өзгеше. Бақытсыз және опасыз қалада тұрғындар сезім мен қиялға негізделген
әрекетке сүйенетін
рахатты жоғары бағалайды, ал қайырымды қалада басқару
заң күшіне, игі тәжірибеге негізделеді. Әл-Фараби шындықты сүю, игіліктілік,
мінез парасаттылығы сияқты адамгершілік қасиеттерді атап көрсетеді. Бұдан
Әл-Фараби Платонның философ-билеуші идеясын қолдайды деп ойлаймын.
Яғни ғалымдарды қоғамның жүрегі деп санайды. Ұлы ойшыл бабамыз Әл-
Фарабидің бай мұрасы қазақ халқының және Шығыс халықтарының саяси
санасын
жетілдіріп, сан ғасырлар бойы ғылымның, оның ішінде саяси
білімдердің дамуына игі әсерін тигізді.
Есімі орта ғасырлардан біздің заманымызға жеткен аты әлемге әцгілі ақын,
философ, қоғам қайраткері –
Жүсіп Баласағұн. Жүсіп Хас Хаджиб (1021 –
1077) Шу алқабындағы Баласағұн қаласының тұрғыны болған. Ақынның
«Құтадғу білік» («Құтты білім») атты
поэмасы арқылы ол туралы
мағлұматтарды ала аламыз, бұл поэма – ортағасырлық қазақ даласындағы
әртүрлі тарихи, саяси және қоғамдық мәселелер туралы мол мағлұмат, құнды
деректер беретін шығарма. Ерекшелігі – ол кездегі ресми тіл араб тілі болса
да, өз ана тілі – түрік тілінде жазылғандығында. Бұл ұзақ уақыт толастамаған
қырғын соғыстар кезеңі болса да, түркі тайпаларынан кейінгі қазақ ұлтына
этникалық негіз болған қыпшақтар бірлестігі
қалыптаса бастаған маңызды
кезең. Ойшыл саяси мәселелерге де айрықша көңіл бөлген. Мысалы, сол
кездегі қарахандықтардың жеке өлке билеушілері өзара билікке таласып,
бастары қосылмағандығын негізге ала отырып, мемлекетті орталықтандыру
және басқару, қоғамда әділ заңдардың, еркіндік
пен бостандықтың болуын
қалайтындығын өз шығармасымен жеткізе білді . «Құтадғу білік» - саяси ғана
емес, халықтың
салт-санасы, өмірдің мән-мағынасы, адам тағдыры, оның
қоғамдағы рөлі, халықтың мінез-құлқы, салт-санасы, әдет-ғұрпы жөніндегі
көзқарастар жинақталған құнды шығарма.
Еліміздің тарихындағы елеулі мәдени-тарихи ескерткіш – Түркістан
қаласынан шыққан сопы ақын
Қожа Ахмет Яссауидың (1166 жылы қайтыс
болды) «Диуани хикмет» («Ақыл кітабы») тты өлеңдер жинағы. Қыпшақ
диалектісінде жазылған Яссауидің бұл өлеңдері өз кезінде сахарадағы
көшпенділер арасына кеңінен тараған. Ислам дінін халыққа таратушы
Арыстан Бабаның баласы Ахмет Яссауиге
мұсылмандықты белсенді
насихаттағаны, халық алдындағы зор беделі, кіршіксіз сенімі үшін түрік
мұсылмандары оны пайғамбарға теңеген. Ахмет Яссауи ақын ретінде өзінің
өлеңдерінде ислам дінінің тағылымдарын тарату арқылы түрік халықтары
арасында саяси-әлеуметтік ынтымақтастығының күшеюіне зор үлесін қосты.
Ислам дінінің түрік халықтарын біріктірудегі ролін түсінген Шыңғыс хан
қазақ даласындағы дін қызметкерлері қожаларды ақсүйек тобына жатқызған
болатын. Ал Әмір Темірдің Қожа Ахмет Яссауиге арналған кесене тұрғызуы
оның тек ақын,
ғұлама ғана емес, белгілі мемлекет қайраткері болғанын
білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: