Саясаттану пәні бойынша дифференциалды сынақ сұрақтары. 2021-2022 оқу жылы Саяси ғылымның пайда болуы және қалыптасуы


-фашистік режимдер болып жіктеледі.  26



Pdf көрінісі
бет31/45
Дата03.05.2023
өлшемі0,82 Mb.
#89356
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   45
Байланысты:
Саясаттану сессия

 
-фашистік режимдер болып жіктеледі. 
26. 
Авторитарлық саяси режим және оның формалары
 
Авторитаризм - (гр. 'autoritas' - билік, ықпал ету) - саяси тәртіп түрі. 
Авторитарлылық - біржақты билеу, басқарушылардың бағынушыларға 
жүргізетін үстемдігі. Түрлері: абсолютті монархия, диктатура, теократиялық 
және посттоталитарлық тәртіптер. 
Әртүрлі саяси мәселелерді шешу тәсілдері (реформалар, қоғамды қайта құру), 
сондай-ақ төңкерістер мен соғыстар авторитаризмге әкеліп соқтыруы мүмкін. 
Тоталитарлы тәртіптен елеулі түрде ерекшеленеді: оларда шектеулер едәуір 
дәрежеде аз және жеке адамның еркіндіктері мен құқықтары емес, саяси
еркіндіктер мен құқықтар шектеледі; тәртіп саяси партиялар мен 
идеологияға сүйенбей, әскер күші мен дәстүрлі діндерді арқа тұтады; қоғамға 
жаңа құндылықтар жүйесін құрып, енгізуге талпынбайды; азаматтық қоғам 
құруды мақсат етпейді.
[1]
 
Ал экономикалық (жекеменшік түрлерінің көптігі, еркін нарық, кәсіпкерліктің 
қолдау табуы және т.б.), саяси (кәбіне партиялық одақ немесе қозғалысқа 
сүйенеді), әлеуметтік (бір-біріне жау таптарды, жіктерді жоюды көздемейді), 
идеологиялық (дәстүрліден басқа да құндылықтар жүйесінің шектеулі және 
жасырын өмір сүруіне жол береді) салаларда билігі едәуір шектеулі. 
Дәстүрлер - авторитаризм билігінің негізгі шектеушісі. Дегенмен, оның 
тоталитаризммен ортақ белгілері де бар: мемлекеттік биліктің мирасқорлық 
жайы заңдастырылмайды; азаматтардың демократиялық құқықтары мен 
бостандықтары шектеледі; оппозициядағы партиялар мен қозғалыстардың 
біразына немесе барлығына тыйым салынады; мемлекеттік органдарға 
сайлану шектеледі және парламентті екінші дәрежелі, арзан қол органға 
айналдырады; басқарушы партия мемлекеттік органмен ұласып, тұтасып 
кетеді;жергілікті өзін-өзі басқару және билік органдарының өкілеттілігі
шектеулі 
әрі 
іс-әрекеті 
ресми 
түрде 
болады; оппозициялық бағыттағы баспасөзге қатаң тыйым салынады; 
қарсыластарымен күресте лаңкестік әдісті пайдаланады. Басқаруда 
мемлекеттік билікті қатаң орталықтандырып, әміршіл әдісті қолданады.
[2]
 
Барлық мемлекеттік билікті бір адамның немесе адамдар тобының қолына 
шоғырландыру арқылы, саяси бостандықтарды барынша жоғары немесе аз 
деңгейде шектеуді білдіретін саяси режим түрінің бірі.
[3][4]
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет