Саясаттану, Мәдениеттану пәні бойынша емтиханға дайындалуға арналған тест сұрақтарының тізімі:
Саясаттану ғылымының зерттеу пәнін анықтаңыз: +Саяси қатынастар, саясатқа қатысты х үрдістер мен құбылыстар
Саяси ғылымның зерттеу объектісіне жатқызамыз: +Қоғамның саяси жүйесі, саясат пен саяси процестер және саясатқа қатысты кез-келген құбылыстарды, заңдылықтарды
Саяси ғылымның зерттеу субъектілерін көрсетіңіз
Адам, халық, мемлекет, саяси партиялар, халықаралық ұйымдар
Платонның мемлекеттік басқаруды егжей‑тегжейлі талқылайтын атақтақы еңбегі: +Республика
Атақты Мұсылман ғалымы, «әлемнің екінші ұстазы» аталған Шығыс ғұламасы Әбу Насыр Әл Фарабидің танымал трактатындағы «Ізгі қаланы» кімнің басқарғаны дұрыс деп сипатталған +Әкім-философ-имам
1948 жылы Парижде өткен саясаттанушылардың коллоквиумы мақұлдап, саясаттануды келесідей бес бөлімге бөлді: +Саяси теориялар, саяси институттар, партиялар мен қоғамдық ұйымдар, қоғамдық пікір, халықаралық саясат
Бізге белгілі ресми тарихтағы, алғаш рет «Саясат» бойынша дәріс оқыған ғалымды көрсетіңіз: +Аристотель
Көрнекті Шығыс ғалымы Ибн Халдунның негіздеп зерттеген саяси тақырыбы көбіне‑көп: Билік пен билік қатынастары туралы болды
1923 жылы Чикагода Рой Макридистің жетекшілігімен өткен саяси ғылымдар тарихында елеулі рөл атқарған, оның ішінде салыстырмалық саясаттанулық 8-постулатты қабылдаған семинар қалай аталды? + Эванстондық семинар
Саяси ғылымның дамуы мен жетілуін жіктеудегі Фома Аквинскийдің өкілі болып табылатын ғылыми бағыты: 1 +«Діни-этикалық» ғылыми бағыт
Саясаттану тарихындағы Флоренциялық саясаттанушы Н. Макиавеллидің билік пен саясатты, билік жүргізу мен билеушіні сипаттауда «Түлкі» мен «Арыстан» атты екі персонажбен түсіндіретін еңбегі: + Патша
Саяси ғылымдардың дамуы тарихында демократиялық қоғам құрудың тірегі биліктің «үш тармағы» туралы еңбек жазған ғалым: + Ш.Л. Монтескье
Саясаттанудың ғылым саласы ретінде институционалдануы мен алғаш рет ресми академиялық пән ретінде оқытыла бастауы атақты профессор Ф. Либер арқылы жүзеге аса бастады. Ол қай жылы, қай оқу орнында болған: + 1857 жылы Американың Колумбия колледжінде
Саясатты қоғам өмірінің экономикалық, әлеуметтік құрылымы, мәдениет және т.б жағдайына байланысты анықтайтын саясаттанудың әдісі:
+Социологиялық әдіс
Жеке адамдар мен топтардың әс‑әрекетін, белгілі бір саяси жағдайларда адамдардың өздері қалай ұстауын талдауға негізделген саясаттанудың әдісі: + Бихевиористік әдіс
Саясаттанудағы теологиялық парадигманың негізгі сипаттарын түсіндіріңіз: +Кез келген саяси процестер дін тұрғысынан түсіндіріледі
Саясаттанудағы тиімді (рационалды) сыни парадигманың негізгі ерекшеліктері: +Саясаттың табиғатын оның ішіндегі себептермен, қасиеттермен, элементтермен түсіндіреді
Төмендегі көрсетілгендердің ішінен саяси ғылымның негізгі категорияларын анықтаңыз: +Билік, саяси партиялар, мемлекет
Саясаттану ғылымының маңызды функцияларының бірі –+Қоғамның жүйесінің тұрақтылығы мен тәртібін, бүтіндігін сақтау мен қорғау
Саясаттанудың алғашқы субъектісі ‑ +Тұлға
Аристотель бойынша билеудің ең тиімді түрі ‑+ Полития
«Ізгі қала тұрғындары туралы» трактаттың авторы, танымал энциклопедист, Мұсылман ғалымы: +Әл Фараби
Саясаттанудағы биліктің көпшілікпен ресми заңды мойындалып, расталған түрін қалай деп атаймыз? +Легитимді
Заңшығарушы биліктің құрамына жатады: +Парламент
Атқарушы биліктің құрамына жатады: +Үкімет
Үкімет құрамына кіреді: +Примьер Министр, Министрлер кабинеті, әкімдіктер
Қазақстандық бикамералы Парламенттің құрамын анықтаңыз: +Мәжіліс пен Сенат
Биліктің бейресми төртінші тармағы ретінде көрсетіледі: +Бұқаралық ақпарат құралдары
Классикалық саяси режимдер түрлері: + Авторитаризм, тоталитаризм, демократия
Қазіргі әлемнің көп елдерінде демократияны орнықтыру үшін тиімді үлгі ретінде кеңінен қолданылатын, биліктің үш тармағы туралы еңбек жазған ойшыл, саясаттанушы: +Ш.Л. Монтескье
ҚР Парламентінің төменгі Палатасы Мәжіліс депутаттарының дұрыс пропорциясын анықтаңыз: ×99+9=108 депутат
Классикалық сайлау технологияларын анықтаңыз: +Мажоритарлы, пропорционалды, аралас
Мажоритарлы сайлау технологияларының өз ішіндегі екі түрін көрсетіңіз: +Абсалютті, салыстырмалы
ҚР Парламентінің Жоғары Палатасы Сенаттағы депуттар саны: + 28+4+15=47
Билікті жүзеге асыру барысында «жекелеген құралдарды қолдануды», атап айтқанда күш қолдануды басым ететін билік түсінігі ‑ +Инструменталистік
Мемлекетте тек қана бір саяси партияның немесе саяси ұйымның жетекшілік етіп, бүткіл қоғамды басқаратын классикалық режим түрі: +Тоталитаризм
Авторитаризм дегеніміз ‑ +Мемлекетте бір саяси топ басқарады, бірақ ресми түрде басқа да саяси партияларға рұқсат беріп, сөз бостандығына жартылай жеңілдік беретін саяси режим түрі
Мемлекеттің бүтіндей саяси тәртібі мен қызметтерін, билігі мен барлық салаларын толығымен қамтып соны құраушы ерекше жиынтықтың түрін қалай атаймыз? + Саяси жүйе
Американдық ғалым Олвин Тофлердің өз еңбегінде айрықша бөліп көрсеткеніндей, замануи әлемде қандай «билік ресурстары» үстем болады? +Ақыл-парасат, біліммен ақпарат
Танымал әлеуметтанушы, саясаттанушы Т. Парсонстың айтуы бойынша кез‑келген қоғамдық‑мемлекеттік жүйе төрт жүйешіктен тұрады. Аталған осы төрт жүйешікті көрсетіңіз. ×Саяси, әлеуметтік, экономикалық, рухани
Классикалық саяси партиялық жүйелердің дұрыс классификациясын табыңыз. +Бірпартиялық, екіпартиялық, көппартиялық
Саяси ғылымдағы американдық саясаттанушылардың (Г. Ласуэлл, Г. Алмонд және т.б.) саяси жүйелердің құрылымы бойынша классикалық жіктемесін анықтаңыз. +Англосаксондық-американдық, құрлықтық еуропалық, индустриялдыққа дейінгі немесе жартылай индустриялды, тоталитаризм
Танымал ғалым Дэвид Истонның «қоғамның саяси жүйесі» немесе «қоғамдық жүйе жәшігі» деп аталатын теориясындағы саяси жүйенің тұрақты жұмысын қамтамассыз ететін элементтерді атаңыз. +Кірістер мен шығыстар
Американдық саясаттанушы Роберт Даль: «билікті жүзеге асыру үшін, үстемдіктің толық формасына жету үшін жұмылдырылатынның, қолданылатынның, барлығы....» деп нені айтқан? +Билік ресурстарын
Билік институттарымен саяси қатынасқа түсуші субъекттердің арақатынасын қамсыздандырушы саяси сананың функциясы: +Коммуникативтілік
Классикалық авторитаризм теорияларын зерттеуші, құрастырушы болған авторлар: +Ж. Д. Ментр, Л.Д. Бональд
Саяси партиялардың даму кезеңдерін үшке бөліп (аристократиялық үйірмелер, саяси клубтар, бұқаралық партиялар деп) ұсынған ғалым: +М. Вебер
Саяси партиялар қай уақыттан бастап жалпыұлттық бұқаралық мүдделерді білдіретін саяси ұйым ретінде ресми қалыптасты: + XIX ғасырда
1834 жылы Англияда құрылған ресми саяси партия ‑+ Консервативтік
партия
1900 жылы Англияда құрылған ресми саяси партия ‑+Лейбористік партия
Кадрлық партиялардың басты белгілерін сипаттаңыз-+Адам санының аздығы, еркін мүшелік, қаржылық элитаға, кәсіби саясаткерлерге сүйенушілік
Т. Парсонс өз еңбегінде «Билікке қатысты адамдар екі типтен тұрады..» деп бөліп көрсеткен. Төменде көрсетілген жауаптардың ішінен Парсонстың жіктеген екі типін табыңыз. +Бағынушылар және бағындырушылар
Саяси партиялардың олигархизациясы теориясының авторы: 3 +Р. Михельс
Саяси тарихта, байлар табымен қатаң күрес жүргізген, тек кедей‑кепшіктердің мүддесін ғана ойлаған саяси партия. +Кеңестік коммунистік партия
Саяси партиялардың ең басты функциясы: +Билік үшін күрес, билікті жеңіп алу және жүзеге асыру
Мемлекеттегі барлық өмір сүріп отырған саяси партиялардың қызмет етуі мен олардың функционалдуының жиынтығының атауы ‑ +Партиялық жүйе
Саяси партиялардың қалыптасуы мен дамуының, оның типтерінің ерекшеліктерін зерттеуге елеулі үлес қосқан Француз ғалымы -. +Моррис Дюверже
Төменде көрсетілген ғалымдардың қайсысы, билік пен билік институттарына, саяси шешімдердің қабылдануы мен оның орындалуына ықпал ететін «қысым топтар» ұғымын ғылыми айналымға енгізді? +А. Бентли
Сайлаудың негізгі аудиториясының, таңдаушылар мен сайлаушылардың саяси ғылымдағы ресми атауы: +Электорат
Саяси күресте «жұмысшы тап диктатурасы» атты қан төгісті төңкерістерді жасаған, әлеуметтік теңдікке ұмтыламыз деген «қызылдар» партиясы ‑+КОКП
Көрсетілгендердің қайсысын «Зайырлы мемлекет» анықтамасына жатқызуға болады? + Мемлекет дін ісіне, Дін мемлекет ісіне араласпайтын, бірақ тең де еркін дәрежеде өмір сүретін мемлекет
Көрсетілгендердің қайсысын «Құқықтық мемлекет» анықтамасына жатқызуға болады? .+ Конституция үстемдігі, заңдар алдында адамдардың құқықтары мен бостандықтарының теңдігіне қатаң кепілдік беретін мемлекет
Көрсетілгендердің қайсысын «Әлеуметтік мемлекет» анықтамасына жатқызуға болады? +Адамдардың әлеуметтік, материалдық және рухани жағдайы мемлекеттің басты тапсырмасы ретінде қарастырылатын, игіліктерге мемлекеттік кепілдік берілетін, экономикаға тәуелсіз түрде халықтың әл-ауқаты жағдайы бірінші орында тұратын мемлекет
«Азаматтық қоғам» туралы түсініктер мен ұғымдар қай тарихи кезеңнен бастау алады-+Антикалық дәуір
Саяси прцестердің дамуы жолдарын алдын ала мақсатты түрде зерттеу мен тиянақтайтын саясаттанудың функциясы: +Болжамдық (прогностикалық) функциясы
Саясаттағы: «Мақсат‑құралдарды ақтайды» деген аморальді ұғымды насихаттайтын бағыт: +Макиавеллизм
Саяси ғылымның тарихындағы алғашқылардың бірі болып «идеалды мемлекеттің» теориялық сұлбасын жасаған ойшыл‑ғалым кім? 2+ Платон
Алғаш рет грек саяси ойын Шығыстық таным мен түсінікке сай етіп, негіздеген атақты ойшыл, энциклопедист ғалым: +Әл Фараби
Қытай саяси ойындағы Лао Цзының салған бағытының атауы: +Даосизм
Қазіргі әлемдегі қандай «саясаттанулық мектеп» әлемдегі саяси‑экономикалық даму, тұрақтылық пен саяси конфликттерді шешу бойынша ең танымал болып табылады? +Американдық саясаттану мектебі
Қазақ саяси тарихындағы ұлттық мүдделерді біріктірген, ұстаз‑ғалымдар, қоғам қайраткерлері Ә. Бөкейханов., А. Байтұрсынұлы және өзге де асыл азаматтарымыз мүше болған саяси партияның атауы қандай? +Алаш
«Үш анық» атты ғибратты‑ағарту трактатының авторы кім? +Ш. Құдайбердіұлы
Қазақ халқының Советтер езгісінен шығып, Түркістанның азаттығы идеясын насихаттап, сол үшін саяси қуғын‑сүргінге үшыраған, Еуропа елдерінде жүріп егемендік туралы үгіт жүргізген, қазақтың аяулы азаматы, қоғам қайраткері, ойшыл‑ғалым-+М. Шоқай
XIX ғасырдың басында, Қытайдағы коллониалдың жүйенің қыр‑сырын ашып жазған, алғаш рет ресми түрде «Қашқарияға» саяси зерттеумен аман барып келген, ойшыл, этнограф ғалым +Ш. Уәлиханов
Зере әженің немересі болған, қазақтың саяси сауаттылығын өз өлеңдері арқылы көтеруге, надандық пен алауыздыққа қарсы шығып, қара сөздерімен, ақылымен артына із қалдырған атақты Қазақ ақыны: +А. Құнанбайұлы
М. Қашқаридың еңбегін көрсетіңіз+Диуани Лұғат ат Түрк
М. Вебер бойынша қоғамдағы саяси үстемдік дегеніміз ‑ +Билікті ұйымдастыру формасы
Саяси жүйедегі «мүдделер артикуляциясы» дегеніміз ‑+Саяси шешім шығарушыларға қойылатын талаптар
Мемлекетті отбасымен, оның ішінде Әкенің билігімен түсіндіретін ілімдер жиынтығы+Патриархалды
Абсалютизм идеологы, суверенитет концепциясының авторы+ Ж. Боден
Утопиялық социализм идеясының негізін салушы автор+Т. Мор
Қазақ либерал‑демократиялық интеллегенциясының қалыптасып, күшейе бастаған кезеңі+XX ғасырдың басқы кезеңдері
Саясаттанудағы саяси институттар мен қоғамдық тәртіптерге баға беруші функцияның атауы қандай? +Аксиологиялық
Мемлекеттер «тоталитарлық, авторитарлық, демократиялық» деп қандай белгілері бойынша жіктеледі? +Саяси жүйесі мен тәртібі белгілері бойынша
Саяси үрдістердің спецификасы – ол, билік ресурстары мен мәртебе үшін әртүрлі топтар арасындағы бәсекелестік пен таластан тұрады деген ғалым кім? +Р. Дарендорф
Нақты бір жекелеген саяси жобалар мен іс‑әркеттердің қабылдануы мен жүзеге асуы дегеніміз ‑+Саяси шешімдер
Қазіргі заманғы жаһандық мәселелердің негізгі шығу көзі+Ресурстардың адамдар, мемлекеттер арасында тең бөлінбеуі және өркениеттік (мәдениеттік) басымдықтар үшін күрес жиынтығы
Келесі мотивтердің қайсысы билікті тұрақты етеді? 2 +Сендіру
Дәстүрлі стеоретиптерге басымдық беріп, тұрақтылық пен қалыптасқан саяси салттар үстемдік етуі керек дейтін саяси идеология түрі ‑. +Консерватизм
Адамдар бостандығы мен теңдігі, еркіндік пен азаттық негізгі идеясы деп саналатын саяси идеология түрі ‑+Либерализм
Америка Құрама Штаттарының демократтар партиясын қандай жануармен суреттейді? . +Көк есектер
Америка Құрама Штаттарының республикандықтар партиясын қандай жануармен суреттейді? +Сұр пілдер
Егерде бір мемлекеттің құрамында «Титулдық» ұлт болып, сол мемлекетке атауын берсе, өзге ұлт өкілдерін (диаспора ұғымын ескере отырып), қалай деп атайды? +Этнос
Құрамында көп ұлт өкілдері тұратын мемлекетті қалай атаймыз? +Көпэтносты (полиэтносты)
Қайта Өрлеу Дәуіріндегі әлеуметтік‑саяси ойдың бағыты: +Гуманизм
Мемлекеттердің территориялдық‑әкімшіліктік бөлінісі бойынша классикалық түрлерін көрсетіңіз. +Унитарлық, федерациялық, конфедерациялық
Құрамында ешқандай дау тудырарлық территориясы жоқ, бәріменен заңды мойындалған, Конституциялық тәртіппен сайланған легитимді билігі бар біртұтас мемлекет дегеніміз ‑ +Унитарлы мемлекет
Әлемдік аренадағы мемлекеттер арасындағы өзарақатынастағы негізгі басым принцип қандай? +Әріптестіктің тең құқықтығы
ҚР қашан Біріккен ұлттар ұйымына мүшелікке егемен мемлекет ретінде енді? +1992
Халықаралық саясат дегеніміз ол ‑ +Халықаралық аренада халықтар мен мемлекеттер арасындағы өзара қарым-қатынастарды реттеуші саясат
Қазақстан Республикасының халқының денсаулығын жақсартуға ықпал етуші фактор: +Аурулардың алдын алу бойынша және салауатты өмір салтын насихаттау бойынша мемлекеттік бағдарламалар
Көрсетілген ғалымдардың қайсысы саяси элиталар теориясын жасауға атсалысты? +Г. Моска
Саясаттанудағы гуманизмнің мәнін көрсетіңіз: +Барлық азаматтардың еркіндіктері мен бостандықтары, теңқұқықтылық принциптеріне негізделген демократиялық саяси қоғам құру
Мемлекетке сыртқы қоршаған географиялық ортаның әсері туралы концепцияның авторы+Ш. Л. Монтескье
Бедел билік құрылымында қандай компонент болып табылады? + Қайнар бастауы
Күштеу билік құрылымында қандай компонент болып табылады? +Ресурс
Жоғары билік құрылымдарында белгілі бір мүдделерді жеткізу, тықпыштау және оны жүзеге асыруды көрсететін іс‑қимылдар саясаттануда не деп аталады? +Лобби
«Тарих толқынында» кітабының авторы: Н. Назарбаев
«Делимитация», «демаркация» ұғымдары нені білдіреді? Шекара мәселесін, анықтау, белгілеу ұғымдары
«Референдум» ұғымы нені білдіреді? Еркін, жалпыұлттық сайлау
Қазақстандықтардың мәдени, өркениеттік құндылықтарын қайта жаңғыртып, қазіргі заманға саяси түлендіруді, жаңартуды көздейтін Елбасының бағдарламалық мақаласының атауы: Рухани жаңғыру
Қазақстан Республикасының қазіргі өз күшіндегі Конституциясы қашан қабылданды?1995 ж
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы Конституциялық Заңы қашан қабылданды? 1991 жылғы 16 желтоқсанда
«Жалпыға бірдей социология трактаты» атты еңбегінде «саяси элита» ұғымын ғылыми айналымға енгізген ғалым кім? Вильфредо Парето
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін алғаш ресми таныған ел: Түркия Республикасы
«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» ҚР Президентінің Жарлығы қашан қабылданды? 1995 26 желтоқсан
БҰҰ‑ның Бас Ассамблеясының қаншаншы сессиясына Қазақстандық делегация алғаш рет егемен елдің делегациясы ретінде қатысты? 47 сессия
Мәдениет (маданият) сөзінің мағынасы Араб тілінен аударғанда қандай мағына білдіреді? ? Қалалық, қалалану, қалалықтану
Классикалық мәдениеттанудағы «мәдениет жөніндегі ғылым-реформалар жөніндегі ғылым” деп тұжырымдаған, мәдениетті үздіксіз даму үстіндегі процесс деп қарастырған ғалым: Э.Б. Тэйлор
Латын тілінде «культура» терминін Цицерон қандай мағынада қолдануды ұсынған? Жанды жетілдіру или ЖЕРДІ ӨҢДЕУ
«Мәдениет» сөзі алғашында немен тығыз байланыста түсіндірілді Ғылымның жетілуі, ғылымдардың дербестікке ие болуы және кітапханалармен
Толанд, Вольтер, Монтескье, Лессинг қай дәуір мәдениет теорияларының авторлары саналады? ағартушылық
Ағарту дәуірі өкілдері мәдениетті негіздеуде қай категорияларға баса назар аударды? Табиғат, адам, ақыл, таным және т.б.
И. Кант, Г. Гегель, А. Гумбольдт сияқты философтардың шығармашылығымен тығыз байланысты қалыптасқан танымал мәдениеттанулық мектеп: Қоғамдық-тарихи мектеп
Танымал оқымысты ғалым Освальд Шпенглер өзінің «Еуропаның ақыры» еңбегінде тарихи тұрғыдан мәдениетті қанша түрге бөліп қарастырған: Шпенглер 8 дамыған, гүлденудің шегіне жеткен мәдениетті анықтады: антикалық (аполлондық), арабтық (сиқырлы), египеттік, вавилондық, үнді, қытай, мексикалық және еуропалық (фаусттық).
Мәдениеттанудың қалыптасуындағы өзіндік рөл атқарған классикалық мектептердің бірі саналатын «Натуралистік мектептің» өзге мектептерден ерекшеліктері неде болды? мəдениеттiң биологиялық сипатын əсiрелеп көрсетті, адамды биологиялық тұрғыдан қарастырған
Мәдениеттанудағы рәміздік мектептің негізін салушы ғалымдар: Эрист Кассирер, Ливи Стросс
Атақты тарихшы, мәдениеттанушы Карл Ясперсс бойынша адамзат мәдениеті үнемі қандай тарихи кезеңдерден өтіп отырады төрт кезең