|
Саясатқа қатысу шамасына қарай жеке адамдардың саяси белсенділігі мен ететін ықпалына байланысты оларды мынадай түрлерге бөлуге болады
|
бет | 38/71 | Дата | 31.12.2021 | өлшемі | 0,55 Mb. | | #22913 | түрі | Оқулық |
| Байланысты: Саясаттану және әлеуметтану негіздеріФ-31-5Саясатқа қатысу шамасына қарай жеке адамдардың саяси белсенділігі мен ететін ықпалына байланысты оларды мынадай түрлерге бөлуге болады: - Саясатқа қатысу шамасына қарай жеке адамдардың саяси белсенділігі мен ететін ықпалына байланысты оларды мынадай түрлерге бөлуге болады:
- а) саясатқа айтарлықтай әсер етпейтін, оған селқос қарап, белсенділік білдірмейтін қоғамның қатардағы қарапайым мүшесі;
- ә) қоғамдық ұйымға, қозғалысқа кіретін, бірақ саяси жұмысқа тура араласпайтын (шешімдер қабылдамайтын) азамат;
- б) саяси ұйымдардың (партияның және т.б.) мүшесі болып есептелетін, саяси өмірге саналы түрде, өз еркімен тікелей араласатын адам;
- в) қоғамдық, әсіресе саяси қайраткер;
- г) саяси қызметтің арасында күн көріп, табыс тауып, оны өмірінің мақсатына айналдырған кәсіби саясатшы;
- д) ұйымдастырушы, идеялық, ресми не бейресми, абырой, бедел, ең “соңғы саты” болып саналатын саяси басшы, көсем.
- Жеке адамның саяси белсенділікке қатысу мүмкіндігі молайып, биіктеген сайын, оның қоғамдағы орны да жоғары болады.
- адамның әлеуметтік және саяси мәртебесі оның саяси субъектілігінің негізгі өлшемі болып саналатын азаматтық-құқықтық заңда айқындалады.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|