Саясаттану пәні бойынша дәрістер Алматы 2019 мазмұНЫ



бет33/41
Дата25.11.2022
өлшемі191,88 Kb.
#52507
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   41
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:
1.«Сасяи процес» деп нені айтамыз? Ол қалай жіктеледі?
2.Саяси қызметтің мақсаты неде?


ӘДЕБИЕТТЕР:

  1. Жамбылов Д.А.Саясаттану. Алматы, 2005 ж

  2. Қуандық Е.С. Саясаттану негіздері. Оқу құралы. Астана, 2000 ж.

  3. Общая и прикладная политология. Под ред. Краснова Б.И. М., 1997.

  4. Основы политологии. Курс лекций под ред. Капесова Н.К. //Алматы: “Жеты Жаргы”, 1995.

  5. Политология. Под ред. Т.Т. Мустафина. Алматы, 1994.

  6. Политология. Под ред. Л.А. Байдельдинова Л.А. Алматы, 1995.



Тақырып №12 Саяси сана және саяси мәдениет.
Сабақтың мақсаты:
Қоғамдағы саяи сана мен саяси мәдениетті қалыптастыру жолдарын көрсету
Негізгі мәселелері:

1.Саяси сана, саяси мәдениет ұғымы, қалыптастыру жолдары.


2.Саяси мәдениетті қалыптастырудың субъектілері және факторлары.
3. Қазіргі Қазақ қоғамының саяси мәдениетінің ерекшеліктері.



  1. Саяси сана деп өмірдегі саяси қатынастарды бейнелейтін,оларды түсініп-сезінетін,адамдардың бұл саладағы іс-әрекеттеріне бағыт-бағдар беретін әлеуметтік сезімдер, түсініктер , көзқарастар жиынтығын айтады. Ол мемлекеттің , қоғамның саяси жүйесінің пайда болуымен бірге дүниеге келеді. Әлеуметтік , ұлттық мүдделерді , мемлекет алдындағы мақсатты жүзеге асырумен байланысты болса , қоғамдық сана саяси мағынаға ие болады. Саяси сананың негізгі мәселесі – мемлекеттік билік , оның қызметі. Мұнда топтардың , таптардың , партиялардың экономикалық мүдделері мен мақсаттары , өкімет билігі үшін күресі және оны сақтап қалу міндеттері , бұл жолдағы әрекет , амал , ұмтылыстары өз көріністерін тауып жатады.

Саяси сана әр түрлі қызметтерді атқарады.Олардың ішінде негізгілері мыналар:

    1. Қоғамадық сананың саяси ғылым , саяси теория сияқты құрамдас бөліктері арқылы саяси шындықты бейнелеу;

    2. Тұжырымдамалық түрде субъектінің мақсат – мүдделерін білдіру арқылы оның саясат әлемдегі іс-әрекеттеріне бағдар беру. Бұл қызметті іс жүзінде идеология атқарады.

    3. Саяси психологияның әр түрлі көріністері арқылы көңіл күйді білдіру. Өйткені адамдарды іс-әрекетке итермелейтін психологиялық себептер.

Саяси сана қарапайым саяси сана және теориялық саяси сана, саяси психология және саяси идеология деген деңгейлерден тұрады.
Қарапайым саяси снс қалыптасып жүйеге түспеген, күнделікті саяси өмірден туған әдет-ғұрып , дағды , дәстүрлі нанымдар , т.с.с. жиынтығы. Ол күн сайынғы саяси өмір тәжірибесін байқап , пайымдаудан пайда болады. Саясаттың тереңіне бойламай , себеп – салдарын сараламай , көбіне сыртқы белгілеріне байланысты қорытынды жасайды. Сондықтан ол саяси сананың төменгі сатысына жатады.
Теориялық саяси сана жағдайлардың мән –мағынасын анықтап , оларды айтарлықтай жоғары дәрежеде теориялық тұрғыдан жинақтап бейнелейді. Сондықтан ол тұжырымдамалар мен көзқарастардың жүйесі болып келеді. Теориялық саяси сана қарапайым саяси сананың негізінде пайда болады және олар бір-біріне ықпал етеді. Ол қарапайым саяси сананы өңдеп, мәдени өзгертіп отырады. Теориялық саяси сана қарапайым саяси сана сияқты стихиялық түрде тумайды. Оның арнайы дайындығы жоғары саяси сауаты бар теоретик адамдар ойлап шығарады.
Саяси психологияға саяси өмір жағдайының ортақтығы негізінде адамдар ұжымдарында , әлеуметтік топтар , таптарда , жеке адамдарда туындайтын сезімдердің , көңіл –күйдің, әдет-ғұрыптардың, мінездің ерекше белгілерінің жиынтығы жатады. Ол қарапайым саяси сана сияқты саяси өмірдің тікелей тәжірибесінен туады.Бірақ қарапайым саяси санада өмірді танып білуіне , хабарлылығына көңіл бөлінсе, мұнда сол жағдайларда адамның қатынасуына , өмірді бағалауына басты назар аударылады. Қандай болсын саяси идея адамдардың белгілі бір сезімін тудырып, көңіл –күйіне әсер етпей қоймайды. Мұның бәрі саяси психологяға жатады.Қарапайым саяси санамен саяси психология бір деңгейде. Сондықтан олар бір-біріне әсер етіп, байланысып , жымдасып жатады.
Саяси сананың құрамдас бөлігі және өзегі – саяси идеология, «Идеология» деген ұғым гректің идея – бейне және логос –білім деген сөздерінен шыққан. Ғылыми айналымға , әдебиетке, француз ғалымы А.Дестют де Траси кіргізді. Ол идеологияны идеялар , олардың қалай пайда болатындығы және әрекет ететіндігі жөнінде ғылым деп түсіндірді. Кейін келе бұл сөздің мән-мазмұны өзгерді. Қазір идеология деп адамдардың үлкен әлеуметтік топтарының іс-әрекетіне бағдар беріп , олардың мақсат – мүдделерін білдіретін және қорғайтын идеялар мен көзқарастар жиынтығын айтады.
Саяси мәдениет қазіргі саяси ғылымдағы көп айтылатын күрделі ұғым. Саяси мәдениет ұғымының шыққан және кең қолданымға енген кезені 20ғ. 50-60ж.ж. екені Г.Алмонд пен С.Вербаның «Азаматтық мәдениет» еңбегінен белгілі. Аталған еңбекте саяси мәдениетке авторлар анықтама бере отырып , оның 4 негізін көрсетеді:
1.Саяси мәдениет тұрғындарға тән саяси бағдарлардың бірлігімен ерекешеленеді.
2.Саяси мәдениеттің танымдық , сезімдік және бағалау құрамалары саяси нақтылыққа қатынастағы сенімдерді , саясатқа қатынастағы сезімді , саяси құндылықтарға бой үйретуді қамтиды.
3.Саяси мәдениет бірқатар факторлардың әсерімен құралады: балалық әлеуметтену , білім алу, бұқаралық ақпарат құралдарына ашықтық , өкімет мекемелерімен қатынасу тәжірибесі , әлеуметтік экономикалық мәселелердің нақтылықтың әсері .
4.Саяси мәдениет саяси және өкіметтік құрылымдардың қызмет етуіне әсер етеді, бірақ ол олардың қызметін анықтай алмайды. Саяси мәдениет пен құрылымдар арасындағы себепші тәуелділік олардың қызмет ету саласына сәйкес екі жақты .
2) Саяси білім азаматқа өмір сүріп отырған қоғамдық және саяси құрылыста , мемлекеттегі өз орны мен ролін , құқығы мен міндеттерін дұрыс ұғынуына , жете түсінуіне көмектеседі. Саяси білім беру арқылы адамды күрделі әлеуметтік саяси жағдайда өз орнын таба білуге , басқа адамдардың мүдделері мен құқын құрметтей отырып , өз мүддесін қорғай білуге үйрету.
Поляк саясаттанушысы Е.Вятр : «Саяси мәдениет –азаматтар мен биліктің өзара қатынасын қамтитын қағидалар, құндылықтар және жүріс-тұрыс сферасының бірлігі» , - деп оған мыналарды жатқызады:

  1. саясат туралы білім, фактілермен таныс болу және соған қызығушылық

  2. Саяси құбылыстарды бағалау, биліктің қалай жүргізілу керектігін қамтитын құндылықты пайымдаулар.

  3. Саяси қағидалардың сезімдік түрі , мәселен , отанды сүю, олардың жауларын жек көру

  4. Саяси мәдениет қандай да бір қоғамдағы мойындалған саяси жүріс –тұрыс түрлері мен олардың қалай әрекет ету керектігін анықтайды.

Отандық ғалымдарымыз прфессор Қ.Ү.Биекенов , Г.Ә.Әбдікерова, Ж.А.Шалабаев , М.О.Иманбаевтар саяси мәдениет ұғымына өз зерттеулерінде түрліше анықтама береді.Саяси мәдениет ұғымының мағынасын аша отырып, профессор Л.А.Байделдинов былай тоқталады: «Саяси мәдениет барлық уақытта дамып отырады , өйткені жаңа ұрпақ өткен ұрпақтан келе жатқан саяси мәдениетті меңгеріп , оны өздерінің тәжірибелік іс -әрекетінде қолданады және оған сол уақытқа лайық жаңа мазмұн , жаңа мағына беріп отырады».
М.Ө.Иманбаев өз зерттеуінде : «Саяси мәдениеттің саяси өмірдің даму процесіне әсерінің технологиялық байланысы жасалынып отырған білімнің құндылыққа , одан соң адамдардың саяси жүріс-тұрысының , мақсаты мен бағдарына біртіндеп өтуінен көрінеді » - деп ой түйеді.


3.Бүгінгі таңда еліміздегі білім беру саласындағы реформалар арқылы жастар арасында демократиялық саяси мәдениеттің қалыптасуымен тараалуы жүзеге асады. Республиканың білім жүйесіндегі жүріп жатқан реформалардың бірі – білімді гуманитарландыру , ізгілендіру. Президенттің тікелей нұсқауымен 1994 жылы 25 тамызда Қ Р Президенті жанындағы саясат жөніндегі ұлттық кеңес бекіткен гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы қабылданды. Аталмыш құжатта : «Жоғарғы мектептегі гуманитарландыру қоғам дамуының алғы шарттарын қалыптастыруға , жастарды нарықтық қатынастар жағдайында жұмыс істеуге әсірлеуге , қоғамды болып жатқан өзгерістерді алдын – ала анықтап отыруға тиіс ».
Білім саласын гуманитарлау дегеніміз әрбәр ғылымда адамның ішкі жан дүниесінің , адамгершілік қасиеттерінің , жеке басының дұрыс қалыптасуына бағыттау адам мен қоғам туралы білім берудің адамгершілік жағын дамыту.
Жас азамат ертерек саяси өмірдің қыр – сырын түсіне бастаса және оның адамгершілік принциптеріне сүйенген негіз болса , онда қоғамда жастар арасында белсенді , өркениетті саяси мәдениет жылдамырақ қалыптасары сөзсіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет