Ағарту дәуірі – 18-19 ғасырларда дамыған идеялық ағым. Оның өкілдері ізгілік, әділеттілік идеялары мен ғылыми таным-білім негіздерін тарату жолдары арқылы қоғам кемшіліктерін түзетуге, оның талғам-талаптарын, саясатын, тұрмысын өзгертуге күш салды. Ағартушылар қатарында
Вольтер,
Руссо,
Монтескье,
Гердер,
Лессиң,
Шиллер,
Гете,
Десницкий, Козельский,
т.б. болды. Олар өз уағыздарын, қоғамның барлық топтары мен жіктеріне, әсіресе, билік иелеріне бағыштады. Қоғамдағы кертартпа көріністердің бәрі адамдардың надандығынан, олардың өз табиғатын өзі түсінбеуінен деп білді. Ағартушылық шіркеулік идеология ықпалына, діни догматтарға, схоластикалық ой-ағымдарына қарсы болды. Ағартушылар қоғам дамуындағы сананың айқындаушы рөлі туралы түсініктерге ден қойды. Ағартушылық 18 ғасырдағы әлеуметтік көзқарастардың қалыптасуына едәуір ықпал етті. Шығыс елдерінде бұл ағым біршама өзіндік сипатта өркен жайды.
42. Саяси биліктің мәні, оны анықтаудағы түрлі әдістер (бихевиористік, телеологиялық, жүйелік, релятивистік).
Саясаттың негізгі мәселесі билік болғандықтан, саясатта билік теориясы үлкен орын алады. Билік саясаттың саяси институттар мен барлық саяси әлемнің мінін түсініп-білуге көмектеседі.
Шығыстың көрнекті ойшылы Ибн-Халдун (1332-1406) адамның басқа жан-жануарлардан ерекшелігі - ол билік үшін күреседі деген екен.
Ағылшын философы, қоғам қайраткері Бертран Рассель (1872-1970) физикада басты ұғым энергия болса, қоғамдық ғылымдарда негізгі ұғым билік болып табылады деген.
Американың әйгілі әлеуметтанушысы Талкотт Парсонс {1902 - 1979) экономпкалық жүйеде ақша қандай орын алса, саяси жүйеде билік те соншалықты орын алады деп тұжырымдаған.
Билік туралы мынандай тұжырымдамалар бар: Телеологиялық, бихевиористік, инструменталистік, структуралистік, конфликтілік.
Сонымен билік деп біреудің екіншілерге әмірін жүргізіп, олардың іс-әрекеті, қызметіне ықпал етуін айтады.
Алғашқы қауымдық құрылыс кезеңінде билік қоғамдық сипатта болды. Мұнда қауым болып тайпаларды басқарды. Құл иеленушілік құрылыста құл иеленушілер және құлдар пайда болып, теңсіздік туды. Бір таптың екінші бір тапты бағындыру қажеттілігі туды. Осылай билік аппараты дүниеге келді, адамдарды еркінен тыс, ықтиярсыз еркіне көндірген мекемелер пайда болды.
Теологиялық (діни) теория мемлекет пен құқықтың пайда болуын құдайдың құдіретімен байланыстырады. Әрбір ірі дінде кұдайдың әрекеті деген діни-құқықтық қағидалары бар. Қазіргі заманда да кейбір мемлекеттер осындай қағидааларға негізделіп құрылып, қызмет атқаруда. Бұл қағидаларға сүйене отырып дін теоретиктері мемлекет пен құқык құбылыстарын діни рәсімдерге байланыстыра түсіндіреді.
43. Саяси биліктің объектісі мен субъектісі, қайнар көздері, қорлары.
Саяси билік субъектілері - іс-əрекетті жасаушы, объекті өзгертуші жеке адам, əлеуметтік топ, тап, партия, мемлекетті айтады. Саяси билікті жүзеге асыру үшін арнайы ұйымдар мен ме- кемелер құрылып, субъект оларға өкілдік береді. Олар билікті қолданушы, қорғаушы, "иелік етуші" болып есептеледі. Басқа сөзбен айтқанда, субъект билікті "иелік етушілер" арқылы жүргізеді. Биліктің субъектісі бойынша парламенттік, үкіметтік, соттық, дербес, ұжымдық, т.с.с. болып топталады.
44. Саяси және мемлекеттік билік. Билікті табыстау және биліктің бөлінуі.
Ұлтаралық жанжалдардың көбісі қазіргі жаңа қоғамда көп таралған құбылыс болып келеді. Бұл мəселе тек бүгін ғана туындаған жоқ. Адамзат тарихында соңғы 5 мың жыл ішінде 3,5 млрд. адам дүние салған 15 мыңға жуық соғыс пен қаруланған жанжалдар болды. Халықаралық Стокгольм институтының зерттеулері бойынша ХХ ғасырдың 80-жылдары болған жанжалдардың көбісі этносаралық болды.
Əлеуметтік жанжалдың тек екі не одан да көп мемлекеттердің мақсаттары бір-бірімен келіспейтін жағдайда ғана туындайды. Осыдан қорыта айтқанда жанжалдың болмауы мүмкін емес жайт. Жанжалдың өмір сүруі теңсіздіктің болуына байланысты. Р. Дарендорфтың теориясы бойынша жанжалды бақылауда негізгі үш мəселесі құнды. Біріншіден, құндылықтардың маңыздылығы. Кез келген мемлекет жанжалдың ситуациялық маңызын түсінуі қажет, əрі оның маңыздылығы жанжалдың өмір сүру құқығында. Басқаша айтқанда, жанжалды басқару мүмкін емес, егер жанжалға түсушілердің біреуі оның оппоненті жоқ деп айтқан жағдайда жəне оның өзіндік ойы жоқ болған жағдайда жанжалды басқару мүмкін емес. Мысалы,
Екіншіден, жанжалды бақылаудың маңызды кезеңі болып мемлекеттердің ұйымдастыру қабілеті болып табылады: мемлекеттердің ұйымдастыруы көбірек болса, келісімге келу жəне келісімнің мақсатына жету жолдары жеңіл болады. Ал керісінше болған жағдайда жанжалдың өрлеуіне жəне қателіктерге алып келеді.
45. Саяси шиеленістер, олардың мәні, конструктивті және деструктивті қызметтері.
Саяси ғылымдағы шиеленістердің әртүрлі жағдайларына қатысты проблемалардың жиынтығын зерттейтін ғылыми және оқу проблемалары сипатындағы жаңа жеке пән шиеленістану деп аталады.
Жалпы тұрғыдан алғанда шиеленіс қарама-қарсы топтардың бір-біріне қайшы мүдделерінің, пікірлерінің, көзқарастарының түйісуі, әртүрлі сипаттағы пайымдаушылық, келіспеушілік, ымырасыздық Саясаттану зерттеулерінің нысандары болып саяси билік, саяси мақсат мәселелерімен тікелей және жанама қатысты, саяси сипаттағы шиеленістер саналады.
Саяси шиеленістер туралы зерттеулер өзінің терең тамырларын ежелгі философтардан алады. Бүкіләлемдік тарихта бұл мәселелер біздің дәуірімізге дейінгі YІІ-YІ ғасырлардағы Қытай философтарының, Ежелгі Грекиядағы Анаксимандр мен Гераклиттің теориялық пайымдауларынан мәлім. Гераклиттің күрес жалпыға ортақ және “барлығы күрес арқылы және қажеттіліктер бойынша өтеді” деп түйіндегені белгілі. Осыған ұқсас ойларды басқа үлгіде Сократ, Платон, Полибий және басқалары да топшылады. Қоғамдағы шиеленістерді зерттеуге Н.Макиавелли көп көңіл бөлді. Ол әртүрлі деңгейдегі шиеленістерді сараптай отырып, олардың қоғамдық процестердің дамуындағы жағымды сипатын атап көрсетеді. Алайда, ХYІІІ ғасырдың соңына дейін саяси шиеленісті зерттеуші ойшылдар оны ең алдымен мемлекеттің реттеуші қызметі санап, үстемдік ету мен бағыну мәселелеріне жатқызды.
46. Қазақстандағы әлеуметтік-саяси шиленістердің алдын алу технологиялары.
Субъектілердің арасындағы қақтығыстың тоқтауымен шиеленіс аяқталады. Алайда, бұл жағдай көпке созылмай, шиеленіс қайта басталуы мүмкін. Шиеленіс толық шешімін тапқанда ғана, оның толық аяқталуы қамтамасыз етіледі. Əрине, бұл қоғамдағы барлық шиеленістер толық шешіліп, келісім орнайды деген сөз емес. Өмірде екі жақтың уақытша келісімге келуі немесе жартылай шешімі табылатын шиеленістер жиі кездеседі. Сол сияқты шиеленісті күшпен басып тастау да жиі орын алатын жағдай. Мұны шиеленістің шешілуі деп түсінбеу керек. Р.Дарендорф атап көрсеткендей, басып тасталған шиеленіс қатерлі ісік тəрізді, оның асқынуы əбден мүмкін. Əлеуметтік шиеленісті толық шешу үшін оны туғызған себептерді жою керек. Бұл жерде айта кететін бір жағдай – субъективтік себептерден туындайтын шиеленістерді шешудің қиындығы. Эмоцияға байланысты шиеленістер толық шешілуі үшін екі жақтың адамдарының бір-бірлеріне деген көзқарастары толық өзгеруі керек
47. Қазіргі жағдайдағы саяси дағдарыстан шығу тәсілдері.
Үкімет пен бұқараны алыс-жақын аралықта қандай маңызды дүниелер күтіп тұр? Саяси рингтегі Батыс пен Ресей айқасы немен аяқталады? Келешегі күңгірттене бастаған ЕАЭО және Назарбаев пен Путин достығы. Соңғы айларда орын алған ауыс-түйіс пен саяси дағдарыстың ақыры немен аяқталады? Осы сұрақтардың жауабын білгіміз келіп саясаттанушы, тарихшы Әзімбай Ғалимен сұхбаттасқан едік.
Достарыңызбен бөлісу: |