Саясаттану пәні бойынша дәрістер Алматы 2019 мазмұНЫ


Қазақстанда егемендік пен демократияның қалыптасу кезеңдері: проблемалар және қиындықтар



бет39/41
Дата25.11.2022
өлшемі191,88 Kb.
#52507
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41
Байланысты:
Саясаттану лекциялар

2. Қазақстанда егемендік пен демократияның қалыптасу кезеңдері: проблемалар және қиындықтар.
Елбасының өз халқымен қоян-қолтық араласып, ежелгі таныстарынша қарым-қатынас жасауы үлкен өнер. Бұл тұрғыдан Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың алдына шығатын президент бүкіл ТМД елдерінде жоқ шығар деп ойлаймыз. Рас, кезінде бұрынғы КСРО президенті ел аралап жүрген кезінде ат төбеліндей жұртпен завод, фабрикаларда, кәсіпорын, мекемелерде жөн сұрасып, әңгімелескен кездер болған. Бірақ, ол бүкіл халықпен қоян-қолтық араласқандай әсер ете қоймап еді. Ал, біздің Президеңтіміз өз халқымен қарым-қатынас жасаудың бұрын-сонды болмаған жаңа үрдісін тауып, соны жүзеге асырып келеді.
Президенттің халықпен араласудағы тың әдісі — ол Елбасының өз халқына жыл сайын жолдайтын Жолдауы. Президент Н. Назарбаев 2000 жылдың 24 қазанында республика Парламентінде сөз сөйлеп, өзінің Қазақстан халқына жыл сайын жолдайтын Жолдауы туралы мазмұнды, келелі әңгіме қозғады. Аталған Жолдау «Қазақстан —2030» стратегиялық бағдарламасының логикалық жалғасы болып табылады. Онда елімізді дамытудың жеті бірдей ұзақ мерзімді басымды мақсаттары және оларды жүзеге асырудың мәселелері қаралған. Содан бері үш жыл өтті. Әрі осынау үш жылдың ішінде қоғамымызда айтарлықтай игі өзгерістер болды. Президент осы жылдардың ішінде реформаның алғашқы кезеңі ойдағыдай аяқталғанын, ұзақ мерзімге белгіленген стратегияның басты міндеттерінің, соның ішінде үш жылға белгіленген шаралардың орындалғанын атап өтті.
Жолдауда стратегиямыздың негізгі бағыттары бойынша қол жеткен табыстарымыз талданды.
Қоғам өміріндегі басты бағытымыз — әлеуметтік-экономикалық шаралар. Сондықтан Президент қазіргі кездегі экономикалық жағдайымызды бүге-шігесіне дейін талдап берді. Онда қазіргі жағдайымызға жоғары баға берінген. Егер «Қазақстан — 2030» Бағдарламасында ол, экономикалық құлдыраудың нәтижесінде көптеген азаматтарымыздың табыстары мен өмір сүру денгейі нашарлады десе, соңғы Жолдауында экономикалық жағдайымызға оптимистік баға беріледі. Жекешелендіруді, жаңа салық жүйесін және отандық кәсіпкерлікті жүзеге асыру мен қалыптастыру нәтижесінде бүгінде республикамызда экономикалық дамудың қарқыны байқалады. Атап айтқанда, 2000 жылдың 9 айы ішінде өнеркәсіп өнімдері 15 пайызға, сыртқы сауда айналымы шамамен 13 пайызға артты. Соның ішінде сыртқа тауар шығару 80 пайызға көбейді. Соның нәтижесінде сауда айналымының қалдығы 2,6 млрд. долларға жетті. Президент өзнің стратегиялық Жолдауында халықтың салымдары мен жиған-тергендері экономикамыздың қозғаушы күші болып табылады, бірақ, оның қарқыны төмен деген еді. Жаңа Жолдауында осы саладағы алға басушылықты атап көрсетті. Атап айтқанда, күрделі қаржыға қосылатын инвестиция 13 пайызға көбейген. Халықтың банклердегі салымдары 83 пайызға артқан. Мұның өзі нақты саланы қаржыландыру көлемін 60 пайызға көтеруге мүмкіндік беріп отыр. Бүгінгі таңда жеке кесіпкерлерге жан-жақты жағдай жасалынған. Оның заң тұрғысындағы базасы күшейе түсуде, шағын және орта бизнесті қаржыландыру жағы жақсарып келеді.
Мәселен, 1997 жылы төрт заң Президенттің екі бірден Жарлығы, Үкіметтің тоғыз қаулысы, министрліктер мен ведомствалардың жеті бірдей нормативтік актілері жарық көріп, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғаға бағытталды. 1998 жылы шағын және орта бизнесті қаржыландырудың жалпы сомасы 100 млрд. долларға жетті. Халықтың табысында да алға бсақан игі көрсеткіштер бар.
Мәселен, халықтың жан басына шаққандағы табысы шамамен 21 пайызға көбейді. Президенттің бағалауына қарағанда бұл дегеніңіз мемлекеттің ұзақ мерзімді жоспарының мүмкіндіктеріне сенім туғызып, экономикалық дамуымызды одан әрі өркендетеді. Соның ішінде Президент Үкіметке 2001 жылы бюджеттік ұйымдарда жұмыс істейтін қызметшілердің еңбек ақысын 30 пайызға, күш-қуат қызметкерлерінің жалақысын 30-40 пайызға арттыру. Сонымен бірге судьялар корпусының еңбекақысын да көтеру, ең төменгі зейнетақыны төрт мың теңгеге жеткізу жөнінде тапсырма берді. Жолдауда атап көрсетілгендей дәл қазіргі кезде орталықтың өзінде де, аймақтарда да осы мақсатты жүзеге асырудың мүмкіндіктері бар. Президент сонымен бірге жеке секторды жалдамалы қызметшілердің де еңбек ақысын көтеруге шақырды. Өйткені, халық шаруаның жақсарғанын, реформаның жеңістерін шындап сезіну керек.
Президент Жолдауында қоғамды әрі қарай дамыту, құқықтық мемлекетті қалыптастыру мәселелеріне байланысты проблемалар ерекше орын алады. Еліміздегі демократиялықөзгерістерді айта келе мемлекет басшымыз соңғы онжылдықта саяси өмірімізде бірқалыпты тыныштық орнағанын атап көрсетті — бұл қантөгіссіз, танкісіз және адам шығынынсыз, азамат соғысынсыз, әрі шекарамыздың тыныштығын сақтаған, қоғамымыздың, дініміздің беріктігін сақтаған жылдар болды. Осы жылдар ішінде тоталитарлық режимнен демократиялық қоғамға қарай қадам басу жүзеге асырылды. Азаматтардың саяси құқықтары мен бостандықтары Конституциялық жолмен қамтамасыз етілді, саяси плюрализм қалыптасты, әділет органдары 1710 қоғамдық бірлестікті, 9 саяси партияны занды түрде тіркеді. ТМД-нің басқа елдерінде әр түрлі саяси қақтығыстар болып жатқан кезде Қазақстанда бейбітшілік пен келісім сақталды. Ол негізінен Қазақстан халықтары ассамблеясының, саяси партиялардыңжәне қоғамдық бірлестіктердің өзара түсіністігінің нәтижесінде жүзеге асырылды. Елімізде 55 саяси партиялар, ұлттық мәдени орталықтар және қоғамдық бірлестіктер бір-бірімен ынтымақтасып жұмыс істейді.
Республикада 100-ден артық ұлттар мен ұлыстар өмір сүреді. Қабылданған заңдарымыз олардың еркін дамуына мүмкіндік береді. Атап айтқанда, бұл заңдар сол халықтардың тілінің, мәдениетінің, дәстүрінің және діни сенімін дамы тута жағдай жасайды. Ұлттық мәдени орталықтар, ұлт тілдері мемлекеттік тұрғыда жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда 11 тілде газет, 12 тілде телехабар, 6 тілде радио хабар жұмыс істейді. Мектеп жасына дейінгі балалар мекемесінде 426 мың бала өздерінің жеті түрлі ана тілінде тәрбие алады. 3 миллионнан астам оқушы ана тілдерінде білім алуда. Қоғамымызды әрі қарай демократияландыру мақсатымен Президент алда тұрған негізгі міндеттерді, соның ішінде билік тармақтарының алдында тұрған міндеттерді қалыптастырды. Ең басты бағытымыз шынайы құқықтық мемлекет орнатуға бағытталып отыр. Мұнда азаматтарымыз өздерінің қызметіне, лауазымдық дәрежелеріне қарамастан заң талабына сай өмір сүру керек. Президент осы тұста барлық азаматтардың заң бойынша өмір сүруін ғана атап көрсеткен жоқ, ол сонымен бірге мемлекеттік құрылымдардың өздері белгіленген заң мен тәртіпті сақтау керек деп атап айтты. Осының соңғысы қазіргі кезде онша қанағаттанарлық жұмыс атқара алмай жүрген құқық қорғау органдары қызметтеріне бағытталды. 2000 жылы 9 қарашада өткен Астанадағы ұйымдасқан қылмыс және коррупция мәселесін қараған кеңесте мемлекет басшысы құқық қорғау органдарының бүгінгі қызметіне онша көңіл толмайтынын баса айтқан болатын. Мәселен, прокурорлар наразылық білдірген құжаттар шығарады. Алайда, оған мемлекеттік органдар тарапынан ешқандай әсер болмайды. Әсіресе, адамдарымыздың Конституциялық құқықтарына нұқсан келтіру сияқты сипаты бар фактілердің қаупі жоғары. Мұндай қауіпті көбіне полиция қызметкерлері тарапынан байқайтынымызды Президент атап көрсетті. Тіпті, полиция қызметкерлерінің өздері заң бұзатыны көпке белгілі. Қолға түскен есірткі заттарын полиция қызметкерлері екінші рет айналымға жіберген жағдайлар бар. Әңгіме құқық қорғау және мемлекеттік оргаңдардың есірткі бизнесімен күрсе кезінде өз қызметтерін теріс пайдаланатыны жөнінде болып отыр. Прокуратура органдарының. есірткіге байланысты кейбір қылмыстарды жасырып қалу фактілері орын алған («Панорама газеті» 20 қазан 2000 жыл).
Президент сонымен бірге тексеру органдарын қатаң сынға алды. Олар заңды белден басып, кәсіпкерлерді үнемі тексеріп, олардың тиімді жұмыс істеуіне мүмкіндік бермейтінін айтты. Сонымен бірге, бұл кеңесте Президент, прокуратура, кеден және полиция органдарын қайта қалыптастыру мәселелеріне тоқталып өтті.
Жолдауда демократияны нығайту, азаматтық қоғамды одан әрі қалыптастырудың жолдары айқын-далды. Әсіресе, билік органдарының өкілетін кеңейту мәселесіне ерекше көңіл бөлінді. Соның ішінде мәслихаттардың әкімдер қызметіне бақылау жасаудағы олардың өкілеттігін арттыру және жергілікті бюджеттердің орындалуына бақылау жасауды күшейту мәселелеріне назар аударылды. Президент демократияны дамытудың маңызды мәселесі деп сайлау және сайлау заңын жетілдіруге тоқталды. Н.Ә. Назарбаев атап көрсеткендей әкімдердің сайлауын өткізудің кезеңдік мемлекеттік бағдарламасы жасалынуда. Дәлірек айтқанда, 2002 жылдан бастап селолық округтік әкімдердің сайлауы өте бастайды.
Одан кейін аудандық және қалалық әкімдердің сайлауы басталады. Реформа жылдарында тұңғыш рет аза маттық қоғамдық институттарды дамыту мәселесі алға қойылып отыр. Қалалық ықшам аудандарда, ауыл, селоларда, қала типтес поселкелерде «Жергілікті өзін-өзі басқару» туралы заңының жаңа нұсқасына сәйкес өзін-өзі басқарудың қоғамдық құрылымдары жасақталатын болады. Бұлар жергілікті мәселелерді шешу
жөнінде үлкен өкілетке ие болмақ. Келешекте саяси жүйені демократияландырып, халықты оған кеңінен қатыстыруды қамтамасыз ету мақсатымен маңызды заң жобаларын үкіметтің қатысуымен Қазақстан халықтары Ассамблеясы сессияларында алдын ала талқылау мәселесі жоспарланып отыр. Мұндай талқылаулар басқа да қоғамдық құрылымдардың форумдарында өтетін болады. Сонымен бірге әр түрлі әлеуметтік және этиикалық топтардың мүдделері ескеріле отырып, оларға өз ұсыныстарын ұсыну құқы беріледі.
«Қазақстан —2030» стратегиясының ең басты басымдығы ұлттық қауіпсіздік болып табылады. Бұл жайдан жай емес, өйткені барлық басқа мәселелерді шешу үшін ең алдымен еліміздің қауіпсіздігін сақтай білу керек. Егер, ұлттық қауіпсіздігіміз, шекарамыздың тұтастығы және мемлекетіміздің егемендігі қамтамасыз етілмесе, онда мемлекеттің және халықтың өмір сүруінің мәні де болмайды. Сондықтан бұл проблемаға Президент өз Жолдауында ерекше мән береді. Қазақстанның өз алдына өмір сүрген он жылы ішінде Орта Азия аймағындағы жағдай күрт нашарлап кетті. Халықаралық терроризм мен экстремизмнің қаупі күшейді, мұның өзі елімізде ұлттық қауіпсіздіктің жаңа механизмін құруды талап етеді. Президент ерекше аймақтық проблема деп Ауғанстандағы жағдайға тоқталды. Бұл аймақ экстремистердің және есірткі мен есірткі бизнесінің шоғырланған жері.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет