Д. тобе топ (элитарлық) теориясы жоғарыда көрсетілген теорияға ұқсас. Ол халықтың саясаттан шеттетілуімен келіседі. Сонымен қатар саяси шешімдерді аз ғана, санаулы адамдар қабылдайды дейді. Олардың айтуынша, саяси процеске таңдаулы, іріктелген, қалаулы топтар арасындағы күрес жатады.
Ж.Ж.Руссоның ұжымдық теориясына ұқсас маркстік теориясы бар.
Д. экономикалық теориясы билік қатынастардың нарықтық қатынастармен байланыстырады.
Тура Д. халық маңызды саяси шешімдерді қабылдауда, билік жүргізуде тікелей қатысады. Тура Д. процедураларға референдум, плебесциттер жатады.
Плебисцитарлық Д. азаматтардың саяси ықпалы кемиді. Оларға сайлау арқылы заңның немесе басқа шешімнің жобасын қабылдау немесе қабылдамау құқығы беріледі. Оны әдетте президент, үкіме, партия немесе басқа бастамашы топ дайындайды.