Саясаттану және әлеуметтану негіздері



бет61/71
Дата31.12.2021
өлшемі0,55 Mb.
#22913
түріОқулық
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   71
Байланысты:
Саясаттану және әлеуметтану негіздеріФ-31-5

Қалалардағы тұрмыстық қызмет көрсету саласында жұмыс, қызмет істеушілердің саны кобеюде. Бұл құбылыстың басты себептері: көптеген өндіріс орындары ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін, әсіресе, автоматтандыру, кибернетиканы кеңінен қолданып, көптеген жұмыс қолын өндірістен босатты, олар жұмыссыз қалды. сондықтан олар тұрмыстық, қызмет көрсету саласында еңбек етіп жүр.

Қоғамның демографиялық құрылымы

Демография ұғымы туралы түсінік

Халықты көптеген қоғамдық және жаратылыс тану ғылымдары зерттейді. Осылардың ішінде демография ерекше орын алады. Демография гректің “demos” – халық, “grafo” – жазу, сипаттау деген сөздеріне шыққан.

Халық кең мағынасында (немесе ел-жұрт) адамдардың жиынтығын білдіреді. Ол белгілі бір территорияда (немес жер көлемінде) өмір сүреді, іс-әрекет, қызмет жасайды. Демография (дграф.) халықтың құрамын, санын және оның өсуін, өңуін, кобеюін, азаюын зерттейді. Әр қоғам халқының өзінің өсу, өңудегі ерекше даму заңдылықтары болады. Ал, мұның өзі қоғамның нақтылы әлеуметтік-экономикалық жағдайына байланысты. Халықтың санын, құрылымын және оның қозғалысын, дамуын, өзгеруін демография ғылымы, дәлірегі, оның ішінде демографиялық статистика зерттейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет