3. Саясаттанудың негізгі парадигмалары. Парадигма, (үлгі деген сөз) – зерттелетін мәселені шешу үшін үлгі ретінде
алынған
теория;
теориялық
көз-қарастардың,
методологиялық
принциптердің, әдістемелік қабылдаудың және эмпиризмдік нәтижелердің
бірігу жүйесі; ғылымның белгілі бір даму кезеңінде ғылыми қауымдастықпен
қабылданған және болжамдарды ғылыми ұғыну үшін, ғылыми таным
процесінде туатын міндеттерді шешу үшін үлгі, модель, стандарт ретінде
пайдаланылатын теориялық және әдістемелік ережелер жиСаясаттануда
Саясаттануда парадигма деп– саяси өмірді бейнелеуде білімді
ұйымдастырудың сынын білдіретін, әлеуметтік құбылыстардың бір тобын
теориялық пайымдау үлгісі деп мойындаған негізгі тұғырнама желісін айтады.
«Парадигма» ұғымын 20 жж. ғылыми айналымға енгізген американ философы
және қоғам тарихын зерттушісі Томас Кун.Ол сондай-ақ, белгілі ғылыми
дәстүр шеңберінде кейбір зерттеушілік практика шеше алатындай жеткілікті
мөлшерден шеттелмеген проблемалар да болуы тиіс.
Саясаттанудағы негізгі парадигмалар Теологиялық парадигма (тео - құдай, логос - ілім) саясатты, билікті құдайдың
құдыретімен түсіндіреді, яғни адамға саясат әлемін, саяси қатынастарды
түсіндіретін діни пайымдарды Құдай берген деп қабылданады. Теологиялық
парадигманың дамуының бастапқы кезеңінде мифология көрнекті орын алды,
өйткені мифтер көптеген халықтардың өмірінде әртүрлі дәрежеде өз
заманының саяси проблемаларының көрінісі ретінде қызмет етті. Бұл
парадигма саясаттану ғылымының алғашқы дами бастаған кезеңінде пайда
болды.
Натуралистік парадигмасаясатты әлеуметтік сипаты жоқ табиғи
себептермен, атап айтқанда , географиялық ортамен, биологиялық және
психофизиологиялық ерекшеліктерімен түсіндіреді. Натуралистік парадигма
мемлекет пен биліктің шығу тегінің табиғилығын, олардың пайда болуы мен
қызмет етуінің табиғи қажеттілігін негізге алады.