«Саясаттану» пәні бойынша дәрістер жинағы


Саяси билік: мәні мен жүзеге асыру механизмдері



бет4/14
Дата06.12.2022
өлшемі109,68 Kb.
#55329
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
«Саясаттану» п ні бойынша д рістер жина ы

4. Саяси билік: мәні мен жүзеге асыру механизмдері


1.Билік ұғымы мен түсінігі. Билік қызметі мен онің жіктелуі.
2.Билік түрлері: саяси және мемлекеттік.
3.Саяси тәртіп. Саяси жүйе. Олардың жіктелуі
4.Демократия түсінігі және оның саяси маңызы
5.Мемлекет оның белгілері туралы
Саясаттануда саяси билік теориясы негізгі орын алады. Ол саясатпен тығыз байланысты. Саясаттың негізгі мәселесі-билік, ал мазмұны-билік үшін күрес және билікті жүргізу. Адамның жан-жануардан ерекшілігі- билік үшін күресуі. (Ибн-Халдун (1332- 1406жж). Билік жөнінде түрлі тұжырымдар: 1.Телеологиялық-белгілі бір мақсатқа, белгілеген нәтижеге, қорытындыға жету мүмкіндігі деп түсіндіреді. 2.Бихевиористік –адамдардың жүріс-тұрысын, өзін-өзі ұстау ерекшеліктерімен түсіндіреді. 3.Инструиенталистік –белгілі құрал жабдықтар арқылы т.б. 4.Конфликтік-дау-жанжал жағдайында игілікті бөлуді реттейтін ерекшеленді. Бұдан билік туралы ғалымдардың біркелкі тұжырымы жоқ екенін түсіндік. Билік адамзат қоғамымен бірге пайда болады және оның даму барысында бола бермек. Ол алдымен қоғамдық өндірісті ұйымдастыру үшін керек. Алғашқы қауымдық қоғамда билік қоғамдық сипатта болды. Ал саяси билік құлдық қоғамда пайда болды. Сондықтан саяси биліктің пайда болуын қазіргі саясаттануда мемлекеттің пайда болуымен байланыстырады. Саяси биліктің биліктің ең басты түріне жатады. Саяси билік бар жерде теңсіздік бар. Оны мынадан байқаймыз: 1.Экономикалық қор: (қоғамдық өндіріс пен тұтынуға керек басқа да материалдық құндылықар, құнарлы, шұрайлы жерлер, пайдалы қазба байлықтары және т,б.) 2.Әлеуметтік әдіс-құралдар-үстемдік етіп отырған билік өзіне қолдау іздейді. 3.Күш жұмсау құралдары- мемлекетті қорғайды, ішкі тәртіпті сақтайды, саяси билікті құлатуға әрекет жасаушыларға мүмкіндік бермейді. 4.Ақпарат құралдары-қоғамдық пікір тудырып, саяси өмірге ықпал ету жағынан оны 4-ші билік деп атайды. 5.Информациялық қор- білім мен ғылыми мағлұматтарды тарату т.б. Биліктің қызметтері: қоғамның саяси жүйесін қалыптастыру, саяси өмірін ұйымдастыру, мемлекеттің істерін басқару, саяси және саяси емес процестерге басшылық жасау. Биліктің субьектісіне жеке адам немесе партиялар, ұйымдастыру т.б. жатады. Демократиялық саяси жүйе ойдағыдай өз ісін атқаруы үшін, әдетте, мемлекеттік билікті заң шығарушы, атқарушы және сот билігі. Олардың өзіндік атқарар қызметі мен әрекеттері бар. Билік екіге бөлінеді. Саяси билік жіне мемлекеттік билік. Саяси билік-таптық, топтық жеке адамның саясатта тұжырымдалған өз еркін жүргізу мүмкіндігін береді. Ал мемлекеттік билік- адамдарға міндетті заңдарды шығару мен ұйымдарды сақтау. Мемлекеттік биліктің заңдылығы оның легитимдігінен білінеді. Легитимдік депхалықтың үстемдік етіп отырған саяси билікті мойындауы, оның заңдылығы мен шешімдерін растауы. Саяси билікте бұлармен бірге оның принциптері болады. Олар: легитимдік принцип, қорғау принципі, ұтымдылық принципі, сыр бермеу принципі. Биліктің түрлері: 1). Басқару түріне қарай монархия және республика болып екіге бөлінеді. Монархия өзі 2-ге: абсолюттік және конституциялық. Олардың өзіндік ерекшеліктері бар. Республика 3-ке бөлінеді. Президенттік, парламенттік және аралас. Мемлекеттік құрылысына қарай мынадай болады.1.Унитарлық, 2.Федерация, 3.Конфедерация. Мемлекеттерді басқару түрі өзіндік құрылысымен ғана емес саяси тәртібі жағынан да ерекшеленеді. Саяси тәртіп деп-саяси билік, қоғамды басқарудың әдіс-тәсілдер жиынтығын, азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерінің демократиялық дәрежесін айтады. Саяси тәртіп екіге бөлінедң. Демократиялық және антидемократиялық. Демократиялық: а).адал, шынайы сайыс арқылы түрде өткізілетін сайлау; ә).үкіметтің сайлау арқылы дүниеге келуі; б). Жеке тұлғалар мен аз ғана адамдардың да құқығын қорғайды. Антидемократиялық: а).тоталитарлық –бақылауға алынған мемлекеттік-саяси құрыым, авторитарлық- күштеуге, жеке адамның билігіне негізделген мемлекеттік-саяси құрылыс. Мемлекет ұғымы кең және тар мағынада қолданады. Мемлекет саяси жүйенің басты элементі, негізгі ұйымы. Арнаулы күштерді пайдалана тоырып, өз аумағындағы азаматтардың мүддесін қорғайды. Алғашқы қауымда болған жоқ. Құл иеленушілік қоғамда пайда болды. Ол туралы мынадай пікірлер бар. 1.Теологиялық –құдайдың күшімен пайда болды. 2.Патриархтық- тайпа-рулардың қауымдастығы арқылы 3.Қоғамдық келісімі- адамдар мен мемлекеттің арасындағы өзара келісім арқылы пайда болды. 4.Зорлық жасау -басып алу арқылы 5.Географиялық –мемлекеттің орналасуы арқылы пайда болды. 6.Психологиялық- бағыну мен құлшылық ету арқылы пайда болды. т.б. Мемлекеттің негізгі белгілері: 1.Аумақтық (территориялық) бөлінуі, 2.Ерекше өкімет аппараты (жариялы билік) 3.Мемлекеттің егемендігі 4.Ашық күш қолдану, зорлықпен еріксіз көндіру. 5.Салық салу. 6.Мемлекет азаматының болуы. Мемлекеттің қызметтері: ішкі және сыртқы. Ішкі қызметтеріне: экономика, салық, несие, экономикалық бағдарламалар, әлеуметтік өмірді ұйымдастыру, заңдылықты қамтамасыз ету, мәдени-тәрбиелік салада мемлкет халыққа білім беру, ғылыммен әдебиет өнерге қамқорлық жасау. Сыртқы қызметтеріне: мемлекет тұтастығы мен қауіпсіздігі, өзін-өзі билеу, басқа елдермен қарым-қатынастары. Мемлекеттің тағы бір маңызды мәселелері: азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет құруы. Алғашқысы ерте кезеңде пайда болды. түрлі пікірлерде бар. Азаматтық қоғам депмемлекеттік құрылымнан тыс қалыптасатын әлеуметтік-экономикалық және мәденирухани қоғамдық қатынастардың жиынтығын айтамыз. Ол жеке тұлғаның емін-еркін дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік жасайды. Азаматтық қоғам экономикасының негізікөп укладты экономика. Сонымен бірге азаматтық құқықтарды жүзеге асырады. Осылайша бұл қоғам мәдени жоғары дамыған шақта құқықтық мемлекетке айналады. Құқықтық мемлекет деп-демократиялық жолмен қабылданған заң үстемдік ететін, оның алдында бәрі де тең саналатын, жеке адамның құқығы жан-жақты қамтамасыз етілетін мемлекеттік құрылысты айтамыз. Құқықтық мемлекет- жоғары өкіметтің қаулы-қараларымен кіргізілмейді. Ол үшін мемлекет жан-жақты дамып, пісіп жетілуі керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет