Саясаттану пәні бойынша емтихандық сұрақтары мен жауаптары



бет2/7
Дата10.11.2022
өлшемі51,1 Kb.
#49063
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Политология

Ішкі саясат мемлекеттің, қоғамдық саяси ұйымның, саяси басшылықтың қоғам ішіндегі саяси әрекетінің процесінің негізі. Ішкі саясаттың негізгі бағыты билік қатынастарын қалыптастыру, билік жүргізу, биліктің қолданыстарын ұйымдастыру, біріктіру, жетілдіру болып табылады. Ішкі саясат – мемлекеттің ішкі функцияларын реттеп отырады. Сыртқы саясат – мемлекеттің жалпы саяси жүйесін халықаралық дәрежеде ең алдымен өз мүддесін қорғау үшін жүргізген жұмысы, басқа елдермен, ұлттармен қарым-қатынас орнату. Жалпы алғанда дамыған ішкі саясат, дамыған сыртқы саясатты қамтиды және бірі-бірінсіз болмайды.

  1. Саясаттану және оның пәні.

Саясаттану – Политология» термині грек тілінен алғанда «polis» және «Logos» деген екі сөзінен құрастырылған, оның мағынасы мемлекет туралы ғылым дегенді білдіреді. Ол саяси биліктің қалыптасуы мен даму заңдылықтарын, оның жұмыс істеуінің түрлері мен әдіс-тәсілдерін зерттейді. Саяси билік пен қоғамның саяси жүйесі – саясаттанудың негізгі зерттеу объектісі мен пәніне жатады. Жалпы айтқанда оның объектісі саясат әлемі, ал пәні саяси биліктің мәні. Осылар арқылы қоғамның саяси өмірін анықтауға болады. Сондықтан саясаттану қоғам өмірінің өте қажетті қызмет саласы туралы білімді, түсінікті қалыптастырады.

  1. Саяси ғылымның жеке білім саласы болуы.

Саяси ғылым қазіргі кездегі өзінін мәнін ХІХ ғ. екінші жартысында иеленді, ол сол кезде жеке білім саласы ретінде бөлініп шықты. 1857 жылы Колумбия университетінде Америка тарихында алғаш саяси ғылымдар кафедрасы ашылды. Осыдан кейін Йельск университеті, ал 1889 жылы АҚШ-ғы бірінші саяси ғылымдар академиясы ашылды. Бұл оқу орындары алғашқы ғылыми орталықтар болды. Лондон университетінде ХІХ ғ аяғында Лондонның экономика және саясат ғылымдарының мектебі ашылды. Батыста саясаттану ІІ дүниежүзілік соғыстан кейін дами бастады. Бұған көбіне 1948 ж Парижде ЮНЕСКО басшылығымен өткен саяси ғылымның сұрақтары жөніндегі халықаралық коллоквиум себеп болды.

  1. Саясаттанудың дербес ғылым ретіндегі өзіндік ерекшеліктері.

Саясаттану қоғамның саяси саласын, оның даму заңдылықтарын қазіргі саяси өмірді ұйымдастыруды, басқаруды, оның құрылысы мен жұмыс істеуін зерттейді. Ол адамзаттың демократиялық қоғамдағы құқығы, еркіндігі мен міндеттерін, жеке адамның саяси – құқықтық жағдайын, оның саяси өмірге қатынасу тәселдерін, саяси өзгерістердің тұрлерін, саяси мәлениетті қалыптастырудың мазмұны мен жолдарын, қазіргі замандағы сан түрлі саяси идеялық көзқарастарды, жаңаша саяси ойлаудың мәнін қарастырады. Саяси билік пен оның мәнін, саяси жүйе мен саяси режимді, билік жүргізу, көсемдік пен демократия, биліктің шексіз феномені сияқты, күштеу мен зорлық, авторитарлық модель түріндегі билік пен құқықтық құндылықтар және т.б. осындай мәселелерді қарастырады. Сондай ақ қазіргі дүниежүзілік дамудың қозғаушы күштері туралы түсінік береді. Ол бұрынғы және қазіргі жүйелерді, адамның санасындағы, көзқарасындағы, мақсат-мүддесіндегі және мінез-құлық, іс-әрекеттіндегі саяси өзгерістерді де қарастырады.

  1. Саясаттануды ғылым ретіндегі қызметтері.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет