Саясаттану пәнінен шағын жоба және БӨЖ тапсырмаларын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулық 022-2023 о/ж, семестр Семестрдің барысында: 6,8,11,14 апталарда топтар жобаны тапсыруы тиіс. Шағын жоба тақырыптары



бет2/3
Дата14.03.2023
өлшемі24,43 Kb.
#74215
1   2   3
Байланысты:
2022-2023 Саясаттану Эссе, мақала, презент Әдістемелік нұсқау

Алынған нәтижені бағалау:
- жобаның мақсаты мен міндеттерін тұжырымдаудың нақтылығы мен айқындығы, олардың тақырыпқа сәйкестігі; дереккөздерді таңдаудың негізділігі;
- тақырыпты (мәселені) ашу және оның шешімдерінің тереңдігі, толықтығы, негізділігі;
- қорытынды мазмұнының жобада мәлімделген мақсаттар мен міндеттерге сәйкестігі; практикалық маңыздылығы.
Жобаны қорғау барысында презентация дайындалуы тиіс. Презентацияның ресімделуі: барлық слайдтар саны 8-10 болуы тиіс (7-10 минуттық қорғау); титулдық (1-бет), жоспары (2-бет) көрсетілген және пайдаланылған әдебиеттер тізімі (ең соңғы бет), слайдтарды безендірудің, шрифтінің бір түрін қолданылуы.
Көрнекілігі: иллюстрациялары сапалы, бейнесі анық, мәтіні оңай оқылуы (әр слайдтағы сөйлемдер санының 1-5 аралығында болуы); ақпараттың көрнекілік құралдарының (кесте, схема, сурет, диаграмма т.б.) қолданылуы.
Мазмұны: презентация зерттеудің негізгі кезеңдерін көрсетеді (мәселе, мақсат, гипотеза, жұмыс барысы, қорытындылар, ресурстар); жұмыс тақырыбы бойынша толық, түсінікті ақпаратты қамтиды; орфографиялық және пунктуациялық сауаттылығы болады.
Жобаны қорғау:
- баяндаманың берілген тақырыпқа сәйкестігі, сөз сөйлеушінің материал мазмұнын, терминологияны еркін меңгеруі, анық және сауатты баяндауы;
- сөз сөйлеушінің аудиторияның сұрақтары мен ескертулеріне еркін және дұрыс жауап беруі;
- сөз сөйлеу мәдениеті (еркін сөйлеу, парақтан оқу, материалды баяндау стилі және т.б.), есептелген регламент шеңберіне дәл сияды (7-10 минут).


Эссе жұмысын дайындаудың әдістемелік нұсқаулары.
Эссе дегеніміз (фр. тіл. essai -тәжірбие, лат.т. exagium – құрау) – философиялық, әдеби, тарихи, публицистикалық, әлеуметтанулық, саяси және тағы басқа саладағы ғылыми емес, автордың жеке көзқарасын білдіретін прозалық мәтін. Эссе тақырыбы эссенің мақсатын, эссенің өн бойында не сұралып отырғандығын, қандай мәселені қозғайтындығын көрсетеді. Объективті эссенің негізгі мақсаты – белгілі бір ғылыми тақырып бойынша автордың көзқарасын ашу, таныту.
Эссенің титулды беті болуы тиіс. Жұмыс Times New Roman, 12 не 14 шрифтімен жазылады. Титулды бет 14 шрифтімен жазылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет