Саясаттану пәні бойынша дифференциалды сынақ сұрақтары. 2021-2022 оқу жылы Саяси ғылымның пайда болуы және қалыптасуы



Pdf көрінісі
бет27/45
Дата03.05.2023
өлшемі0,82 Mb.
#89356
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   45
Байланысты:
Саясаттану сессия

психологиялық теория адамдарға бағыну мен құлшылық ету қажеттігі мәңгі 
бақи 
тән 
болған 
дегенді 
айтады. 
марксистік теория мемлекеттің пайда болуын жеке меншік пен таптардың 
шығуымен 
байланыстырады. 
Сонымен мемлекет дөп белгілі аумақ шеңберінде адамдардың әлеуметтік 
топтар, таптар мен бірлестіктердің қатынастары мен қызметтерін 
ұйымдастыратын, бағалайтын қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементін 
айтамыз. Мемлекеттің бірнеше белгілері бар: аумақтық (территориялық) 
бөліну; 
ерекше 
өкімет 
аппараты; 
мемлекеттің егемендігі; ашық күш қолдану, зорлықпен еріксіз көндіру; салық 
салу; мемлекеттің міндетті түрде мүшесі, азаматы болуы. Мемлекеттің 
ішкі және сыртқы міндетті қызметтері болады. Мемлекеттің ең басты міндеті 
- қоғамның тұрақтылығын орнатып, қалыпты тіршілігіне жағдай жасау. Ол әр 
түрлі топтарға, жіктеуге бөлінген қоғамның бірлігін қамтамасыз етуге тиіс. 
22. Мемлекеттің белгілері мен қызметтері. 
Мемлекет — белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін 
дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді 
атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси 
билік ұйымы. Егемендікке ие және қоғамды басқаруды арнайы механизмдер 
(аппарат) арқылы жүзеге асыратын қоғамдағы саяси билікті ұйымдастырудың 
ерекше түрі, саяси жүйенің орталық институты. 
Мемлекеттің белгілері: 
• Мемлекеттің орталық және жергілікті билік органдары жүйесі болады, 
оған заңды, атқарушы және сот органдары, әскер, полиция жатады; 
• Мемлекеттің тұрғындары әкімшілік-аумақтық бірлестіктерге (облыс, 
аудан, ауыл, т.с.с.) бөлінеді (ол бірліктер әр елде түрліше аталады); 
• Мемлекеттің шекарасы анық белгіленген аумағы болады; 
• Мемлекеттің әскерді, полицияны, сотты, басқа мемлекеттік мекемелерде 
қызмет істейтін шенеуніктерді ұстау үшін салық жинайды; 


 
• Мемлекет заңдар және басқа нормативтік-құқықтық актілер шығарады, 
солардың көмегімен қоғамда тәртіп орнатады. 
Мемлекет мынадай қызметтерді атқарады: шаруашылық жүргізу (меншік) 
мәселелерін реттеу (бөлу), жер бөлу, алым-салық жүйесін белгілеу, 
адамдардың құқықтық жағдайын белгілеу, қорғанысты қамтамасыз ету, тағы 
басқа мемлекет саяси ұйымдардың ішіндегі ерекше күрделісі және қуаттысы 
бола отырып, бүкіл қоғамды қамтып, сол қоғам атынан оның ішінде де, 
сыртында да өкілдік етіп, сол қоғам үшін қызмет ететін саяси ұйым. Осыған 
орай мемлекеттің қоғам өміріне тікелей және жанама әсер ететін ерекше 
органдары және оны басқа саяси ұйымдардан ажырататын белгілері бар: 
1) өз аумағында бүкіл қоғамның жалғыз ресми өкілі ретінде халықты 
азаматтық тұрғыда біріктіреді; 
2) жоғарғы билік, тәуелсіздік мемлекетте ғана болады. Ол басқа 
мемлекеттерден тәуелсіз, яғни сол қоғамның ең жоғарғы билігін өз қолында 
ұстап, ішкі және сыртқы саясатын өз қалауымен жүзеге асырады; 
3) заң күші мен құқық нормаларын шығару, құқық шығарма мемлекетке ғана 
тән; 
4) билеуші органдарының 
болуы. Оның органдарында тек қана басқару ісімен 
шұғылданатын арнайы қызметкерлері болады. Қоғам тәртібін сақтау үшін 
мемлекет әскері мен жасағы құрылады. Сыртқы күштердің ықпалынан 
қорғану үшін оларға қарсы барлау ұйымдастырылады; 
5) мемлекет органдары мен онда қызмет ететін адамдарды қаржыландыратын 
арнаулы материалдық қор болады, ондай қор жасау үшін алым-салық 
белгілейді және жинайды; 
6) өз тұрағы, аумағы бар. Сол аумақта билігі жүреді, өмір сүреді және оны 
қорғау мақсатында тынымсыз әрекет жасайды. Басқаруды тиімді жүзеге асыру 
үшін аумақты әкімшіліктерге бөледі. 
7) құқықтық жүйенің қалыптасуы. Басқарылатын қоғамдық қатынастарды 
реттеп, оларды қажетті қалыпқа салып, тәртіп орнату үшін құқықтық 
нормалар жасалынады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет