Саясаттану пәні бойынша дифференциалды сынақ сұрақтары. 2021-2022 оқу жылы Саяси ғылымның пайда болуы және қалыптасуы



Pdf көрінісі
бет28/45
Дата03.05.2023
өлшемі0,82 Mb.
#89356
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   45
Байланысты:
Саясаттану сессия

Конституциясы
Қазақстан халқы егеменді мемлекеттің ұлттық өркендеу процесінің негізін 90-
жылдары қалай бастады. Біздің ата-қонысымыз мыңдаған жылдар бойына 
талай басқыншылықты басынан кешті. Қаншама көне қалалар, мәдени 
орталықтар қирады, кітаптар өртеліп, жазықсыз жандар кұрбан болып, 
өлшеусіз қан төгілді. Бірақ қандай қырғын болса да алтын бесік ата-баба
23.Егеменді 
мемлекет 
Қазақстан 
Республикасының 


 
жері, атамекен дәл бүгінгідей ойрандалған емес. Жер ананың аялы алақанында 
аман қалған әрбір от басынан рулы ел тарап, халық қашан да еңсесін 
көтеріп, ел болып дамып кете беретін. Халқымыздың ата-қоныс қара орманға 
деген ұрпақтық сүйіспеншілігінің түп-тамыры да дәл осында жатыр. 
Сондықтан да ата-бабамыз осындай ұлан-ғайыр жерді ақ найзаның ұшымен, 
ақ білектің күшімен қорғап, ұрпақтан-ұрпаққа мұра еткен. Өкінішке орай, осы 
бір тарихи жалғастық Қазақстанды да өз уысында ұстаған тоталитарлық 
мемлекет кезінде үзіліп қалды. 70 жыл ішінде жүргізілген аяусыз зұлмат тек 
қазақ халқын сан жағынан ғана селдіретіп, өз отанында азшылыққа ұшыратып 
қойған жоқ, ол өмір сүретін табиғи ортаны да ойрандады, халық санасын 
уландырды, оның тарихында мыңдаған жылдар бойына мәңгілік болып 
саналып 
келген 
талай 
табиғи 
байлық 
ондаған 
жылдардың
ішінде-ақ 
сарқылып 
келмеске 
кетті. 
КСРО өзінің 70 жылдық тарихында ұлттардың, этникалық топтардың, аз 
халықтардың теңдігі мен құқы жөнінде жар салудан жалыққан емес, ал іс 
жүзінде халықаралық міндеттерді сақтау былай тұрсын, тіпті, конституциялық 
заң ережелері де орындалмады. Шынайы демократия болмағандықтан да заң 
әрқашан қағаз жүзінде қалып отырды. Тек егеменді Қазақстан Республикасы 
жағдайында ғана құқықтық мемлекет құрудың шынайы мүмкіндігі туып отыр. 
Біздің жас мемлекетіміздің Конституциясында міне осы қадам тәуелсіз 
Қазақстанның демократиялық дамуының кепілі ретінде жүзеге асырылады.
1. 
Қазақстанда 
құқықтық 
мемлекет 
құру 
жолы 
Құқықтық мемлекет құру мен қоғамды демократияландыру – қайшылықты, 
ұзақ та күрделі процесс. Бұл біздің жас мемлекетіміздің аяғынан қаз тұру 
жолынан да жақсы байқалады. Тоталитарлық жүйеден демократиялық қоғам 
өміріне өту қажеттілігі айқын болған күннен бастап-ақ Қазақстан 
тұрғындарының алдында ең алдымен Қазақстан мемлекетінің егемендігі мен 
тәуелсіздігін 
қорғау 
міндеті 
тұрады. 
Бұл орайда демократияны дамыту – меншік қатынастарын реформалау мен 
нарықтық экономикаға өту экономиканы тығырықтан алып шығудың, ұлттық 
мемлекеттің қалыптасуына қолайлы жағдай туғызудың толассыз жолы. Саяси 
саладағы басты мақсат – жас егеменді мемлекетті қуатты президентті 
республика етіп қалыптастыру. Біздің мемлекетімізде барлық азаматтардың 
теңдігі барлығының заң алдындағы бірдей жауапкершілігі, кімнің қай ұлтқа 
жататындығына қарамастан, бірдей екендігі әуелден-ақ нақты көрсетілген. 
Әрине, кейбір жағдайда жергілікті ұлт – қазақтардың мүддесі ерекше 
ескеріледі. Мұндай жағдайға ұлттық мәдениетті, тілді өркендету, қазақ 
диаспорасының рухани-мәдени және басқа да байланыстарын қалпына келтіру, 
олардың өз Отанына қайтып оралуына қолайлы жағдайлар туғызу жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет