Саясаттану пәні бойынша емтихандық сұрақтары мен жауаптары



бет7/7
Дата10.11.2022
өлшемі51,1 Kb.
#49063
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Политология

Сыртқы саясатқа жеке мемлекеттердің дүниежүзілік дәрежеде жүргізген іс-әрекеттері жатады. Халықаралық саясатқа мемлекетік не таптық мүдделерді жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттер, жеке адамдар және т.б., арасындағы саяси қатынастар кіреді. Оны тағы әлемдік саясат деп те атайды. Халықаралық қатынастар деп халықтар, мемлекеттер, мемлекеттік жүйелер арасындағы дүниежүзілік деңгейде жүргізілген саяси, экономиканың, құқықтық, дипломатиялық, әскери, мәдени байланыстар және оларды іске асырушы әлеуметтік, экономикалық, саяси күштер мен ұйымдардың өзара қатынастардың жиынтығын айтады.



  1. Халықаралық қатнастардағы мемлекеттің ролі.

Халықаралық қатнастарда негізгі рөлді мемлекет атқарады. Ceбeбi ол белгілі бip ғана әлеуметтік топтың, немесе саяси ұйымның ғана емес, жалпы қоғамның мүддесін қорғайды. Сондықтан оған баска елдермен сыртқы саясатты жүргізгенде келісім - шарттар жасау; халықаралық ұйымдарға кіру не одан шығу, соғыс ашу не ашпау және т. б. осындай міндеттерді занды түрде іске асыруға өклеттіктер беріледі. Мемелекеттердің сыртқы саясаттарының және олардың халықаралық қатынастарының деңгейлері, бағыт- бағдарлары және жағдайлары көптеген себептерге байланысты. Ғалымдардың айтуынша соңғы кезде сыртқы саясат елдің ішкі саясатына көбірек әсерін тигізіп жүр.



  1. Глобализациялық концепциялар туралы.

Алғашқы глобализациялық концепцияларда тек жаратылысты-табиғи және ғылыми-техникалық факторларға мән қойылып саяси, әлеуметтік және идеологиялық факторлар ескерілмеді. Глобальды даму мәселелерін алғаш зерттеушілерден кейінгі ғылыми ізденістер нәтижесінде глобальдық даму концепциялары әлеуметтік-саяси және гуманистік-антропологиялық мәселелерге бұрылды. Мұндай бетбұрыс 1970-і жылдары анық байқалды. Бүгінгі кезде глобализациялық концепциялар эволюциасының ең маңызды бағыты – адам мәселесі мен оның болашағы туралы бағыт қалыптасты. Қазіргі замандық концепциялардың дамуына әлемдік мәселелерді зерттеу үшін құрылған үкметтік емес ұйымдардың, сондай-ақ түрлі қоғамдық-саяси қозғалыстар мен жеке тұлғалардың үлестері де ерекше. Осылардың ішінде, 1968 жылы өзінің пайда болған жерімен байланысты аталып кетке «Рим клубы» ерекше орын алады. Себебі әлемдік динамиканың алғашқы моделінің пайда болуы дәл осы клубтың белсенді инициативасымен байланысты.



  1. Глобализация деген не?

В.М.Межуев глобализация – «Әлемдік қоғамдастықты құрушы ұлттық мемлекеттер мен аймақтардың, өзара тәуелділігінің өсуі, олардың барлығына ортақ экономикалық, саяси және мәдени жүріс – тұрыс тәртіптері мен ережелерінің біртіндеп бір жүйеге бірігуі» деп анықтама береді. Кейбір жағдайларда глобализация әлемдік унификациялану процесі ретінде, немесе вестернизация, американизация, жаңа отаршылдық ретінде қарастырылып жүр. Себебі глобализация туралы теориялық зерттеулердің басым көпшілігін ағылшындық, скандинавиалық және американдық ғалымдар жасаған. Ал американизациалау деген шын мәнінде глобализацияны американдық ұлттық мәдениет элементтерімен толықтырылуды білдіреді.



  1. Қазіргі замандық жаһандық мәселелер.

Қазіргі заманның жалпы келелі мәселелері - бұл әлемдегі ең шиеленіскен келелі мәселелердің жиынтығы. Олардың ерекшелігі – бұл проблемалардың әрқайсысы комплексті және жалпыға бірдей сипатта болуында. Жаһандық мәселелердің бастыларына мыналар жатады:
Соғыс пен бейбітшілік мәселелері, халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
Экологиялық мәселелер;
Азық – түлікпен қамтамасыз ету мәселелері;
Демографиялық мәселелер;
Экономикалық дамудың тұрақсыздығы мен кедейшілік мәселелері;
Халықаралық қылмыс және терроризм мәселелері;

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет