Қазақ халқының дүниетанымындағы ең маңызды орын алатыны – фольклор. Ол қазақ халқының барлық мәдени-әлеуметтік мәселелерін қамтиды. Бұл туралы Ш. Уәлиханов «Қазақтың ауыз әдебиетінде халық өміріндегі маңызды оқиғалардың бірде-біреуі қалыс қалмаған» деп атап көрсетеді. Қазақ фольклоры әртүрлі жанрларды құрайды, олар: мақал-мәтелдер, ертегілер, жырлар, дастандар, т.б. Қазақтың мақал-мәтелдерін тарихи-әлеуметтік, саяси-құқықтық мол тәжірбиені, адамдардың қоғамдағы бір-біріне қатынасын, діни, наным сенімге, билікке көзқарасын таңқаларлық тапқырлыкпен, шешендікпен, нақтылықпен сүреттейді.
Ауыз әдебиетінің өзіндік ерекшеліктерімен белгілі жанры – ертегілер. Ертегілер тек ғана қиял немесе аңыздар емес, онда адам өмірінің нақты салалары сөз болып, оларға талдау жасалып, өзіндік баға беріледі. Мысалы: «Тазша бала» немесе «Алдаркөсе» ертегілерінде қазақ қауымындағы мүлік теңсіздігі, таптық қатынастар, әлеуметтік әділеттік мәселелері қызғылықты әдеби бейнелер арқылы берілген. XV-XVIII ғасырлардағы қазақ өмірін, қоғам тарихын көркем бейнелеудің ерекше түрі ақын-жырау поэзиясы болды. Ән мен өлеңнен құралатын жыраулық өнердің шығуының өзіндік мәдени, саяси-әлеуметтік себептері бар.
Саяси ғылымның объектісі және оның зерттеу тәсілдері.
Дәстүрлі түсінік бойынша саясат дегеніміз, ең алдымен, мемлекеттік және қоғамдық істер, адамдар, әлеуметтік топтар, халықтар мен мен мемлекеттер арасындағы айқын көрінетін және өкімет билігі жөніндегі қатынастармен байланысты қызмет саласын білдіреді. Әлеуметтік сирек ұштасатын құбылыс ретінде оған саяси институттар мен ұйымдардың қызмет атқаруы, саяси нормалар мен дәстүрлері, адамдардың басқару қызметі, олардың әлеуметтік-саяси мүшелері мен қажеттері, саяси идеялары мен көзқарастары жатады.
Саясат — өкімет билігі мен қоғамды басқару тұрғысындағы таптар мен әлеуметтік топтар арасындағы қатынастардың, қызметтің, тәртіптің, бағдарлардың және комуникациялық байланыстардың сан алуан әлемі ретінде түсіндірілетін әмбебап қоғамдық сирек ұшырасатын құбылыс.