Демократия (Д.) деген сөз гректің “демос” – халық және “кратос” – билік деген сөздеріне тұрады, демек халық билігі деген мағынаны білдіреді.
Қазір бұл сөз бірнеше мағынада қолданылады: 1) мемлекеттің тұрпаты (типі) мен жалпы саяси жүйесі; 2) мүшелерінің теңдігіне, басқару органдарының мерзімді сайлануы және көпшелік дауыспен шешімдер қабылдау принциптеріне негізделген кез келген ұйымның ұйымдастырылу түрі; 3) қоғамдық құрылымның мұраты (идеалы) және соған сәйкес көзқарастар.
Әр түрлі елдерде олардың ұлттық, тарихи және т.б. ерекшеліктеріне байланысты Д. сан түрлі рең алуы мүмкін. Дегенімен, Д. мемлекеттердің көп түрлігіне қарамастан, олардың ортақ белгілері болады. Олар:
Халықтың заң жүзінде мемелекеттік биліктің бірден-бір бастау саналуы. Ол мемлекетте ұйымдастырушы, конституциялық биліктің халыққа тән екендігіне көз жеткізеді. Сондықтан АҚШ-тың төртінші президенті А.Линкольн Д. “халық үшін халық сайлаған халық билігі” д.а.