Заң шығарушы билік (парламент) заң шығарумен, оны бекіту, өзгерту немесе
жоюмен айналысады. Ол заң
қабылдайды, салық салуды анықтайды, үкіметті
тағайындайды,
бюджетті бекітеді, соғыс ашып және әскермен қамтамасыз
етеді, сауданы реттейді, сотты ұйымдастырады
халықаралық келісім
шарттарды қабылдайды, саясаттың маңызды ішкі және сыртқы бағытын
анықтайды. Конституция атынан оның жұмысына арнайы органдар бақылау
жасайды.
Атқарушы билікке үкімет пен әкімшілік жатады.
Оларды заң шығарушы
өкілдік органдар қалыптастырады. Атқарушы билік заң шығарушы биліктің
бақылауында болып, олардың алдында есеп береді. Оның жұмысы заңға
негізделіп, заң шеңберінде іс істеуі керек.
Сырттай қарағанда ол заң
шығарушы билікке тәуелді. Бірақ іс жүзінде ол саяси жүйенің маңызды
бөлігіне айналған және қоғамдық өмірде зор рөл атқарады. Үкімет саяси
шешімдер қабылдайды, ал әкімшілік ол шешімдерді жүзеге асырады.
Сот билігі адамдардың құқығын қорғайды, заң бұзушылықтан сақтайды,
парламент не президент қабылдаған заңдардың, конституциялы жарғылардың
сәйкестігін
анықтайды.
Оны
халық
немесе
өкілетті
мекемелер
қалыптастырады. Ол заң шығарушы немесе атқарушы билікке тәуелсіз. Өз
жұмысында тек заңды ғана басшылыққа алады. Егер жоғарғы
сот мемлекеттік
органның немесе қызмет адамының шешімін конституцияға қарсы десе, ол
шешім толығымен күшін жояды. Соттың маңызды принциптеріне
жариялылық, айыпкердің өзін қорғауға және сот үкімін
бұздыру туралы
шағым арыз беруге құқығы жатады.
Достарыңызбен бөлісу: