Саясаттану Мемлекет және оның негізгі белгілері және атқаратаын қызметі. Мемлекет —


Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты



бет10/16
Дата31.12.2021
өлшемі59,26 Kb.
#23642
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16
Байланысты:
2 5330150033192916353

Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты белсенділігімен, тепе-теңдік сақтауға ұмтылысымен, прагматизмдігімен, сындарлы сұхбат жүргізуге талпынысымен және көпжақты ынтымақтастыққа бағытталғандығымен ерекшеленеді. Халықаралық аренада мемлекетіміз өзінің тарихи, геосаясаттық және экономикалық факторларына байланысты көп ғасырлар бойы сыртқы саясатын халықаралық ынтымақтастық, көршілес мемлекеттермен татуластық және олардың аймақтық біртұтастығын құрметтеу принципіне негіздеп жүргізіп келеді. Қазақстанның өзге мемлекеттермен тең құқылы және екі жаққа да тиімді қарым-қатынас құруға дайындығы оның бүгінгі күні дипломатиялық байланыс орнатқан шет мемлекеттердің санының көптігімен дәлелденіп отыр. 1991 жылы тәуелсіздік алған сәттен бастап, біздің республика әлемнің 130 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Көптеген себептерге байланысты Орталық Азия мен Қазақстан аймағы әлем саясатында қазіргі кезде ерекше назарға ие. Қазақстан екпінді даму қарқынының арқасында ipi трансұлттық корпорациялардың, өзге мемлекеттердің үлкен қызығушылығына ие. Бұл түсінікті де, Қазақстан Орталық Азиядағы географиялық сипаты бойынша ең ipi мемлекет болып табылады, оған қоса экономикалық даму қарқыны бойынша біздің мемлекет аймақтағы көшбасшы. Осы ретте еліміздің болашақта даму мүмкіндіктерінің мол екендігін ескере кету керек. Бүгінгі күні қазақстандық сыртқы саясат басымдылығы ең алдымен Ресей, Қытай, АҚШ, ЕО, Орталық Азия аймағындағы көршілес мемлекеттермен, ислам әлемімен тең құқылы қарым-қатынас құруга бағытталып отыр. Бұл тұрғыда 2006 — 2007 жылдары аталмыш мемлекеттермен және аймақтармен екі жақты байланыс едәуір алға басты. Ел мүддeciнe қатысты бірталай маңызды құжатқа қол қойылған мемлекет басшылығының Вашингтон, Мәскеу, Брюссель, Лондон, Бейжің, Каир, Тегеран, Ташкент, Бішкек және тағы да басқа мемлекеттердің астаналарына ресми сапарларының қорытындылары да осыны айғақтай түсуде. Осылайша мeмлeкeтiмiздiң әлемнің жетекшi державалары мен көршілес ТМД мемлекеттepi арасындағы стратегиялық серіктестігі жаңа деңгейге көтерілді деуге болады.

25. Қазіргі замандағы сайлау жүйелері: олардың артықшылықтары мен

кемшіліктері.

 Сайлау жүйесі деп өкілетті және басқа мемлекеттің сайланбалы билік органдарын құру жолдарын, түрлерін, әдіс-тәсілдерін анықтайтын, тәртіпке келтірілген нормалар, ережелер жиынтығын айтады. Жалпы алғандасайлау жүйесіне мемлекеттік қызмет орнына үміткерлерді (кандидаттарды) ұсынудың тәртібі, процесі және негізгі принциптері, оны ұйымдастыру, материалдық жағынан қамтамасыз ету, майлаушылармен жұмыс жүргізу және т.б. шаралар кіреді.

            Сайлау жүйесінің негізгі қағидалары әдетте конституцияда анықталады және арнайы занда нақтыланады. Мұндай құқықтық нормалардың жиынтығын сайлау құқығы дейді. Онын 2 түрі бар: 1)белсенді түрі, 2) бәсең түрі. Белсенді түрі азаматтардың сайлау құқығын білдіреді. Бәсең (енжар) түрі олардың сайлану құқығын қамтиды. Сайлау құқығында солар реттеледі.

            Берілген дауысты есептеу тәсілімен соның нәтижесінде орындарды бөлу принципіне қарай сайлау жүйелері мажоритарлық, пропоционалдық және аралас түрі болып бөлінеді.

            Мажоритарлық сайлау жүйесінде әрбір округте депутаттық орындар белгіленген дауыстың көпшілігіне ие болған үміткерге тиеді. Қалғандары билік органдарына кіре алмайды.

            Мажоритарлық жүйенің 2 түрі бар: абсолютті және салыстырмалы. Абсолютті жүйеде сайланды деп басым көпшілік дауысты (50 пайыз және 1 дауыс) алған талапкер саналады.Мұнша дауысты үміткердің көбі бірінші кезекте ала бермиді. Сондықтан сайлаудың екінші туры өткізіледі. Мұнда бірінші турда көп дауыс алған 2 үміткердің қайсысы көп дауыс алса, сол сайланған болып есептеледі.

            Мажоритарлық жүйенің салыстырмалы көпшілік түрінде қай үміткер көбірек дауыс жинаса, сол сайланады. Онда 50 пайыздан артық дауыс алу шарт емес.

            Мажоритарлық жүйенің абсолютті және салыстырмалы түрлерінде сайлау округтері бір мандатты келеді, яғни әрбір округтен бір ғана депутат сайланады. Мәселен, мұндай мажоритарлық жүйе АҚШ, Англия, Франция, Жапонияда дамыған.

            Сайлаудың мажоритарлық жүйесі қарапайым және онай сияқты көрінеді. Оның үстіне парламентте көш бастаушы партия тұрақты үкімет  қалыптастыра алады. Сондықтан ол жүйе кеңірек тараған. Алайда оның кемшілікетері де бар. Оның ең бастысы – сайлаушылардың қалған 49 пайызының ( ал салыстырмалы көпшілік жүйесінде одан да көп азаматтардың) еркі, ықтияры ескерілмейді.
26. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде, объектісі, парадигмалары.

Саясаттану сөзі - политологиягректің политика және логос деген сөздерінен шыққан, саясат туралы ғылым деген мағына береді. Басқа қоғамдық ғылымдардың ішінде саясаттанудың орны ерекше. Себебі адамзат қоғамында саясат негізгі роль атқарады. Адамзат саясаттың сиқырлы сырын, құбылмалы құбылысын ерте заманнан бері түсініп-біліп келеді. Ерте заманда саясат болмаған. Мысалы Мысырда, Вавилонда, Үндістанда сол кездегі мифтарға сүйенсек басқарушының билік көзі тек құдай болған, яғни жер бетіндегі істердің барлығын құдай тындырып отырған. Кейінірек адамзаттың іс- тәжірибесінің, ақыл-ойының, мәдениетінің дамуына байланысты саясаттың ұғымдары, түсініктері пайда болды. Бұдан келіп саясат теориялары пайда болды. Саясаттанудың негізін салушы деп Аристотельді айтады. Өйткені ол өз заманында лицей ашып, сонда саяси ғылымды жеке пән ретінде оқытқан. Саясаттану XIX ғасырдың екінші жартысында жеке пән ретінде дамыды. XX ғасырдың басында саясаттану бөлек академиялық пән ретінде толық бөлініп шықты. Бұл ғылымның халықаралық мәртебе алып, толыққанды қалыптасуына ЮНЕСКО-ның басшылығымен құрылған саяси ғылымдардың халықаралық ассоциациясы зор роль атқарды. Ол саяси зерттеудің белсенділігін арттыру жолында қазірде жемісті еңбек етуде. Бүгінгі таңда саясаттану пәні АҚШ-тың, Шығыс елдерінің барлық жоғарғы оқу орындарына жеке пән ретінде оқытылады.

27. Саясаттану заңдары, категориялары (ұғымдары) және әдістері, қызметтері.

Саясаттанудың заңдарын үш топқа бөлуге болады.

1. Саяси-экономикалық заңдар.

2. Әлеуметтік заңдар.

3. Саяси психологиялык, заңдар.

Саясаттанудың негізгі категорияларының бірі -билік. Осыған байланысты саяси биліктің дәстүрлі теорияларын зерттейді. Оларға: монархия, аристократия, автократия, авторитаризм, деспотизм, охлократия, плутократия, тирания, тоталитаризм, этатизм, элитаризм, бюрократия, олигархия (финанс билігі), теократия, технократия т.б. жатады. Саясаттану саяси ілімдердің утопиялық, діни, ғылыми түрлерін зерттейді.

Саясаттану заңдарының қызметі.

1. Саяси білімдер жүйесіндегі теориялық-методологиялық функция.

2. Танымдық функция.

3. Практикалық функция.

4. Конвенционалдық функция.
28. Саяси ойлардың қалыптасу және даму тарихы. Саясаттану функциялары

Саяси ғылымның даму кезеңдері - саясатты саналы түсінудің алғашқы тарихи түрі - көне дәуірдегі діни-аңыздық түсіндірулер. Ал б.э.д. ӀӀ-Ӏ мыңжылдықтарда саяси көзқарастар тиімді бола бастады, сөйтіп, алғашқы саяси түсініктер мен ұғымдар, кейінірек саяси түжырымдар пайда болады. Бүл үрдіс бірінше кезекте Конфуция, Платон, Аристотель еңбектерімен байланысты. Келесі кезең орта ғасырдағы саяси биліктің теологиялық теориясымен байланысты. Әлеуметтік-саяси ой діни қайраткерлер күшімен дамытылды, тіптен шіркеу мемлекет пен саясатта басым рөл атқарды. М.Августин, Ф.Аквинский еңбектерімен танымал.



Қайта өрлеу мен ағартушылық дәуірінде саяси теория діни құрсаудан азат етіліп, гуманистік бағытта дами бастайды. Бүл дәуірде адамның құқықтары мен бостандықтары, заң мен мемлекет, қоғамдық өмірді демократияландыру үшін зерттеудің орталық мәселелері болды. Н.Макиавелли, Т.Мор, Ж.Боден, Т.Гоббс, Г.Гроций, Дж.Локк еңбектерімен танымал.

29. «Болашаққа бағдар: рухани жаңарту».

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы Елбасының 2017 жылы 12 сәуірде жарық көрген осы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының негізінде жасалған. Онда ұлтымыздың жаңа тарихи даму кезеңінің негізгі мақсаттары көрсетілген, атап айтқанда: рухани және мәдени құндылықтарымызды сақтау және ұлғайту, әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына ену. Осы мақсаттарға жету жолына бағытталған жобалар бағдарламада толық көрсетілген.

Қазақ тілінің латын әліпбиіне біртіндеп, кезең-кезеңмен көшуі туралы жобасы тіліміздің дамуына жаңа импульс беріп, оны әлемдік кеңістікке шығаруға, сөйтіп халықты тілімізді толық меңгеруге ынталандыруға арналған. Ал 2025 жылдан бастап латын әліпбиіне толық көшетін боламыз: осы уақыттан бастап барлық жазбаша дүниелер – БАҚ беттеріндегі жарияланымдардан бастап, кеңселік іс қағаздарын толтыруға дейін тек қана латын тілінде жүргізілетін болады. Оған дейін ақырын үйреніп, кириллицадан латынға біртіндеп өтетін боламыз.
30. Ежелгі дүниедегі (антикалық дәуір ) саяси ой- пікірлер.

Ежелгі дүниедегі саяси ой-пікірлердің қайнар көздерің, қалыптасу ерекшеліктерін анықтау. Саяси ой-пікірлердің қалыптасуындағы діннің, аңыз, әпсаналардың алатын орның белгілеу.

Ежелгі дүниедегі саяси ой-пікірлердің тарихы, қайнар көздері. Көне Шығыс елдері: Мысырдан, Вавилоннан, Үндіден, Қытайдын, Парсыдан және Батыс елдері: Грекия мен Римнен бастау алуы. Саяси ой-пікірлердің қалыптасуындағы діннің, аңыз, әпсаналардың алатын орны. Көне жазба ескерткіштері: мысырлық «Ипусердің сөзі», вавилондық Хаммурапи патшаның заңдары, парсылық «Авеста», үнділік «Веды», «Артхашастра» оқулары, қытайлық Конфуцийдің ілімі, гректік «Илиада», «Одиессия» поэмалары – ежелгі саяси идеялар мен ой-пікірлердің деректің негіздері.

Грекиядағы мемлекет-полистердің қала-мемлекеттердің шығуы. Саяси ой-пікірлердің дәуірлерге бөлінуі: Гомер, Гесиод және «Жеті данышпан», Демокрит, софистер, Сократ, Платон, Арситотель мен эллинизм дәуірінің шығармалары. Эпикур этикасы. Стоицизм ағымының қалыптасуындағы Зенонның рөлі. Полибийдің «40 томдық тарихындағы» мемлекеттің патшалық, тирандық, аристократиялық, олигархиялық, демократиялық, охлократиялық түрлерге ажыратылуы.


31. Ұлтаралық қатынастардың саяси аспектілері.

Халықаралық қатынас -XX ғacыр соңғы он жылдығында халықаралық қатынастардағы жағдай түбегейлі өзгерді. 1980-ші жылдардың соңына дейін олардың басты сипатына әлемдік қауымдастықтың екі қарама-қарсы одаққа жіктелуі тән болды. Халықаралық қатынастар эволюциясы екі өзара байланысты процесcтердің елеулі әсеріне үшырады - капиталистік сипаттағы әлеуметтік қатынастарға негізделген әлемдік нарықтың бірлігін қалпына келтіру және жаһандану проңесінің қарқынды дамуы. Нәтижесінде елдер мен халықтардың өзара тәуелділігі артуда, шешімін табу үшін халықаралық әріптестікті дамытуды талап ететін жалпы әлемдік, ғаламдық сипаттағы мәселелердің көбеюі орын алып отыр. Қазіргі халықаралық қатынастардың экономикалық негізі - әлемнің метериалдық базасындағы елеулі өзгерістердің негізінде қалыптасушы жаңа әлемдік еңбек бөлінісі.


32. Қазіргі білім жүйесіндегі тенденциялар мен мәселелер.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет