Саясаттану пәні I тарау


Қазақ даласындағы саяси пікірлердің қалыптасуы



бет3/6
Дата14.10.2023
өлшемі1,84 Mb.
#114455
1   2   3   4   5   6

Қазақ даласындағы саяси пікірлердің қалыптасуы.

Есімі орта ғасырлардан біздің заманымызға жеткен ақын, философ, қоғам қайраткері – Жүсіп Баласағұн. Жүсіп Хас Хаджиб (1021 – 1077) Шу алқабындағы Баласағұн қаласының тұрғыны болған. Ақынның «Құтадғу білік» («Құтты білім») атты поэмасы – ортағасырлық қазақ даласындағы әртүрлі тарихи, саяси және қоғамдық мәселелер туралы мол мағлұмат, құнды деректер беретін шығармаОйшыл саяси мәселелерге де айрықша көңіл бөлген. Мысалы, мемлекетті орталықтандыру және басқару, қоғамда әділ заңдардың, еркіндік пенбостандықтың болуын қалайды. «Құтадғу білік» - халықтың салт-санасы, өмірдің мән-мағынасы, адам тағдыры, әдет-ғұрпы жөніндегі көзқарастар жинақталған құнды шығарма.

ХІ ғасырда өмір сүрген, сол кездегі қазақ мәдениетіне және саяси тарихына белгілі мөлшерде үлес қосушы ақын, ойшылдардың ішінен Махмуд Қашғаридің есімін ерекше атауға болады. Ол алғашқы білімді Қашқар қаласында алады, содан кейін Бұхар қаласында өзінің білімін жетілдіреді. М.Қашғари – түркі халқының фольклоршысы, Ж.Баласағұн сияқты ол да түркі тілін дамыту арқылы орталықтандырылған мемлекет орнату мәселесін алға қояды. М.Қашғари түркілер мекендеген жерлерді, түркі тілдес тайпаларды көп аралап, түрік тіліндегі ән, аңыз, жұмбақтар мен түрік әдет-ғұрыптарын көп жылдар бойы зерттеп, 1074 жылы өзінің «Диуани лұғат – ат – түрік» («Түрік тілдер сөздігі») атты негізгі еңбегін кең көлемді жинақ ретінде шығарады.

Қазақ даласындағы саяси пікірлердің қалыптасуы.

Келесі елеулі мәдени-тарихи ескерткіш – Түркістан қаласынан шыққан сопы ақын Қожа Ахмет Яссауидың (1166 жылы қайтыс болды) «Диуани хикмет» («Ақыл кітабы») атты өлеңдер жинағы. Қыпшақ диалектісінде жазылған Яссауидің бұл өлеңдері өз кезінде сахарадағы көшпенділер арасына кеңінен тарады. Ислам дінін халыққа таратушы Арыстан Бабаның баласы Ахмет Яссауиге мұсылмандықты белсенді насихаттағаны, халық алдындағы зор беделі, кіршіксіз сенімі үшін түрік мұсылмандары оны пайғамбарға теңеген.


Ахмет Яссауи ақын ретінде өзінің өлеңдерінде ислам дінінің тағылымдарын тарату арқылы түрік халықтары арасында саяси-әлеуметтік ынтымақтастығының күшеюіне зор үлесін қосты.Ислам дінінің түрік халықтарын біріктірудегі ролін түсінген Шыңғыс хан қазақ даласындағы дін қызметкерлері қожаларды ақсүйек тобына жатқызған болатын. Ал Әмір Темірдің Қожа Ахмет Яссауиге арналған кесене тұрғызуы оның тек ақын, ғұлама ғана емес, белгілі мемлекет қайраткері болғанын білдіреді


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет