүниежүзілік конгресі. 2)заң шығарушы органның аты. Мысалы, АҚШ-та және т.б. Латын Америкасы елдерінде; 3)кейбір елдердегі қоғамдық- саяси ұйымдар.
Консерватизм-1)тарихи қалыптасқан саяси және қоғамдық өмірді өзгеріссіз сақтауға тырысқан әлеуметтік- саяси көзқарастар, теориялық жүйесі; 2)консервативтік партиялардың ұстаған бағдарламалық бағыты.
Консервативтік партиялар- қазіргі әлеуметтік өмірдің негізгі сипат, ереукшеліктерін тұрақты сақтап қалғысы келетін партиялар. Негізінен ірі буржуазияның мүддесін қорғайды. Әлеуметтік теңсіздікті сақтағысы келеді, азаматтық ар-намысты, пікір-таласты, ынтымақтастықты жақтайды. Мысалы: АҚШ-тың Республикалық партиясы, Германияның Христиандық әлеумметтік одағымен Христиандық-демократиялық одағының блогы, Ұлыбританияның консервативтік партиясы.
Конституция- мемлекеттік және қоғамдық құрылыстың негізгі қағидаларын, принциптерін білдіретін негізгі заң.