Ал тұлға деп қоғамдық өмірдің нақтылы тарихи жағдайлары қалыптастырған, саналы іс-әрекет ете алатын, өз жүріс-тұрысына жауап беретін, еңбек етіп, қарым-қатынас жасаушы, айналдағына танып-білуші жеке адамды айтады.
Субъект (латынның негізінде жату деген сөзінен) деп белсенді іс-әрекет жасаушы, сана мен жігер бар жеке адам немесе әлеуметтік топты айтады.
Объект (латынның қарсы қою деген сөзінен) деп субъектінің танымдық және басқа іс-әрекеті неге бағытталса, соны айтады. Ал саясаттың объектісіне саясат, саясат әлемі жатады.