коғамда билік қоғамдық сипатта болды. Ол кезде билікті қауым бастығын
сайлайтын ру-ру мен тайпалардың барлық мүшелері бірігіп іске асыратын.
Әлеуметтік бөлшектену өрістеп, мемлекеттің пайда болуына байланысты ру
басшыларының адамгершілік беделі төмендеп, оның орнына ақсүйектер
билігінің беделі ұлғайды. Биліктің аппараты дүниеге келді, адамдарды еркінен
тыс, ыктиярсыз еркіне көндірген мекемелер пайда болды. Олар мемлекет
ретінде қоғамнан дараланып, оқшауланып, оның үстінен қарайтын органға
айналды. Құлдық қоғамда саясат, саяси билік пайда болды. Сондықтан саяси
биліктің пайда болуын қазіргі саясаттануда мемлекеттің пайда болуымен
байланыстырады.
Әдетте, "билік" деген сөз әр түрлі мағынада қолданылады. Оны ықпал ету
бағытына, объектісіне байланысты былай етіп бөледі: ата-аналар билігі,
мемлекеттік, экономикалық, саяси, әлеуметтік, құқықтық, әскери, рухани
билік және т.т. Бірақ биліктің толық мағынасы мемлекеттік-саяси салада ғана
айқындалады. Сондықтан саяси билік биліктің ең басты түріне жатады.
Биліктің басқа түрлерімен салыстарғанда саяси биліктің мынадай
ерекшеліктері бар: оның өктемдік сипаты (ол басқа биліктерден жоғары
тұрады, оның шешімдерін қалғандары орындайды), оның бүкіл қоғамның
атынан билік жүргізуі, басқарумен кәсіби айналысатын адамдардың ерекше
тобының болуы, оның көпшілік адамдардың мүддесін козғауы, басқа
мекемелерге қарағанда билік органдарының тәуелсіздігі, қоғам өмірінің
жұмыс тәртібін белгілеуде жеке-дара құқығы, мемлекет шеңберінде ашық күш
қолдана алуы және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: