Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер



Pdf көрінісі
Дата22.01.2017
өлшемі335,35 Kb.
#2439

 

 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ 

 

                                Тарих және қүқық институты               

 

Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер



 

кафедрасы 

 

 

 



 

БЕКІТЕМІН 

Тарих және қүқық институтының 

директоры             

________________Жұмағүлов Б.С. 

«________»_________________2016ж. 

 

 



 

 

 



 

 

6М020400 – МӘДЕНИЕТТАНУ  МАМАНДЫҒЫ   БОЙЫНША  



 

МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУГЕ АРНАЛҒАН  ЕМТИХАН БАҒДАРЛАМАСЫ 

 

 

 



 

 

                                                             



 

 

 



 

 

 



 

 

                                                                Алматы, 2016 ж 



 

 

 



Абай  атындағы  ҚазҰПУ,  Тарих  және  қүқык  институтының  кеңесінде,  саясаттану  және 

әлеуметтік –философиялық пәндер кафедрасының отырысында талқыланды  

« »              2016  ж.,  №     хаттама  

 

 



Құрастырған: т.ғ.д., профессор Халидуллин Ғ. Х.  _________________________________ 

 

 



Кафедра меңгерушісі: ф.ғ.д., профессор Әбсаттаров Р.Б.______________ 

 

 



 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                              Мамандыққа кiрiспе 

 

 

Бағдарлама  6М020400  –Мәдениеттану  мамандығы  бойынша  (түсуші  мәдениеттану    мамандығы 

бойынша)  бакалаврлық  білімі  бар  талапкерлерге  арналып  құрастырылды.  Бұл  бағдарламада  қазіргі 

заман мәдениеттанудын негізгі мәселелері кӛрініс тапқан: мәдениеттану ғылым ретінде спецификасы, 

шетелдік  және  қазақстандық  мәдениеттану,    мәдениеттану  жүйелерінің  типологиясы,  және  пәнінің 

мамандық бойынша ғылыми тақырыптары енген. 



 

Емтиханның мінездемесі 

(тақырыбы, өткізу түрі, бағалау критерийлері) 

Емтихан тақырыбы 

Негізгі  бағдарламада,  мәдениеттану  ғылымының  жүйесіндегі  мәдениеттану  статусы,  мәдениеттану 

ӛмірінің элементтері, арнайы мәдениеттанулық әлеуметтік теориялар. Оқу курсында келесідей пәндер 

«мәдениеттану», «мәдениеттану қатынастары»,  «мәдениеттану және құндылық нормалары», «тұлға», 

«мәдениеттанулық орта», «мәдениеттану процестер» және т.б  түсініктер қарастырылады. 

Емтиханды өткізу түрі 

Емтихан  мәдениеттану  ғылымынан  қойылатын  үш  сұрақ  негізінде,  емтихан  билеттері  бойынша 

ауызша түрде ӛткізіледі. 

Бағалау крийтерйлері 

 «өте жақсы» бағасы (10-8 балл) – бағдарламалық материалды толығымен меңгерілуі, қарастырылып 

отырған  процестер  мен  құбылыстардың  қатынасын  түсінуі,    пәннің  негізгі  ережелерінен  мағлұмат, 

емтихан  билетіндегі  сұрақтарға  және  комиссия  мүшелерінің  қойған  қосымша  сұрақтарына  дұрыс, 

толық, логикалық, орынды және нақты жауап беруі. 



«жақсы» бағасы  (7-6  балл)  –  бағдарлама  сұрақтарына  қанағаттанарлық  толық  жауаптар, 

сұрақтардың толық мәні мен мақсатын түсінуі, жауаптары орынды әрі нақты болуы.  



«қанағаттанарлық» бағасы (5-4 балл) – бағдарламаның негізгі сұрақтарын толық әрі нақты түсіну, 

емтихан алушылардың  қойған сұрақтарына қатесіз әрі нақты жауабының болуы.  



«канағаттанарлықсыз»  бағасы (3-1  балл)  –  бірде  бір  сұраққа  дұрыс  жауабы  жоқ,  жауаптарында 

қатесі  бар,  ұсынылған  мәселені  түсінбеуі,  жауаптары  нақты  емес  және  қосымша  сұрақтарға  жауап 

бере алмауы. 

 

 


 

 

Бағдарлама мазмұны 

 

 

1. Мәдениеттану пәні 

 

Мәдениет  және  табиғилық.  Мәдениет  әлеміндегі  адам.  Мәдениеттің  негізгі 



анықтамалары.  Мәдениет  құндылықтар  дүниесі  ретінде.  Мәдениет  әлеуметтендіру  және 

жекешелендірудің  бірлігі  түрінде.  Мәдениет дүниені  адамдандырудың  нәтижесі,  мұрагерлік 

пен  сабақтастықтың  құралы  ретінде.  Мәдениет  –  адам  еріктілігінің  кепілі.  Мәдениет  және 

сұхбат.  Мәдени  коммуникация.  Мәдениет  және  ӛркениет.  Мәдениеттің  құрылымы. 

Мәдениеттегі материалдық пен руханилықтың, табиғилық пен жасандылықтың арақатынасы. 

Техника  –  мәдениеттің  жемісі.  Материалды  мәдениет  және  адам  мүмкіндіктері.  Рухани 

мәдениеттің  құрылымы.  Мәдениет  және  менталитет.  Салт-дәстүр  –  мәдениеттің  ӛзегі. 

Мәдениеттегі  дәстүршілдік  пен  жаңашылдық.  Білімділік,  зиялылық  және  мәдениеттілік. 

Әдептілік,  әдемілік  және  мәдениет.  Дін  және  мәдениет.  Мәдениеттің  басты  қызметтері: 

адамдандырулық, қарым-қатынсатық, реттеушілік, ақпараттық, болжаулық, аксиологиялық. 



 

 2. Адам және мәдениет.  

Адам – мәдениеттанудың негізгі зерттеу объектісі. Мәдени антропология. Мәдениеттің 

биологиялық  алғышарттары.  Гуманизм  және  мәдениет.  А.Швейцердің  "ӛмірді  қастерлеу", 

Тейяр де Шарденнің "адам феномені", Рерихтердің "тірі этика", "күш кӛрсетпеу" ілімдерінің 

гуманистік  мәдени  маңызы.  ХХ  ғасыр  ойшылдарының  антигуманистік  қоғамдық 

құрылымдармен  күресі.  Мәдениеттің  жалпыадамзаттық  ӛркениетті  қалыптастырудағы 

қызметі.  Мәдениеттің  тоталитарлық  түсініктерін  сынау.  Мәдениеттегі  тұлғалық  және 

тұлғасыздық. Технократиялық мәдениеттің шектері. Адамдық ынтымақтастық және аномия 



3. Мәдениеттің мәселелері.  

Мәдениет және тіл. Дискурс мәселесі. Мәдениеттің сұхбаттық табиғаты.  Текст мәдени 

мұра  ретінде.  Мәдени  контекстегі  автор  мен  кейіпкер.  Тіл  және  мәдениет.  К.Леви-Стросс, 

Ю.Лотман,  М.Бахтин  мәдениет  туралы.  Мәдени  коммуникация.  Рухани  мәдениетті  тарату 

және  қорғау  мәселелері.  Антимәдениет,  контрмәдениет,  квазимәдениет.  Мәдени  дәстүр  мен 

жаңашылдық. 

Қазіргі адамзаттың бірлігі мен айырмашылықтары. Шығыс пен Батыс. Солтүстік пен 

Оңтүстік.  Қазіргі  суперӛркениеттер.  Хантингтон,  Фукуяма  ілімдері.  Қазақстанның  әлемдік 

ӛркениеттер сұхбатында алатын орны. 

К.Р.  Президенті  Н.Ә.Назарбаев  "Ғасырлар  тоғысында".  Ұлттық  мәдениет  пен 

менталитет.  Ұлтаралық  қатынастыр  мәдениеті.  Маргиналдық  мәдениет.  ҚР-дағы  ұлттық 

мәдениеттерді жаңғырту мәселелері.  



 

4. Мәдениеттер типологиясы 

Дүниежүзілік тарихтағы мәдени типтердің тұтастығы мен кӛп түрлілігі. Ӛркениеттердің 

формациялық  және  әлеуметтік-мәдени  типологиясы.  Мәдениеттің  циклдік  айналмалы 

ілімдері  (О.Шпенглер,  Н.Данилевский,  А.Тойнби).  К.Ясперс  мәдениеттің  белдеулік  уақыты 

туралы.  Мәдениеттер  типологиясы  және  еуроорталықтық  кӛзқарас.  Түрік  ӛркениеті  әлемдік 

мәдениеттің  маңызды  ошағы  ретінде.  Мәдени-тарихи  процестің  басты  заңдылықтары  мен 

сатылары. Мәдениеттің пайда болуы туралы негізгі ілімдер. Шығыс және Батыс мәдениеті. 

 

5. Ұлы дала мәдениеті 

Ұлы дала мәдениеті кейінгі мәдени типтердің бастауы ретінде. Тағылық, варварлық, 

ӛркениет. Ежелгі қоғамның мәдениетінің материалдық ерекшеліктері. Алғашқы адамдардың  

рухани  мәдениетінің  синкреттік  сипаты.  Миф  –  кӛне  адамдардың  дүниелік  бағдары  мен 

дүниетанымы. Миф типологиясы. Тотем, табу түсініктерінің кӛне мәдениеттегі алатын орны. 

Қауымдық  қоғамдағы  салт-дәстүр,  әдет-ғұрып  және  рәміз-таңбалардың  алатын  орны.  Ұлы  

дала мәдениеті ӛнерінің ерекшеліктері. Алғашқы діни сенім-нанымдары: анимизм, тотемизм, 

фетишизм,  магия.  Қазіргі  ӛркениеттердегі  кӛне  мәдениеттің  нышандары.  Ежелгі  Жапон 

мәдениеті. Ежелгі Қытай мәдениеті. 

 6. Антикалық мәдениет   

Антикалық  мәдениет  Батыс  ӛркениетінің  архетипі.  Ежелгі  Грецияның  адамзаттың 

мәдени  дамуында  алатын  орны.  Антикалық  мәдениетінің  негізгі  кезеңдері:  Крит-Миной, 

архаикалық  және  классикалық  Грекия,  эллинизм,  Рим.  Ежелгі  грек  мифологиясы. 

Классикалық  Грекиядағы  философияның,  әдебиеттің,  театрдың,  мүсіндік  ӛнердің  және 

мәдениеттің  ӛркендеуі.  Тән  және  жан  сұлулығы.  Полистік  мемлекет  және  демократия. 

Шығыстағы эллинистік мәдениеттер. Римдік құқық жүйесі мен ел басқару мәдениеті.  

 

7. Ортағасырлық Батыс мәдениеті 

Батыс  мәдениетінің  архетиптері  мен  хронотоптары.  Христиандық  діннің  мәдени 

ӛрісі. Христиандық дүниетаным және мәдени тұтастық. Иудаизм және алғашқы христиандар.  

Ресми-шіркеулік және халықтық карнавалдық мәдениет. Еуропадағы қалалық мәдениет және 

бұқаралық сананың ырғақтары. 

Ренессанс ұғымының мәдениеттанулық маңызы. Еуроорталықтық Ренессанс ілімдеріне  

сын.  Батыс  және  Шығыс  Ренессансы.  Итальян  Ренессансы.  Батыс  Еуропа  Ренессансындағы 

поэзия мен бейнелеу ӛнерінің рӛлі. 



 

8. Жаңа замандық Батыс мәдениеті  

Қазіргі Батыс ӛркениетінің қалыптасу ерекшеліктері. Батыстық ӛркениеттің әлеуметтік-

мәдени негіздері: алғашқы қор жинау, нарық, азаматтық қоғам, вестернизация. "Фауст" адам 

және  протестандық  этика.  Жаңа  Заман  философиясы  және  еуропалық  ойлау  стилінің 

қалыптасуы.  Ӛнеркәсіптік  тӛңкерістер  мен  техникалық  ӛркениеттің  қалыптасуы. 


Реформация.  Ағартушылық  пен  Романтизм.  Отаршылдық  пен  әлем  бӛлінісі.  Әлеуметтік 

қақтығыстар.  Атеизм,  революциялық  сана  мен  материализм.  Француз  Ағартуы  (  .  Ж.-Ж. 

Руссо,  Д.  Дидро,  Ш.Монтескье,  П.  Гольбах):  прогресске  сену,  бостандық  ой,  дінді  сынау. 

Ағылшын Ағартуы (Д.Локк6 т.б.):  ӛмір сүрудің, жеке меншіктін  құқығы.  

Қазіргі Батыс мәдениеттің парадигмалары.  

ХХ ғасырдағы әлеуметтік жанжалдар және бүкіладамзаттық ӛркениеттіліктің қалыптаса 

бастауы.  Күш  кӛрсетпеу  этикасы  және  жаңа  гуманизм.  ХХ  ғасырдағы  әлемдік  ӛркениеттер 

және батыстандыру шектері. Бұқаралық және экрандық мәдениет.  

 

9. Ресей мәдениеті  

Ресейлік  мәдени  типтер  (Н.Бердяевтың  зерттеулері).Славяндық  мәдени  типке 

Н.Данилевскийдің  берген  бағасы.  Византиялық,  скандинавтық,  түріктік  ықпал.  Киев  Русі 

және  христиандықты  қабылдау.  Шығыс  славяндары  мәдениетіндегі  ескі  діни  сенім-

нанымдардың  орны.  Ежелгі  орыс  жазбалары.  Татар-моңғолдық  кезең.  Батыспен  мәдени 

байланыстардың  азаюы.  Шығыс  славяндардағы  этникалық  ыдырау.  Мәскеулік  кезең.  Күшті 

мемлекеттілік  идеясы.  Мәскеу  –  ІІІ  Рим.  Сословиялар  мен  патримониалдық  басқару 

жүйесінің  қалыптасуы.  Христиандырылған  Шығыс  және  латындық  Батыс  Еуроазиялық 

мәдени  тип.  І  Петр  кезеңі.  Мәдени  реформалар.  Ресейді  батыстандыру.  Орыс  мәдениетінің 

"алтын  және  күміс"  ғасырлары.  Славянофилдер  мен  батысшылдар.  Империялық  мәдениет. 

Ресейлік  интеллигенцияның  ерекшеліктері.  Орыстың  социалистік  мәдениеті.  Тоталитарлық 

мәдениет  коллизиялары.  Эммиграциялық  орыс  мәдениеті.  Кеңес  Одағы  ыдырауының 

әлеуметтік-мәдени себептері. Ресей мәдениетінің болашағы. 

 

10. Қазақ мәдениеті 

Қазақ  мәдениетінің  әлемдік  ӛркениетте  алатын  орны.  Қазақстан  мәдениеті 

тарихының  басты  кезеңдері.  Қазақ  мәдениетінің  зерттелу  деңгейі  және  еуроорталықтық, 

империяшыл,  арийорталықтық  кӛзқарастарға  сын.  Қазақ  мәдениетінің  автохтондығы  мен 

гомогендігі.  Ұлыдала  ӛркениеттерінің  шаруашылық-мәдени  типі  –  қазақ  мәдениетінің 

архетипі.  Қазақстан  жеріндегі  кӛне  кӛшпелілік  мәдениеттер.  Скиф-сақ  ӛркениеті.  Ежелгі 

сақтардың  сенім-нанымдары,  ментальдық  ерекшеліктері  және  ӛнері.  "Аң  стилі"  және  оның 

қазақ  ою-ӛрнегіндегі  кӛріністері.  Анахарсис  –  скиф  философы.  Әскери  демократия  және 

прототүрктердің  ел  басқару  мәдениеті.  Әйелдердің  сақ  қоғамында  алған  орны.  Номадтық 

ұлыстардың  Шығыстан  Батысқа  қарай  қоныс  аудару.  Кӛшпелілер  тарих  католизаторлары 

ретінде.  Ғұн,  үйсін,  қаңлылар  –  прототүрктік  мәдениеттің  иелері.  Прототүрктердің 

материалды және рухани мәдениеті. Ұлы жібек жолы және прототүрктер. 

Қазақ  халқының  қалыптасуының  әлеуметтік-мәдени  негіздері.  Қазақ  мәдениетінің 

мемлекеттік  кезеңдері.  Қазақ  хандығының  материалды  мәдениеті.  Қазақ  хандығына  550  жыл.  Жаңа 

заман кӛшпелілері. Қазақ киіз үйінің символикасы. Қазақ халқының сал-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары

рәміз-рәсімдері.  Жеті  аталық  үрдіс.  Эпос  әлемі.  Қазақтың  дәстүрлі  әдеп  жүйесі,  сенім-нанымдары. 

Дүниетанымдық  синкретизм.  Қазақтардың  дүние  туралы  түсініктері,  тілі,  жазуы,  емшілік  тәсілдері, 

музыкасы. Қазақ халқының ментальдық ерекшеліктері.  

Қазақстанның Ресей империясының құрамына енуі. Отарлау әлде мәдениеттер сұхбаты? 

Қазақ  халқының  ӛз  тәуелсіздігі  үшін  күресі.  Миссионерлік  әрекеттер  және  патшалық 

Ресейдің исламға кӛзқарасы. Қазақ антиутопиясы. Зарзаман мәдениеті. Қазақ ағартушылығы. 



Ш.Уәлихановтың  мәдениеттанулық  ізденістері.  Дәстүрлі  мәдениет  пен  жаңашырлық. 

Ы.Алтынсарин  –  қазақ  ағартушылығының  тікелей  тұлғасы.  Абай  –  қазақтың  рухани 

мәдениетінің  жеткен  шыңы.  Шәкәрімнің  мәдениеттанулық  кӛзқарастары.Ұлттық  сананың 

оянуы және ұлт-азаттық серпіліс. Алаш партиясы және оның кӛсемдері. 

 

11. Қазақстан Республикасының мәдениеті. 

Кеңес  Одағы  ыдырауының  әлеуметтік-мәдени  негіздері.  Қазақ  мәдениеті  тәуелсіздік 

аясында.  Қазақстан  Республикасындағы  мәдени  жағдай.  Нарық  және  мәдениет.  Қазақ 

мәдениетін  батыстандыру  ерекшеліктері.  Шығыстық  сұхбат  аймағына  қайта  қосылу 

талпыныстары.  Қазіргі  мәдени  типтер:  архаикалық,  маргиналдық,  мәңгүрттік,  еуроазиялық, 

нарықтық,  ақсүйектік.  Заманның  рухани  талабы  және  мәдени  жауап  баламалары.  Мәдени 

ӛркендеу  бағдарламалары.  Қазақстанның  даму  стратегиясындағы  мәдениет  мәселелері. 

Мәдениет  сухбаты  және  әртүрлі  діндермен  конфессияларының    мәдениеттік  жақындасуы. 

Қазақстан халқының Ассамблеясы. 

 

 

Негізгі әдебиеттер: 

1.  Назарбаев  Н.  Азаматтық  қоғам  кӛп  міндеттер  жүктейді.\\Үкімет  бюллетені.№6.  2003 

жыл. 

2.  «Әлемдік мәдениеттану ой-санасы». 10 т. 5 т.,7 т., 8 т. Мәдениеттің типологиясы және 



тарихи ӛлшемдері.-Алматы: Жазушы, 2006.-496 б. 

3.  Жақсыбаев  Б.Б.  Мәдениеттану:  Жоғарғы  оқу  орны  студенттеріне  арналғаң  оқу 

қуралы.-Алматы: Экономика, 2014.-204 б. 

4.  Досмурзин Е.Д. Мәдениеттану. Лекциялар курсы.-Алматы, 2015. 160 б.  

5.  Ғабитов Т.Х. Қазақ мәдениетінің рухани кеңістігі. – Алматы: Раритет, 2013. – 400 б. 

6.  Қазақстан Республикасының Конституциясы- Алматы., 2001. 

 

Қосымша әдебиеттер: 

1.  Бодрийяр Ж. Символический обмен и смерть. - М.,2000. 

2.  Ғабитов Т.Х. Мүтәлипов Ж., Қүлсариева А. Мәдениеттану негіздері: Оқулық. – Алматы: 

Дәнекер, 2006. - 180 б. 

3.  Ланер С. Философия в новом ключе. - М.,2015. 

4.  Ғабитов  Т.Х.  Мүтәлипов  Ж.,  Қүлсариева  А.  Мәдениеттану:  Жоғары  оқу  орындары  мен 

колледж студенттеріне арналған оқулық. – Алматы: Раритет, 2005. – 416 б. 

5.  Мәдениеттану: 

Жоғары 

оқу 


орындарының 

студенттеріне 

арналған 

оқулық/Н.Г.Багдасарьян, 

А.В.Литвинцева, 

И.Е.Чучайкина 

және 

т.б.; 


Ауд. 

А.Т.Қүлсариева,  Ғарифолла  Есім,  Т.Х.Ғабитов,  Н.Ж.Байтенова.  –  Алматы:  Қазақ 

университеті, 2006.-318 б. 

6.  Ясперс К. Духовная ситуация времени. - М., 1990 

7.  Философия М. Хайдеггера и современность. - М.,1991. 

8.   Уайд  Л.  Мәдениет  уғымын  сараптау//  Мәдениеттанулық  мұра.  Т.1.  Алматы:  Жазушы, 

2005.

   


 

 


Магистратурағы «6М020400   – Мәдениеттану мамандығы»  

бойынша емтихан сұрақтары 

1.  


"Мәдениет" және "ӛркениет" ұғымдары, олардың мән-мағынасы және арақатынасы.  

2.  


Антикалық мәдениеттiң сипаты мен белгiлерi. 

3.  


ХIХ ғ. қазақ ағартушылығының бастаулары мән-мағынасы. 

4.  


  Мәдениеттану ғылымы хақында. Мәдениеттану пәнiнің мiндеттерi мен мақсаты. 

5.  


ХVIIIғ. француз Ағартушылығы мәдениетiнiң құндылықтары мен идеялары. 

6.  


Ш.Уәлиханов – ағартушы және этнограф. 

7.  


Адам мәдениет әлемiнде. Еркiндiк пен гуманизм  мәдениет феномендерi ретiнде. 

8.  


Ежелгi  Үндi мәдениетiнiң  ӛзiндiк болмысы  мен кӛптүрлiлiгi. 

9.  


Ы.Алтынсариннiң ағартушылық идеялары және оның педагогикалық қызметi. 

10. 


Iс-әрекет мәдениет дамуының тәсiлi ретiнде. Мәдениет субъектiлерi. 

11. 


Гуманизм Қайта ӛрлеу дәуiрi мәдениетiнiң ӛлшемi ретiнде. 

12. 


Кеңестiк кезеңдегi Қазақстан мәдениетi. 

13. 


Табиғат және мәдениет. Қазiргi қоғамның экологиялық мәселелерi. 

14. 


Араб тiлдес мәдениеттің бастаулары мен мән-мағынасы. Мұхаммед пайғамбардың 

тұлғасы. 

15. 

Қазақстанның кӛне мәдениетi. 



16. 

Сабақтастық мәдениет дамуындағы ӛзгеру мен сақталудың бiрлiгi ретiнде. 

17. 

Ежелгi Египет және Вавилон мәдениетi. 



18. 

Қазақтың мәдени дәстүрiндегi мифологияның маңызы. 

19. 

Мәдениеттегi дәстүрлiлiк пен жаңашылдық. 



20. 

Ортағасырлық Еуропа мәдениетi. Христиан дiнi және оның негiзгi құндылықтары. 

21. 

Қазақ эпосы. Ақын-жыраулардың шығармашылығы. 



22. 

Мәдениеттер сұхбаттастығы мәселесi: Шығыс пен Батыс. 

23. 

Жаңа заман мәдениетi: жетiстiктерi мен басты құндылықтары. 



24. 

Қазақстанның ортағасырлық мәдениеті.Қазак хандығына 550 жыл. 

25. 

Бұқаралық мәдениеттiң бастаулары мен мән-мағынасы. 



26. 

Алғашқы қауымдық қоғам мәдениетiнiң ерекшелiктерi. 

27. 

Қазақстан тарихындағы ортағасырлық қалалар және олардың мәдениетінің дамуындағы 



рӛлi. 

28. 


Мәдениеттiлiк және оның критерийi. Мәдениеттi адам дегенiмiз не? 

29. 


Реформалар мәдени құндылық шарттарының ӛзгеруінің белгілері. 

30. 


Қазақстан мәдени тарихындағы әл-Фараби шығармашылығының маңызы  

31. 


Қоғам ӛмiрiндегi мәдениеттiң рӛлi. Мәдениеттiң негiзгi шарттары.  

32. 


Ежелгi Қытайдың мәдениетi.  

33. 


Қазақ интеллигенция ӛкілдерінің ұлт-азаттық қозғалыстағы рӛлі. 

34. 


ХХ ғасыр мәдениетiндегi адам.  

35. 


Ежелгi Жапония мәдениетi. Табиғат Жапонияның мәдени кеңiстiгiнде. 

36. 


Абай Құнанбаев ақын және ағартушы ретiнде; оның идеяларының Қазақстан 

мәдениетiнің дамуындағы рӛлi. 

37. 

Мәдениет түрлерi. Материалдық және рухани мәдениет. Мәдениет ашық жүйе ретiнде.  



38. 

ХIХ ғ. еуропалық мәдениет дамуының сипаты мен белгiлерi. 

39. 

А. Яссауидiң "Диуани хикмет" еңбегінің мәдени-тарихи мәнi. 



40. 

Дiн және ғылым мәдениет құбылысы хақында. Қазіргі қоғамдағы мәдени, діни және 

ғылыми танымдық болмыс. 

41. 


Месопотамияның кӛне тұрғындарының мәдениетi. "Гильгамеш туралы аңыз". 

42. 

Қазақстандағы әр түрлі дiни жүйелер мен типтер. 

43. 

Мәдениет дамуының принциптерi, заңдылықтары және тәсілдері.  



44. 

Зороастризм кӛне дүние мәдениетiнің құбылысы ретiнде. "Авеста". 

45. 

Қазақтың киiз үйi және оның символикалық мағынасы. 



46. 

Мәдениеттегi этникалық пен жалпыадамзаттының арақатынасы. Сұхбат -мәдениеттер 

аралығындағы феномен ретiнде. 

47. 


Конфуцийлық дүниетанымдық ерекшелік.  

48. 


Қазақ халқының салт-дәстүрлерi, әдет-ғұрыптары, ұлттық ойындары және олардың 

құндылықтық мағынасы. 

49. 

Мәдениет ұғымы және оны анықтаудың кӛптүрлілігі. Мәдениет генезисi. Мәдениет 



дамуындағы тарихи сатылар. 

50. 


Ортағасыр мәдениетіндегi стильдер мен формалардың әртүрлiлiгi. 

51. 


«Жеті жарғы » және оның қазақ мәдениетіндегі орны. 

52. 


Мәдениеттанулық концепциялар мен теориялар. 

53. 


Орта ғасырлардағы исламдық кӛркем мәдениет. Араб-мұсылман Қайта ӛрлеуінің 

ақындары (Фирдоуси, Хафиз, Хайям, Науаи және т.б.). 

54. 

Қазақ халқының дәстүрлі үйлену салттары. 



55. 

Мәдениеттер типологиясы. Мәдениеттiң тарихи типтерi. 

56. 

Эллинизм дәуiрiнiң мәдениетi. 



57. 

Қазақтардың саз ӛнерi және оның қазiргi ахуалы. 

58. 

Мәдениет және тiл, олардың арақатынасы. 



59. 

ХІХ ғ. кӛркемдік ӛнер мәдениетінің жан-жақтылығы.  

60. 

Қазақтың тұрмыстық мәдениетінің эстетикасы. 



61. 

Коммуникация мәдениеттiң айрықша қызметi ретiнде. 

62. 

Қазiргi мәдениет даму тенденцияларының негiзгi үрдістерi. 



63. 

Қазақтардың қол ӛнерi, оның әртүрлiлiгi мен айрықша белгiлерi. 

64. 

Мәдениеттанудың ғылымдар жүйесiндегi орны және оның адам мен қоғам туралы 



басқа ғылымдармен ӛзара байланысы. 

65. 


Ертекезең діни сенімдері (тотемизм, фетишизм, анимизм, шаманизм, магия).  

66. 


Шәкәрім Құдайбердиев «Үш анық».  

67. 


ХХ ғ. негізгі мәдениет танулық мектеп және оның даму ерекшеліктері. 

68. 


Кеңестік мәдениеттің даму сатылары. 

69. 


Қазақтың ұлттық мерекелерін тойлау. Наурыз мерекесінің тойлану дәстүрлері. 

70. 


Адам мәдениетінің субъектісі хақында. Гуманизм - мәдениеттанудың негізін құрушы 

принцип. 

71. 

Италияндық Жаңа ӛрлеу заманының мәдениетті зерттеуші ғалымдары. 



72. 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік символдары және оның әлеуметтік- мәдени 

түсініктемесі. 

73. 


Мәдениет және ӛнер. 

74. 


ХХІ ғ. Дүние жүзі мәдениетінің даму тенденциялары. 

75. 


Қазақстан Республикасындағы этностар мәдениетінің ахуалы.  

 

 



 

                 



Құрастырған: т.ғ.д., профессор Халидуллин Ғ. Х.     

  8701 347 40 50 



 

 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет