Саясаттану саясат туралы, саясаттың адам және қоғам арасындағы қарым-қатынасы туралы ғылым. Азаматтық қоғам



бет1/7
Дата18.11.2023
өлшемі28,53 Kb.
#124572
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
100 ТЕРМИН


1. Саясаттану - саясат туралы, саясаттың адам және қоғам арасындағы қарым-қатынасы туралы ғылым.
2. Азаматтық қоғам – жеке тұлғаның емін-еркін дамуын қамтамсыз ететін қоғамның күйі.
3. Ассамблея – халықаралық ұйым мүшелерінің жалпы жиналысы. Мысалы, БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы.
4. Астыртын партиялар – заң бойынша тыйым саланып, жұмысын астыртын, жасырын жүргізген партиялар.
5. Атқарушы билік – биліктің тармақталуы негізінде істейтін мемлекеттік басқару орындарының жүйесі. Оған үкімет пен әкімшілік жатады..
6. Әлеуметтік саясат – қоғамның ең жақсы дамуын қамтамсыз етуге, әлеуметтік мүдделер мен қажеттіліктерді қанағаттандыруға лайықты өмір салтын орнатуға бағытталған саяси шешімдер мен іс-әрекеттер жиынтығы.
7. Әмбебап партиялар – мүше санын емес, сайлаушылар санын көбейтуге тырысқан партиялар. Сондықтан оларды сайлаушылар партиясы деп те атайды.
8. Бихевиоризм -жеке адамдар мен топтардың іс-әрекеттерін талдауға негізделген әдістемелік бағыт.
9. Бейсаясаттық – азаматтардың, халықтың бір бөлігінің саясатқа, саяси өмірге самарқау, парықсыз, теріс көзқарасы, қатынасы.
10. Билеуші партиялар – қолдарына мемлекеттік билік тиген, қоғам дамуыны ң басты бағыттары мен сипатын айқындауға мүмкіндік алған партиялар.
11. Билік – 1)адамдардың іс-әрекетіне, қызметіне, тағдырына белгілі бір адамдардың (бедел, жігер, құқық, зорлық) көмегімен әсер ету мүмкіншілігі;
2)адамдарға саяси билік жүргізу;
3)мемлекеттік органдардың жүйесі;
4)мемлекеттік жәнеәкімшілік өкілеттілігі бар адамдары, органдары.
12. Биліктің тармақталуы – демократиялық саяси жүйе ойдағыдай өз ісін атқару үшін және биліктің, субъектілеріне қарай мемлекеттік билікті заң шығарушы, атқарушы, сот билігі етіп үш тармаққа бөлу.
13. Билік субьектісі-басқаларға ықпал етіп және алдына қойған мақсатқа жету қабілетіне иелерді айтады.
14. Билік обьектісі-өзінің мінезін билік мазмұныңа яғни билік субьектісінің оған қоятын талаптарына сәйкестендірушілерді айтады.
15.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет