Саясаттану саясат туралы, саясаттың адам және қоғам арасындағы қарым-қатынасы туралы ғылым. Азаматтық қоғам



бет7/7
Дата18.11.2023
өлшемі28,53 Kb.
#124572
1   2   3   4   5   6   7
Саяси көшбасшы - партияның, саяси ұйымның немесе қозғалыстың басшысы. Оған халықтың немесе белгілі бір әлеуметтік топтың мүддесін толық сезініп, қорғай білетін, бойына саяси қайраткерлерге лайықты қасиеттерді жия білген адам жатады.
87. Саяси жүйе-құндылықтарды бөлуге бағытталған саяси қатынастар субьектілерінің өзара әрекеті.
88. Саяси қатынастар-топтардың этикалық бірлестіктердің ,тұлғалар мен қоғамның, азаматтар мен мемлекеттің арасындағы қатынастар
89. Саяси партия -мемлекеттік билікті қолға алуға немесе билік жүргізуге қатысуға бағытталған,ортақ мүдде, бір идеология негізінде құралған адамдардың ерікті одағын айтады.
90. Социал демократиялық партия- олар қазіргі капиталистік қоғамды еңбекші халықтың мүддесіне сай ұдайы реформалап өзгертіп ортырады.
91. Саяси институттар -құрылысы жағынан ұйымдасқан, бір орталыққа бағынатын, ерекше өкілділіктерге ие, атқарушы ақпараты бар саяси мекеме.
92.Субмәдениет- қоғамда үстемдік ететін мәдени бағыттан айтарлықтай ерекшелінетін саяси бағдар.
93.Субъективтік- табиғат пен қоғамның оюъективтік даму заңдылықтарын теріске шығаруға тырысатын көзқарас.
94.Теологиялық теория-Мемлекеттің пайда болуын Құдаймен түсіндіреді.
95.Тоталитарлық партия- Саяси жүйенің басты элементтерін бағындыруға тырысады.
96. Танымдық қызмет - Қоғам мен саясаттың , дамуын айқындайтын заңдалықтар мен принциптерді танып-білуге, саяси сатыда табысты жұмыс істеуге керекті біліммен қаруландырады.
97.Саяси жүйе— бұл мемлекеттік партиялық қоғамдық ұйымдардың жиынтығы: құқық тұтасымен саяси қатынастар, шаруашылық субъектілерден тұрады.
98.Фашистік партия - Олар жеке мүддеден мемлекетік мүдденің басым болғаның қарайды, адамның достандықтарын шектеуді қалайды.
99. Ұлт- тіл, тарих, қандастық, мәдениет, мінез секілді ортақтықтар негізінде қалыптасқан адамдар қауымдастығы.
100.Элита - саясатта, экономикада, рухани өмірде өздерінің білімділігімен, іскерлігімен, асқан шеберлігімен көзге түскен, ерекше жағдайға ие болған адамдар тобы.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет