Саясаттану пәні бойынша дәрістер Алматы 2019 мазмұНЫ



бет36/41
Дата25.11.2022
өлшемі191,88 Kb.
#52507
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41
Байланысты:
Саясаттану лекциялар

2.Қазіргі кезде әлемдік саясатты жүргізуде қоғамдық-саяси ұйымдар мен қозғалыстардың белсенділігі артып келе жатыр.Бірақ халықаралық қатынастарда негізгі рөлді мемлекет атқарады.Себебі, ол белгілі бір әлеуметтік топтың немесе саяси ұйымның емес, жалпы қоғамның мүддесін қорғайды.Сондықтан оған басқа елдермен сыртқы саясатты жүргізгенде келісім-шарттар жасау, соғыс ашу және т.б.заңды түрде іске асыруға өкілдіктер беріледі.
Мемлекеттердің халықаралық қатынастардағы жағдайы, ондағы орны көптеген себептерге байланысты.Солардың ішінде ең бастысы-мемлекеттер күшінің арақатынасы, арасалмағы.Ғасырлар бойы мемлекеттің күші оның әскери қуатында деп саналады.Сондықтан мемлекеттер жан-жақты қаруланып,көрші елдерді жаулап алуға тырысты.Елдің әскери қуаты қазір де жоғары бағаланады.Дегенмен, соңғы кезде экономикалық артықшылықты, байлықты ұлғайтуды басқа елдердің қазынасын зорлықпен жаулап алу арқылы жасауға болмайтындығы анықталды.Өйткені ондай артта қалған ел болмасын қазір халықтардың сана-сезімі өскен, өз басын біреудің құлдығына бере қоймайды. Оның үстіне қазіргі қару-жарақ негізінен қай елде болмасын бар, ал болмасы, оны қайткен күнде де қолына түсіріп , өз елін қорғау үшін толығымен пайдалануға тырысады.Мұндай жағдайда басқа жерді басып алу, билеп-төстеу өте қымбатқа түседі және қандай бай елді болсын айтарлықтай әлсіретуі мүмкін.Бұған мысал ретінде АҚШ-тың Вьетнамдағы, бұрынғы Кеңестер Одағының Ауғанстандағы соғыстарын келтірсек те жеткілікті.Шын мәнінде,қазіргі таңда мемлекеттің жер көлемі,адам саны,табиға байлықтары, өнеркәсіп және ауыл шаруашылық өндірісінің мөлшері мен сапасы, мемлекет құрылысының сипаты,әлеуметтік-саяси, ғылыми-техникалық,рухани,мәдени даму дәрежесі және т.с.с. кіреді.
3.Мемлекет атты ұйымдасқан ірі де күрделі құрылым үшін аса үлкен стратегиялық маңызы бар аспекттердің бірі сыртқы саясат болса, сыртқы саясаттың көптармақты салаларының маңыздысы ол – геосаясат болып табылады.Елдің геоортада орналасуы тәртібі мен сыртқы қауіп-қатерден қорғана біліп, ұлттық мүддесінің қалыптасуы мен қамсыздандырылуын дұрыс қамту, халықаралық қатынастың өзгеде субъекттілерімен рационалды байланыстарды жолға қою, солайынша ішкі ахуалдардың күллі әлеуетінің барынша икемді дамуына жағдай жасай отырып болашақтағы өркендеу бағытын айқындау мемлекеттік геосаясаттың көп қырларының бірнешеуі ғана.Ал енді геосаясатқа саясаттану ғылымы шеңберіндегі көптеген анықтамалардың тезистерінде дефиниция беретін болсақ, ( геосаясат ілімінің дамуына жол ашқан ғалымдардың алғашқылырының бірі, «геосясат» терминінің авторы Р.Челлен ұсынған анықтама) : Геосаясат дегеніміз –мемлекетті кеңістікте орналасқан географиялық организм ретінде зерттеу туралы ғылым.Мемлекет статикалық емес үнемі динамикалық күйде болады, кез-келген организм секілді өседі, әлсірейді немесе дамиды, ал ол өз кезегінде географиялық тұрғыдан қысқаруды әйтпесе ұлғаюды көрсетеді деген.
Бұдан бөлек неміс ғалымы ׀׀׀- ші Рейхтың басты фигуранттарының бірі болған Р.Гесенің идеологиялық пірі ретінде танылған,Ф.Ратцельдің «өмір кеңістігі» атты еңбегін одан ары да дамыта отырып, неміс халқын «рухтандырып» қана қоймай, «ұлы Аридтік қан тобын» геоорта әсерінен болған деп, ғылыми негізде дәлелдеуге тырысқан Карл Хаусхофердің Мюнхен мектебі манифестінде берген тұжырымы бойынша : «геосаясат дегеніміз-саяси үрдістердің жермен байланысы туралы ілім немесе практикалық саясатты басқаруға қабілетті өнер».
Ал қазіргі ресейлік ғалым А.Дугин былай дейді: «геосаясат дегеніміз- билік жүргізу туралы ілім».Үлкен кеңістіктегі, үнемі қозғалмалықта тұрған мемлекет атты организмнің өзі тектес өзгеде организмдермен салыстырмалы түрде алғандағы бар салаларындағы байланыстарын дұрыс жолға қою ғана емес, геосаяси тұрғыда басқару білу ілімі.
Осы анықтамаларды қорытындылай келе жинақтағанда геосаясат мемлекеттің ұлттық мүддесінің географиялық өлшемде микро көлемде шекаралас елдер, мезо деңгейде жақын-көршілікте орналасқан және бір құрлықтық белдеу елдері және де макро деңгейде әлем елдерінің барлығының ұлттық қызығушылықтарымен дұрыс тоқайласуын ұйымдастыратын, тиімді басқара білу өнерін көздейтін саяси,экономикалық,құқықтық, мәдени т.б. әдіс тәсілдер жүйесі деуге болады.
4.Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін капиталистік және социолистік системалардың арақатынасында «қырғи қабақ соғыс» пен қатал идеологиялық қарама-қарсылық кезеңі басталды.Ол 80-жылдардың ортасына дейін созылды.Бұл кезеңде әскери-саяси басымдылыққа зор сенім артылды.Глобальды мәселелерді бірлесіп шешу туралы көптеген келісімдер идеологиялық сенімге сай бұзыла берді.Бұл кездегі іс-әрекетке «глобальды тұрғыдан ойлап,локальды тұрғыда іс істе» деген принцип басшылыққа алынды.Мұның бәрі әлемдік қоғамдастыққа екіжақты және плнетарлық деңгейде қарым-қатынасты дамытуға айтарлықтай залалын тигізді.Мұндай жағдайда одан әрі өмір сүруге болмайтын.Ол тұңғиыққа тірейтін жол еді.Сондықтан 80-жылдардың ортасынан бастап, жаңаша саяси ойлау кезеңі басталды.Оған көптеген себептер болды.Біріншіден,ядролық-космостық дәуірде мемлекеттер, әсіресе блоктар арасында әскери қақтығыстар болмауы керек.Әскери техниканы дамытып, жанталаса қарулану өзінің шарықтау шегіне жетті.Термоядролық соғыс басталса, барлық адамзаттың, жер бетіндегі тіршіліктің бәрінің құруына әкеліп соқтырады.
Бүгінгі таңда адамдардың өміріне 50мыңнан астам ядролық оқбасы(боеголовкалар) қауіп төндіруде.Олардың жалпы қуаты Хиросимадағы жарылыстың миллионына тең.80жылдардың ортасындағы ядролық қарулардың жарылысының өзі 58 млрд. Адамды немесе жер бетіндегі әрбір тұрғынды 12 рет өлтірерлей күші бар.
Ал әр түрлі елдердің зерттеулеріне қарағанда,үшінші дүниежүзілік соғыс бола қалса,оның салдарында «ядролық қыс» тууы мүмкін.Оған себеп-ядролық қару қолданылған қалалардың үстінде күн өтпейтін қап-қара күйенің пайда болуы.
Қазіргі заманда жеке елдер арасындағы дау-жанжал, аймақтық әскери қақтығымтар дүниежүзілік ядролық соғысқа ұласып кету қаупі бар.Мұндай жағдайда қай мемлекет болмасын өзін тек әскери-техникалық құралдармен қорғап қала алмайды.Оған мысал ретінде 1986 жылы Чернобыль атом станциясындағы жарылысты атасақ та жеткілікті.Сондықтан қауіпсіздік тек бір ұлттық болуы мүмкін емес, ол планетарлық,жалпы әлемдік және ол тек қана саяси жолмен қамтамасыз етілуі керек.
5.Қазақстанның қазіргі сыртқы саясатының негізгі мақсаттары мен принциптеріне мыналар жатады:

  • мемлекеттік мүддені қорғау;

  • елімізде экономикалық реформаларды жалғастыру,демократиялық институттарды күшейту үшін сыртқы жағдайды барынша қамтамасыз ету;

  • әлемдегі барлық елдермен тең құқықты және серіктестік қатынастарды дамыту;

  • ғаламдық және аймақтық интеграциялық процестерге белсене қатысу;

  • халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты тереңдету.

Қазақстан егеменді және тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасты және әлемдік қоғамдастықтың толық құқылы мүшесі,оның ажырағысыз бөлігі болып еніп отыр.Ол өзінің сыртқы саясатында барлық ұлттармен,көршілермен тең дәрежелі достық қатынас орнатпақ.Сонымен қатар, республикамыздың халықаралық деңгейде мүдделі болып отырған көкейкесті мәселелері – қарусыздану және халықаралық қауіпсіздікті нығайту, аймақтық жанжалдарды реттеу және бейбітшілікті қолдау жөніндегі операциялардың тиімділігін арттыту, адам құқықтары, айналадағы ортаны қорғау, дамыту және т.б.Республикамыз дәйекті сыртқы саясат жүргізіп, ішкі әл-ахуалымызды жақсартып, болашақта өркениетті, құқықтық қоғам орнатуына сеніміміз мол.
Қазақстанның сыртқы саясатының негізінде өзінің қауіпсіздігін,егемендегі мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз ететін,мемлекетіміздің дүниежүзілік қауымдастыққа енуіне,республика ішіндегі реформаларды жүзеге асыруға,оның тиімді және өсіңкі экономика,тұрақты демократиялық институттар жасауға,барлық республика халқының құқығы мен бостандықтарын қорғауға қолайлы жағдайлар жасау мүдделері жатыр.Ол өзінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде әскери құралдарды емес,парасатты,салмақты дипломатияға сүйене отырып,саяси құралдардыпайдалануды мақсат етіп отыр.Ол халықаралық байланыстарының негізінде таяу және алыс шетелдердің бәрімен өзара тиімді саяси,әлеуметтік-экономикалық,мәдени қатынастарды орнатуға ұмтылуда.
Сыртқы саясатпен тіікелей байланысты әскери саясат.Бұл саладағы негізгі мақсат- Қазақстан жерінің тұтастығы мен тәуелсіздігін қорғай алатын, соған сай жарақталған, шағын да икемді армияны ұстау.Республика стратегиялық шабуыл қаруын басқа түрлеріне тыйым салуға ьағытталған бастамаларды дұрыс деп табады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет