Саясаттану пәнінен шағын жоба және БӨЖ тапсырмаларын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулық 022-2023 о/ж, семестр Семестрдің барысында: 6,8,11,14 апталарда топтар жобаны тапсыруы тиіс. Шағын жоба тақырыптары



бет3/3
Дата14.03.2023
өлшемі24,43 Kb.
#74215
1   2   3
Байланысты:
2022-2023 Саясаттану Эссе, мақала, презент Әдістемелік нұсқау

Эссенің құрылымы:
1. Кіріспе. Тақырыптың негізгі мәні мен негіздемесі тезис (қысқаша) түрінде көрсетіледі; Кіріспені жазу барысында аталған тақырыпқа анықтама беру, «Мен алған тақырып неліктен маңызды?», «Менің тұжырымдауымда қандай түсініктер қолданылуы мүмкін?», «Мен тақырыпты кішкене тақырыпшаларға бөле аламын ба?», т.б. сұрақтарға жауап іздеген жөн.
2. Негізгі бөлімде тақырып ашылуы тиіс. Тақырыптың теориялық негізі мен сұрақтың мазмұнын жазу қажет. Бұнда эссенің негізгі мазмұны жазылады және ол біраз қиындық тудырады. Сондықтан негізгі бөлімді шағын тақырыпшаларға бөлуге болады. Әр тақырыпшаларды аргументті түрде тұжырымдау негізгі сұраққа жауап беруге көмектеседі. Берілген тақырыптағы аргументтер мен талдаулар, позицияларды көрсету арқылы негізгі бөлімді толық жазуға мүмкіндік туады. Қойылған сұраққа байланысты талдау жүргізу үшін мынадай категориялар негізінде жазу керек: Себеп-салдар, жалпы-айрықша, форма-мазмұн, бөлік-тұтас, тұрақты-өзгермелі. Тақырыпшаларды тиімді пайдалану тақырыпты ашудағы логикалық ойын байқауға көмектеседі.
Тақырыпқа сәйкес бар біліміңізбен: теория, фактілер, идея, ақпараттар, статистикалық мәліметтер, паралелдеу, аналогия, ассоцация, теңеу, сұрақтар қою, т.б. қолданып, дәлелдейсіз (аргумент келтіру), қарастырылған мәселенің пайда болу себептерін көрсету қажет. Мысалы, 1. Ой, түсіндіру, аргумент, мысал (факт) байланыстырушы сөйлемдер.
3. Қорытынды (түйін). Жалпылау мен аргументтеріңіздің логикалық қорытындысы, дәлелдемелер бойынша түйін шығару, мәселені шешу жолдарын көрсету. «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні». Қорытынды бөлімінде қолданылатын әдістер: қайталау, иллюстрация, цитата, әсер беретін тұжырым.
Эссенің көлемі: 350 (ең көп дегенде 400) сөз. Кіріспе: 90 сөз, негізгі бөлім 200 сөз, қорытынды – 60 сөз.
ЭССЕ жазу барысында қатаң сақталынуы тиіс ТАЛАПТАР: 1) Жеке көзқарастың көрінісі; 2) Фактілі дәлелдер (аргументтер); 3) Теориялық негіздеме; 4) Терминдерді қолдану; 5) Цитаталарды келтіру; 6) Әртүрлі көзқарастарды мысалға алу; 7) Логикалық заңдылықтың сақталынуы; 8) Салыстыру және қорытындылау әдістерін қолдану; 9) Сауаттылық (пункт., орфогр.); 10) Қолданылған ғылыми еңбектерге сілтеме жасау.
Эссе жазу барысында жиі кездесетін қателіктер: 1) Проблема ашылмайды; 2) Автордың жеке позициясы көрінбейді; 3) Теориялық негіздемесі жоқ; 4) Терминдерді орынсыз, сауатсыз қолдану; 5) Тым қарапайым өмірдің мысалдары көп; 6) Ауызекі сөздер, диалект, сленг, жаргон сөздер; 7) Келтірілген мысалдар автор позициясына қайшы; 8) Қорытындылау, түйін шығару деген жоқ; 9) Логиканың болмауы.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет