2. Саясаттану пәні, ұғымдары, әдіс-тәсілдері мен қызметтері. Саясаттану пәні қоғамның саяси саласын, оның даму заңдылықтарын,
қазіргі саяси өмірді ұйымдастыруды, басқаруды, оның құрылысы мен жұмыс
істеуін зерттейді. Ол адамзаттың демократиялық, қоғамдағы қүқығы, еркіндігі
мен міндеттері, жеке адамның саяси-құқықтық жағдайы, оның саяси өмірге
қатынасу тәсілдері, саяси өзгерістердің түрлері, саяси мәдениетті
қалыптастырудың мазмұны мен жолдары, қазіргі замандағы сан түрлі саяси
идеялық көзқарасгар, жаңаша саяси ойлаудын мәні, казіргі дүниежүзілік
дамудың козғаушы күштері туралы түсінік береді. Ол бұрынғы және қазіргі
саяси жүйелерді, адамның санасындағы, көзқарасындағы, мақсат- мүддесіндегі
және мінез-құлық, іс-әрекетіндегі саяси өзгерістерді қарастырады. Ол, бір
жағынан, жиналған деректерді қорытады, екінші жағынан, құбылыстардың
өзара ұқсастығы бойынша болашаққа болжам жасайды.
Саясаттануды зерттейтін ғалымдардың көпшілігі (үшінші топ) бұл ғылымды
саясат туралы жалпы, оның барлық көріністерін қамтып, тәртіпке келтіретін,
жинақтап біріктіретін ғылым деп санайды. Бұл пікірді Біріккен Үлттар
Ұйымының Білім беру, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы
(ЮНЕСКО) басшылығымен 1948 жылы Парижде өткен саясаттанушылардың
Халықаралық коллоквиумы да мақұлдады. Оған қатынасқан дүние жүзінің
белгілі ғалымдары саясаттану пәні мына бөлімдерден тұрғанын жөн деп
тапты:
І) саяси теориялар (олардың пайда болуы, дамуы және қазіргі кездегі қызметі);
2) саяси институттар (конституциялар, аймақтық және жергілікті басқару;
көпшілік әкімшілігі, саяси институттарды салыстырып зерттеу);
3) партиялар мен қоғамдық ұйымдар;
4) қоғамдық пікір;
5) халықаралық саясат (халықаралық ұйымдар мен халықаралық құқық).
Саясаттану саяси құбылыстар мен өзгерістердің мән-мағынасын түсініп-білу
үшін бірталай әдістерді пайдаланады.