Д. мемлекеттің ең бірінші түріне Афины республикасы жатады. Ол б.з.д. V ғ. пайда болды. Онда жоғары билік ұдайы шақырылып тұратын халық кеңесінің қолында еді. Ол мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатына байланысты барлық мәселелерді шешетін. Халық кеңесіне 20 жасқа жеткен афиналық әрбір азамат қатыса алатын. Саясатқа қатынасу оның бірден-бір лайықты ісі болып саналатын. Құлдардың, әйелдердің, басқа қалалардан Афинаға көшіп келгендердің (“метэк” деп аталатын) мұндай құқығы болған жоқ. Метэктер тек мемлекетке сіңірген ерен еңбегінің, асқан зор қызметінің арқасында ғана ондай дәрежеге жететін.
Заңдар халық жиналысында қабылданатын. Афинаның азаматтары өзін еркін санайтын. Себебі, олар жеке адамдарға емес, заңға бағынатын. Олар соғыс кезінде болсын, бейбіт шақта болсын мемелекет қызмет ететін.
Афина полисинде азаматтық қоғам мен мемлекет ажыратылмады. Азамат және мемлекеттің құқықтары мен міндеттері біртұтас болды. Сондықтан өз құқығын басқа біреуге беру деген ойға да келмейді.