Саясаттану Мемлекет және оның негізгі белгілері және атқаратаын қызметі. Мемлекет —



бет2/16
Дата31.12.2021
өлшемі59,26 Kb.
#23642
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
2 5330150033192916353

Азаматтық қоғамның белгілері:

- адам мен азаматтың құқықтар мен бостандықтарының мейлінше толық қамтамасыз етілуі;

- өзін-өзі басқару;

- оның құрылымдары мен адамдардың әртүрлі топтарының бәсекелестігі;

- еркін түрде қалыптасатын қоғамдық көзқарас пен плюрализм;

- жалпы ақпараттану мен адамның ақпаратпен танысу құқығының шын мәнінде жүзеге асырылуы;

- өмір сүру координация қағидасына негізделеді (мемлекеттік аппарат кезінде субординация қағидасы үстемдік құрады);

- экономиканың көпжақтылығы;

- биліктің заңды және демократиялық сипаты;

- кұқықтық мемлекет;


4. Саяси билік түсінігі, белгілері және функциялары, принциптері.
Саяси билік - таптық, топтық, жеке адамның саясатта тұжырымдалған өз еркін жүргізу мүмкіндігін білдіреді. Саяси билік адамзат тарихының барлық кезеңдерінде болған. Саяси билік тек мемлекеттік аппарат арқылы ғана емес, сонымен бірге партиялар, кәсіподақтар, халықаралық ұйымдар сияқты саяси жүйенің басқа элементтері арқылы да жүргізіледі.

Саясаттану өзінің танымдық процесінде мынандай негізгі принцип-терге сүйенеді:

1. Саясаттану қоғамның саяси өмірін үнемі қозғалыста болатын құбылыс ретінде қарастырады.

2. Саяси өмірді үнемі қайшылықта болатын процесс ретінде тану принципіне негізделеді.



3. Саясаттану саяси құбылыстардың, жалпы саясаттың ішкі біртұтастығын мойындау принципіне негізделеді.
5. Жаңа замандағы саяси ой-пікірлер (Дж. Локк, Т. Гоббс, Ш. Монтескье, К. Маркс)
Осы заманның көрнекті өкілдерінің бірі, француздың ағартушы ғалымы – Шарль Луи Монтескье (1689– 1755 жж.). Ол саяси ойлар тарихында өзінше таңба қалдырған ғұлама, ғалым. Ш.Л. Монтескье «Заңдар рухы» еңбегінде екі мәселеге ерекше назар аударады, біріншісі «Заңдар рухы» болса, екіншісі «Басқару образы». Ол одан әрі осы еңбегінде «Көптеген заттар адамдар өміріне тікелей әсер етеді: соның ішінде климат, дін, заңдар, мемлекетті басқару қағидаттары, өткен тарих, әдет-ғұрыптар, осының барлығы жинала келіп сол халықтың рухын айқындайды» деп есептейді.
Саясаттағы азаматтық концепция идеясын одан әрі жалғастырушы ойшылдардың бір ағылшын ғалымы – Томас Гоббс (1588–1679 жж.). Ол өз ой-тұжырымдарын «Левиафан немесе материя, форма және мемлекет билігі» деген ғылыми еңбегінде тұжырымдады. Жоғарғы билік пен ізгілікті мемлекет оның еңбегіндегі басты идея. Ол Англиядағы монархиялық билікті барынша арашалап алуға тырысты, бірақ, соған қарамастан биліктің құдайдан екенін жоққа шығарды. Сондай-ақ, ол монархиялық биліктің қайнар көзі – қоғамдық келісімде жатыр деп түсіндірді

6. Сыртқы саясат ұғымы, мақсаты, жүзеге асу формалары, әдістері, құралдары



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет