Саяси сана деп өмірдегі саяси қатынастарды бейнелейтін, оларды түсініп-сезінетін, адамдардың бұл саладағы іс-әрекеттеріне бағыт-бағдар беретін әлеуметтік сезімдер, түсініктер, көзқарастар жиынтығын айтады. Әлеуметтік, ұлттық мүдделерді, мемлекет алдындағы мақсатты жүзеге асырумен байланысты болса, қоғамдық сана саяси мағанаға ие болады. Саяси сананың негізгі мәселесі – мемлекеттік билік, оның қызметі.
2)тұжырымдамалық түрде субъектінің мақсат-мүдделерін білдіру арқылы оның саясат әлеміндегі іс-әрекеттеріне бағдар беру. Бұл қызмет іс жүзінде идеология атқарады;
3) саяси психологияның әр түрлі көріністері арқылы көңіл-күйді білдіру. Өйткені, әлбетте, адамдарды іс-әрекетке итермелейтін психологиялық себептер.
Саяси сана қарапайым саяси сана және теориялық саяси сана, саяси психология және саяси иделогия атты деңгейлерден тұрады.
Қарапайым (күнделікті тұрмыстық) саяси сана қалыптасып жүйеге түспеген, күнделікті саяси өмірден туған әдет-ғұрып, дағды, дәстүрлі нанымдар, тағы сол сияқтылардың жиынтығы. Саясаттың тереңіне бойламай, себеп-салдарын сараламай, көбіне сыртқы белгілеріне байланысты қорытынды жасайды. Бұл саяси сананың төмеңгі сатысына жатады.